Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2008 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 311-ө бұйрығымен бекітілген
Еңбек нормаларды тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Осы еңбек нормаларды тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) өндірістің үлгісі және еңбекті ұйымдастыру нысанына байланысты еңбек нормаларының әр түрін тексеру, оларды аттестаттау және ауыстыру мәселелері қарастырылады.
Әдістемелік ұсынымдар салааралық сипатта болады және қажет болғанда экономиканың жекелеген салаларында осы жұмыстарды жүргізудің ерекшеліктерін есепке ала отырып тиісті салалық ұсынымдарды әзірлеу үшін негіз ретінде қызмет етуі мүмкін.
Ұйым қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
Кіріспе
Техниканың, технологияның, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды дамытудың заманауи деңгейіне тиісті еңбекті нормалау өндірістік қуатты оңтайлы пайдалану, еңбек әлеуеті мен еңбек өнімділігін өсіру резервтері сияқты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Еңбекті нормалаудың прогрессивті деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда нормаларды тексеру, оларды аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жоспарлы және жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
Осы әдістемелік ұсынымдарда жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі жұмыстың (бұдан әрі – жұмыс орындарын аттестаттау) құрамдас бөлігі болып табылатын қолданыстағы еңбек нормаларын тексеру және аттестаттау, оларды қайта қарау және кейіннен ауыстыру жөніндегі жұмыстардың мазмұны баяндалады.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – жұмыс орындарында жоспарлы аттестаттауды жүргізу процесінде де, ұйымдардағы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа шарттарын енгізуге дайындық кезеңінде де аталған жұмыстарды орындаудың жалпы әдістемелік тәсілдерін әзірлеу.
1. Жалпы ережелер
1.1. Еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру ұйымдарда жүргізілетін еңбекті нормалауды жетілдіру жөніндегі жоспарлы жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жұмысқа:
еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтерді қолдану тәжірибесін зерттеу, нормаларды, еңбекті жоспарлауда оларды пайдалану салаларын кеңейту жөнінде іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
салааралық және салалық нормативтерде қамтылмаған жұмыстарға еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеу;
нормаларды жаппай тексеру, кейіннен ауыстырылатын ескірген және қате нормаларды нәтижелері бойынша анықтау, техникалық негізделген тәжірибелік-статистикалық нормаларды ауыстыру;
мерзімді жұмысшылар, мамандар және қызметшілерге арналған нормаланған тапсырмаларды енгізу негізінде еңбекті нормалау саласын кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру кіреді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалану, еңбекақы мөлшері мен оның нәтижелері арасындағы тығызырақ өзара байланысты қамтамасыз ету.
1. 2. Еңбек нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеру және аттестаттау жұмыс орындарын аттестаттау процесінде жүзеге асырылады. Аттестация жүргізілмеген жағдайда нормаларды тексеру кемінде үш жылда екі рет жүргізіледі.
Еңбекақы төлеудің жаңа шарттарын енгізуге дайындық барысында нормаларды тексеру жұмыс орындарын жоспарлы немесе кезектен тыс аттестаттау процесінде жүргізіледі. Сонымен бірге талдауға қолданыстағы нормалардың барлығы жатады.
1.3. Еңбек нормаларын қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмыс прогрессивтік еңбек нормаларды, нормаланған тапсырмаларды кеңінен қолдану негізінде еңбекті нормалау деңгейін елеулі түрде арттыруға және сол төмендету есебінен (жұмыс) өнімінің еңбек сыйымдылығын төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған болуға тиіс.
Осы жұмысты жүргізу кезінде формалды тәсілге, тарифтік мөлшерлеме пайызының жоғарылауына сәйкес уақыт (өніндіру) нормаларын механикалық қайта есептеуге жол берілмейді.
2. Қолданыстағы еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру
2.1. Еңбекті нормалау жағдайын талдау:
ұйымның бөлімшелері бойынша еңбекті нормалау жағдайын талдауды;
қолданыстағы нормаларды, оларды аттестаттауды, қайта қарау және ауыстыруды тексеруді көздейді.
2.2. Ұйымның (учаске, бөлім) бөлімшелері бойынша еңбекті нормалау жағдайын талдау:
қолданыстағы еңбек нормалардың (деңгейі және оларды орындаудың даму қозғалысы) шиеленісін;
еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтерді (осы нормативтерге есептелген еңбек нормалардың салыстырмалы салмағы) пайдалану дәрежесін;
еңбекті нормалау саласын кеңейту мүмкіндіктерін (нормаланған тапсырмалар бойынша жұмыс істейтін мерзімді жұмысшылардың, мамандардың және қызметшілердің салыстырмалы салмағын арттыру) және нормаларды қайта қарау және ауыстыру есебінен өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуді зерттеуді болжайды.
Сонымен қатар бөлімшілерде жұмыс уақытын пайдалану тексеріледі.
Талдау еңбекті нормалау бойынша бастапқы есеп материалдары (журналдар, есеп ведомостері, берілген тапсырмалар) негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар салааралық және салалық нормативтері жоқ (немесе бар, бірақ төмен сапалы) жұмыстар анықталады. Еңбек жөніндегі қолданыстағы нормативтерді қайта қарауды талап ететін жұмыс түрлері, не жаңаларын әзірлеу айқындалады.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері жөнінде бөлімшелер (учаскелер, бөлімдер) бойынша еңбекті нормалау жағдайына баға беріледі және қолданыстағы еңбек нормаларды қайта қарау, техникалық негізделген нормалар мен нормаланған тапсырмаларды енгізу, сондай-ақ шығындардың өнімсіздігі және жұмыс уақытының шығынын қысқарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру негізінде санын босату жөнінде тапсырмаларды бекіту, өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
Талдау нәтижелері бойынша еңбек нормативтерін жаңарту жоспары әзірленеді және жаңа тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық жалақыларды енгізуде еңбек нормалары белгіленетін нормативтердің тізбесі жасалады.
2.3. Еңбек нормаларын тексеру жөніндегі жұмысты жүргізу кезектілігі:
техникалық-нормалаушы құжаттама негізінде қолданыстағы еңбек нормалардың құрамының сапасын (техникалық негізделген немесе тәжірибелік-статистикалық болып табылады ма) талдау;
жұмыс орнында жұмыстың орындалуының ұйымдық-техникалық шарттарын және еңбек нормада көзделген шарттарды салыстыру; ауытқулар мен олардың себептерін айқындау;
нақты еңбек шығындарымен қолданыстағы еңбек нормаларды салыстыру;
талдау нәтижелері бойынша еңбек нормаларды аттестаттауды жүргізу.
2.3.1. Қолданыстағы еңбек нормалардың құрамының сапасын талдау кезінде алдымен техникалық негізделгендермен ауыстырылуға тиісті тәжірибелік-статистикалық еңбек нормалар анықталады. Егер ауыстыру мүмкін болмаса (игеру кезеңіне белгіленген уақытша еңбек нормалардың болуы, ұйымдық-техникалық жағдайлар тұрақсыз және осы жұмыстарға еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтер болмаған кезде), қолданыстағы еңбек норманың сапасы осы ұсынымдарда көрсетілген тәртіпте тексеріледі.
2.3.2. Техникалық негізделген норманы тексеру барысында тексеру есептерін (егер норма салааралық, салалық және одан да басқа прогрессивті нормативтер негізінде белгіленген болса), қажет болғанда – хронрометражды немесе фотохронометражды байқаулар (егер еңбекті норма талдау-зерттеу әдісімен белгіленген болса) жүргізу керек. Тексеру есептері нормативтік материалдардың дұрыс қолдануын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Егер тексеруде салааралық және салалық нормативтерге олардың шиеленісін төмендететін түзету коэффициенттері қолданылатындығы белгілі болса, бұл коэффициенттерді қолданудың негізділігін бекіту керек болады (коэффициенттерді қолдану заңнамада көзделген бе, салааралық немесе салалық нормативтерге түзету коэффициенттерін белгілі бір мерзімге енгізуге жоғары тұрған ұйымның рұқсаты бар ма, бұл коэффициенттердің қолданыс мерзімі сақталады ма). Негізделмеген коэффициенттердің күші жойылуға тиіс.
2.3.3. Еңбек нормаларын тексеру кезінде жұмыс уақыты шығынын зерттеу бойынша берілген жұмыс орындарын аттестаттау материалдары (жұмыс күнінің хронометражы, фотографиялары), техникалық-нормалаушы құжаттама (технологиялық карталар, еңбекті ұйымдастыру карталары, қолданыстағы нормалар мен бағалаулардың ведомостілері), бастапқы есеп мәліметтері (жұмыс уақыты нормаларының орындалуын есептеу журналдары, жазбалар) қолданылады.
2.4. Жобаланған ұйымдық-техникалық шарттардың нақты шарттарға сәйкестігі жұмыс орындарын аттестаттау барысында еңбек нормаларын тексеру кезінде белгіленеді. Бұл бағалау мынадай: технологиялық, ұйымдық, еңбек жағдайлары және қауіпсіздік техникасы сияқты үш деңгей бойынша жүзеге асырылады. Талдаудың нәтижелері бойынша қолданыстағы еңбек нормалар аттестатталады.
2.5. Техникалық деңгей бойынша жұмыс орнын бағалау кезінде салааралық, салалық және одан да басқа прогрессивті нормативтерде көзделген режимді жабдықтардың жұмыс режимдерін салыстыру жолымен нормативтік негізгі (машиналық) уақыттың көлемін дұрыс белгілеу айқындалады. Егер жабдық жұмысының режимі нормативтік материалдармен емес, зауыттың технологиялық құжаттамасымен реттелетін болса, тексеру кезінде осы құжаттамада көзделген технологиялық режимдердің сақталу дәрежесі талданады. Негізгі уақыттың көлеміне өзгерістер енгізудің тиімділігі туралы мәселе ауытқу себептеріне байланысты шешіледі. Мәселен, егер жабдық жұмысы режимінің нормасында көзделген өзгерістер өнімнің (жұмыстың) сапасына зиян келтіретін әзірлеуді арттыру мақсатында бекітілген орындаушы тарапынан технологиядан қасақана ауытқумен байланысты болса, режимді және тиісінше негізгі уақыттың көлемін түзету үшін негіздеме болып табылмайды. Аталған жағдайда технологиялық тәртіптің сақталуын бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдануға тиіс.
Тексеру барысында берілген технологиялық қызмет еңбек нормаларының қолданылу мерзімінде жабдық жұмысының режиміне өзгерістер енгізілгені, бірақ осыған байланысты еңбек нормаларды түзету жүргізілмегендігі белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда еңбек нормаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана аттестатталуы мүмкін. 1-қосымшада аталған себеп бойынша бригадаға арналған қолданыстағы еңбек норманы қайта есептеу үлгісі келтірілген.
2.6. Уақыт нормасының басқа құрамдас бөліктерін (қосымша уақыт, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, даярлау-қорытынды, демалыс нормасы) тексеру жұмыс орындарын ұйымдастыру деңгейін оларды аттестаттау уақытында бағалау кезінде жүргізіледі. Сонымен бірге жұмыс орнында еңбекті ұйымдастырудың нақты жағдайларының жобаға сәйкестігі айқындалады.
2.7. Уақыттың құрамдас бөлігі нормаларын талдау нормативтік материалдардың (ірілендіру дәрежесі бойынша) нормаларын белгілеу кезінде қолданылатын өндірістің үлгісі мен түріне байланысты жүзеге асырылады.
Еңбек нормалардың дәлдігіне жоғарырақ талап қойылатын жаппай және ірі сериялық өндірістерде еңбек тәсілдері мен әдістерін зерттеу негізінде уақыт және еңбек процесінің шығынына егжей-тегжейлі талдау, ал орта сериялы өндіріс жағдайында – тәсілдер кешені бойынша талдау жүргізілуге тиіс.
2.8. Нақты жұмыс орындарында шығарылатын бұйымдардың алуан түрлі номенклатурасы және өңдеуде жатқан бөлшектердің (тораптар) қысқа мерзімділігі сипатына ие ұсақ сериялы, жекелеген және тәжірибелік өндірістер жағдайында солардың негізінде белгіленген қолданыстағы нормалар да, нормативтік материалдар да тексерілуге тиіс. Сонымен қатар басты көңіл еңбек жөніндегі нормативтердің сапасын талдауға бөлінуге тиіс.
Жұмыс ескірген еңбек нормалар бойынша орындалатын жұмыс орындары аттестатталған деп танылуы мүмкін емес.
Мұндай жағдайда қолданыстағы нормативтік материалдар және олар бойынша белгіленген еңбек нормаларға қайта қарау жүргізіледі, сондай-ақ тиісті нормативтік материалдардан ауытқулары бар еңбек нормаларды есептеу жүргізіледі.
2.9. Жұмысшы (қызметші) немесе бригада өз бастамасы бойынша еңбектің озық тәжірибелі жаңа әдістерін қолдануы, өз күштерімен жұмыс орындарын жетілдіруі, өз кәсіптік шеберлігін арттыру және жұмыс орындарын (нормаларды тексеру) аттестаттау аралығы кезеңінде осы негізде әзірлеудің жоғары деңгейіне жетуі жұмыс берушінің шешімі бойынша еңбек нормаларды қайта қарауға негіздеме болып табылмайды.
Осыған байланысты жұмыс орындарын аттестаттау процесінде нақты еңбек нормаларының сапасын бағалау да аттестация қолданылатын барлық жұмыс орындарында (немесе 50%-дан астам) оны пайдалануды талдаудан кейін жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ жұмыс орындары бойынша еңбек шығындарының орташа көрсеткіштерін де бағаланады – жұмыс бірліктерін орындауға арналған жұмыс уақытының шығыны, уақыт бірлігіндегі өнімдерді даярлау және т.б. (2-қосымша).
2.10. Бригадалар үшін бекітілген еңбек нормаларын тексеру кезінде операциялық және кешендік еңбек нормалардың сапасына талдау жүргізу қажет. Сонымен бірге ұйым әкімшілігінің бастамасы бойынша операциялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру есебінен бригадалар құру нәтижесінде туындаған еңбекті ұйымдастыруда өзгерістердің нормаларында көріну дәрежесіне баса көңіл бөлінуге тиіс.
Өндіріс ұйымдарын жетілдіруге, еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысанын дамытуға бағытталған іс-шараларға:
орындаушыларды оңтайлы орналастыруды, олардың өзара іс-қимылы және өзара ауыстырмалығымен қамтамасыз ету мақсатында ұжымдық еңбекті жобалау;
жұмыстардың орындалу технологиясын жетілдіру; жабдықты жөндеу және жөндеу аралық қызмет көрсету сапасын арттыру есебінен жұмыс уақыты шығынын қысқарту;
материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту және басқа да іс-шаралар; бригадаларды ірілендіру; даярлау-аяқтау жұмыстары және жұмыс орындары мен жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыс бригадалары шеңберінде орталықтандыру; «жүру барысында» ауысымды тапсыруды қамтамасыз ететін алмастыратын бригадаларды құру; көпстанокты қызмет көрсетуді дамыту жатады. 3-қосымшада негізгі үлгісі келтірілген.
2.11. Тексеру нәтижелері бойынша: еңбек нормаларын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім қабылданады.
Техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес келетін техникалық негізделген нормалар аттестатталған деп танылады, атап айтқанда:
бірыңғай және үлгілік еңбек нормалар;
еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтер негізінде бекітілген еңбек нормалар;
жабдық өнімділігі туралы техникалық деректерді, жұмыс уақыты шығынын зерттеу нәтижелері мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру талаптарын есепке ала отырып талдау әдісімен бекітілген еңбек нормалар.
Аттестатталмағандар қатарына:
аттестаттау нәтижелері бойынша оңтайландыруға жататын жұмыс орындарында қолданылатын;
басқа барлық көрсеткіштер бойынша аттестатталуы мүмкін болса да, аттестаттау сәтіне жұмыс орындарында жасалған ұйымдық-техниклаық жағдайларға сәйкес емес еңбек нормаларды жатқызуға болады.
Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жалпы жақсарту, кәсіптік шеберліктің өсуі және жұмысшылар мен қызметшілердің өндірістік біліктілігін жетілдіру нәтижесінде еңбек сыйымдылығы азайтылған жұмыстарға арналған еңбек нормалар ескірген нормалар деп есептелінеді.
Әзірлеу барысында нормативтік материалдарды пайдалану не есеп жүргізу кезінде ұйымдық-техникалық жағдайлар немесе дәлсіздіктер жол берілген еңбек нормалар қате бекітілген нормалар деп саналады.
Аттестатталмаған еңбек нормалар қайта қарауға немесе жаңасымен ауыстыруға жатады.
2.12. Қолданыстағы нормативтік материалдардың сапасын талдау еңбек нормаларды бекіту кезінде берілген нормативтік материалдар пайдаланылған жұмыс орындарындағы уақыт нормаларын тексеру материалдары бойынша жүргізіледі.
Жұмыстың қандай-да бір түріне салааралық және салалық нормативтік материалдар бар болған жағдайларда, талдау әдісімен бекітілген еңбек нормалар олардың сапасын бағалауда нақты шығындармен де, орталықтандырыла әзірленген нормативтер бойынша есептелген еңбек нормалармен де салыстырылады. Егер талдау әдісімен бекітілген еңбек нормалар салааралық немесе салалық нормативтер бойынша есептелген еңбек нормаларға қарағанда шиеленістігі аздау болатын болса, олар ескірген деп танылуға тиіс. Егер аттестатталатын жұмыс орындарының жиынтығында салааралық немесе салалық нормативтер бойынша есептелген еңбек нормалар нақты шығынның шекті ауытқуларынан асатын болса, жұмыс орындарын оңтайландырған кезде еңбек жөніндегі алдыңғы нормативтерді әзірлеген тиімді (4-қосымша).
Салааралық және салалық нормативтерді дұрыс қолданбағанда еңбекті норма қате деп танылып, қайта қаралуға тиіс.
Әртүрлі еңбек нормаларын, оның ішінде қызмет көрсету нормаларын аттестаттау барысында бөлшектерді, ағынды желілер тактісін, жұмыс күнін өңдеу циклі шеңберінде орындаушыны белсенді (өнімді) жұмыспен қамту деңгейін бағалау міндетті болып табылады. Егер қызметкерді белсенді жұмыспен қамту деңгейі тиісті салалық нормативтерде көзделген деңгейден төмен болса, қолданыстағы еңбек норманы аттестаттауға болмайды.
2.13. Көпстанокшылардың жұмыс орындарын аттестаттау кезінде: уақыт нормалары, өңдеу, қызмет көрсету нормалары тәрізді белгіленетін еңбек нормалардың барлық түрі тексерілуге тиіс. Жұмысшы қызмет көрсететін жабдықтың саны ұйымда қолданылатын қызмет көрсету нормасымен, сондай-ақ еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтік материалдарда көзделген қызмет көрсету нормасымен салыстырылады. Ауытқулардың себептері айқындалады.
Егер қызмет көрсетудің қолданыстағы нормасы салааралықтан (немесе саларалықтан) төмен болса, орталықтандырылып жасалған нормативтерді игеру жөнінде шаралар әзірленуге тиіс.
5-қосымшада көпстанокшының жұмыс орнындағы уақыт нормалары мен қызмет көрсету нормаларын тексерудің үлгісі келтірілген.
2.14. Уақытша жұмысшылар, мамандардың және қызметшілер санының нормативтерін қолданудың дұрыстығын тексеру учаскелер мен басқа да кәсіпорын бөлімшелерін аттестаттау барысында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, нормативтік санды есептеудің дұрыстығы бағаланады, штаттық және нақты санның нормативтік саннан ауытқу себептері, штаттың жинақталуы дәрежесі айқындалады. Қызметкерлердің өндірістік ғимараттар мен қызметтік міндеттерін орындаумен қамтылу деңгейін айқындау үшін ішінара жұмыс күнінің фотографиясы жүргізіледі (6-қосымша).
Егер жекелеген кәсіптер бойынша нақты саны нормативтік саннан асатын болса, іс-шаралар жүйесінде бекітілген салааралық немесе салалық нормативтік материалдарды игеру тәсімдері әзірленуге тиіс.
2.15. Нормаланған тапсырмаларды тексеру жөніндегі жұмыс:
тапсырмаларды бекіту кезінде пайдаланылатын еңбек нормасын аттестаттауды;
нормаланған тапсырмалардың жұмыстың құрамы және олардың орындалу регламенті көрсетілген бөлігіндегі мазмұнын тексеруді көздейді.
Сонымен бірге нормаланған тапсырмалармен қамтылған уақытша жұмысшылар және қызметшілердің жұмыстары мен кәсіптерінің шеңберін кеңейту жөніндегі мүмкіндіктер зерттелуге және әзірленуге тиіс.
2.16. Еңбек нормаларын келтірілген мысалдарда (1-6-қосымшалар) пайдаланылған нысандармен тексеру кезінде талдау нысандары қолданылатын болады (7-8-қосымшалар).
Еңбек нормаларды аттестаттау және тексеру жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін аттестаттаудың нәтижелерінің ведомості жасалады (9-қосымша).
2.17. Жұмыс орындарын оңтайландыру, әдетте қолданыстағы еңбек нормаларды қайта қараумен немесе ауыстырумен жалғастырылады.
2.18. Ескірген еңбек нормаларды қайта қарау қызметкерлер өкілдерімен келісім бойынша ұйым басшылары бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қате бекітілген еңбек нормаларды қайта қарау олардың анықталу шарасына қарай жүргізіледі.
3. Еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
3.1. Қолданыстағы еңбек нормаларын тексеру жөніндегі жұмысты жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізетін комиссияларға жүктеу ұсынылады.
Комиссияны құру және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртібі қолданыстағы әдістемелік және нормативтік материалдарда айқындалады.
Егер аттестаттау жүргізілмейтін болса, қолданыстағы еңбек нормаларды тексеруді ішкі ұйымдық-басқару құжаттарында айқындалған комиссия жүзеге асыруына болады.
3.2. Еңбек нормаларын тексеру және аттестаттау жөніндегі жұмыстарды орындауға еңбекті нормалау жөніндегі қызметкерлермен қатар құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, экономикалық талдау бөлімдерінің өкілдерін, озат жұмысшыларды, өндіріс жаңашылдарын және т.б. тарту керек.
3.3. Ұйымдарда жұмыс орындарын аттестаттаудың мақсаттары мен міндеттері, қолданыстағы еңбек нормаларын тексеру туралы түсіндіру жұмысы жүргізілуге тиіс. Жұмыс орындарын оңтайландыру, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді жұмысшылар мен қызметшілерден түскен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асыру керек. Бұл материалдар қолданыстағы нормаларды жоспарлау, қайта қарау және ауыстыру үшін негіз болып табылады.
3.4. Қолданыстағы еңбек нормаларды қайта қарау және жаңа еңбек нормаларды бекітуді еңбекті ұйымдастыру және нормалау мәселелерімен айналысатын ұйымдардың қызметі жүзеге асырады. Көлемі едәуір болғандықтан бұл жұмыстарды орындауға кәсіпорынның басқа бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту қажет.
3.5. Жоспарланатын ұйымдық-техникалық іс-шараларды ескере отырып еңбек нормаларды ауыстыру және қайта қарау, жұмыс пен жұмысшыларды қайта тарификациялау жөніндегі жұмыстар аяқталғанда, еңбекақыны ұйымдастыруды жақсарту жобасын даярлау аяқталғанда еңбекке ақы төлеудің жаңа шарттарын енгізу барысында:
өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуді және жұмыс істеушілердің санын босатуды;
еңбекақы қорын, сондай-ақ айлық еңбекақының жобаланған деңгейін үнемдеуді жоспарлауды есептеу тиімді.
3.6. Айлық еңбекақының жобаланып отырған және нақты деңгейлерін бригадалар, учаскелер, сондай-ақ бригаданың құрамына кірмейтін жұмысшылар бойынша салыстыруды жүргізу ұсынылады. Елеулі айырмашылық болған жағдайда еңбек нормаларды тексеріп есептеу жүргізіледі, жұмыс пен жұмысшылардың разрядтары, үстемеақылардың мөлшері және т.б. нақтыланады.
Сонымен бірге прогрессивті еңбек нормаларды бекітуге байланысты еңбекақы деңгейін төмендету еңбекақыны ұйымдастыруда еңбек нормалардың шиеленісуін төмендету, жұмыс разрядын арттыру, негізделмеген үстемеақы енгізу және басқа да бұзушылықтар үшін негіздеме бола алмайды. Бұл жағдайда жұмысшылар жұмыс уақытын оңтайлы пайдалануда жоғары өнімді жұмысты қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға тиіс.
3.7. Жаңа еңбек нормалары ұйым бойынша бұйрықпен енгізіледі. Жаңа еңбек нормаларын енгізу туралы жұмысшылар мен қызметшілерді алдын-ала, кемінде бір ай алдын ескерту керек.
3.8. Жұмыс беруші әрбір жұмысшыға (бригадаға) қолданыстағы еңбек нормалардағы, еңбекақы төлеу және оны ынталандыру шарттарындағы өзгертулердің негіздемесін түсіндіріп, жаңа еңбек нормаларды бекіту кезінде көзделген еңбек әдістері және тәсілдерімен таныстырып отыруға міндетті.
Жаңа еңбек нормаларды енгізу материалдық ынталандырудың тиісті шараларымен жалғастырылуға тиісті.
1-қосымша
Негізгі жұмысшылардың бригадасы үшін белгіленген өндірім нормаларын
тексеру үлгісі
Целлюлоза-қағазды комбинаттың бір цехында жұмыс орындарын аттестаттау барысында қағаздарды кесуге арналған бойлық-кесу станогына қызмет көрсететін жұмысшыларға белгіленген өндірім нормасы талданған болатын.
Машина жұмысын тексеру және хронометражды бақылау материалдары таблицада келтірілген.
р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
өлш.
бірл.
|
Нормамен көзделген
|
Талдау барысында белгіленген
|
1.
|
Құю жылдамдығы
|
м/маш
|
24
|
24
|
2.
|
Құю жылдамдығындағы жұмыс уақыты
|
мин
|
1
|
1
|
3.
|
Жұмыс жылдамдығы
|
м/мин
|
360
|
420
|
4.
|
Жұмыс жылдамдығындағы жұмыс уақыты
|
мин
|
14
|
12
|
5.
|
Станокты қосумен және тоқтатумен, қағазды толтырумен байланысты тәсілдер циклына жіберілген уақыт
|
мин
|
5
|
5
|
6.
|
Ауысым ішінде пышақтарды қайрауға, оларды бекітілуін тексеруге, ауысымды қабылдауға және тапсыруға жіберілген уақыт
|
мин
|
20
|
20
|
7.
|
Станоктар жұмысының орташа жылдамдығы (Vср.)
|
м/мин
|
24 х 1 + 360 х 14 =337,6
15
|
24,1 + 420 х 12 =389,5
13
|
8.
|
Циклда станоктың жұмыс коэффициенті
|
|
14 + 1 = 0,75
14 + 1+ 5
|
12 + 1 = 0,72
12 + 1+ 5
|
9.
|
Ауысым ішінде станоктың жұмыс коэффициенті
|
|
480 - 20 = 0,96
480
|
0,96 2
|
Кестенің деректерінен станок өндірім нормасын белгілеу кезінде көзделгеннен басқа үлкен жылдамдық жұмыс режиміне ауыстырылғаны көрініп тұр. Осыған байланысты станокқа қызмет көрсететін жұмысшылар үшін өндірім нормасын (Нв) қайта есептелген.
Қайта есептеу үшін бастапқы деректер: салмағы 1 м2 қағаз – 50г.; салмағы 1 пог. М. орам ені 3,6 м (q) – 3,6 х 50 = 180 г немесе 0,18 кг.
Ауысым бойғы қолданыстағы өндірім нормасын тексеру есебі:
Hв=Vср. х q х К ц (480-20) = 360 х 0,18 х 0,75 (480-20) = 22356 (кг).
Жаңа параметрлер бойынша өндірім нормаларының шамасы:
Hв=420 х 0,18 х 0,72 (480-20) = 25038 (кг) тең болады.
Келтірілген есеп айырысулар қолданыстағы нормалар ескірген деп тануға және жоғарыда орындалған есеппен сәйкестендіріп қарауға негіздеме береді.
2-қосымша
Негізгі жұмысшылардың бригадасы үшін уақыт нормаларын
тексеру үлгісі
Бес тігінші-моторшыдан құрылған звено балалар алжапқышын тігуге мамандандырылған (бригаданың басқа мүшелері басқа тігін бұйымдарын тігумен айналысады).
Салалық нормативтердің негізінде бригадаға алжапқыштарды тігуге шұғыл уақыт нормасы белгіленген.
1-таблица
р/с №
|
Аралық атауы
|
Шұғыл нормативті уақыт
|
1.
|
Алжапқыштың төменгі жағын шеткі тігіммен жасау
|
27
|
2.
|
Алжапқыштың төменгі жағын өңдеу
|
20
|
3.
|
Жиектеу алдында алжапқыштың көлденең жақтарын қосу
|
33
|
4.
|
Әрлеу тігімінің белгісі бойынша алжапқышты жүрмелету
|
11
|
|
Барлығы:
|
91
|
Жұмыс орындарын аттестаттау барысында жүргізілген звеноның барлық мүшелерінің жұмыс орындауын хронометражды бақылау жұмысшылар жұмысты игергенін көрсетті, еңбектің оңтайлы тәсілдерін шығарды және жұмыс бірлігін орындауға жұмыс уақытының шығынын төмендеуіне қол жеткізді. Бақылау нәтижелері 2-таблицада келтірілген.
2-таблица
р/с
№
|
Аралық атауы
|
Жұмысшының Т.А.Ә.А
|
Уақыттың орташа шығынының сомасы
|
Звено бойынша уақыттың орташа шығыны
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
1.
|
Алжапқыштың төменгі жағын шеткі тігіммен жүрмелету
|
22
|
25
|
23
|
23
|
26
|
119
|
23,8
|
2.
|
Алжапқыштың төменгі жағын жөрмеу
|
19
|
21
|
20
|
19
|
24
|
103
|
20,6
|
3.
|
Жиектеу алдында алжапқыштың көлденең жақтарын қосу
|
30
|
32
|
32
|
33
|
35
|
162
|
32,4
|
4.
|
Әрлеу тігімінің белгісі бойынша алжапқышты жүрмелету
|
8
|
9
|
9
|
10
|
11
|
47
|
9,4
|
|
Жиынтығы:
|
79
|
87
|
84
|
85
|
96
|
431
|
86,2
|
Уақыттың нақты шығындарынан норманың ауытқуы осы өндіріс түріне арналған нормалардың жіберілетін қателік шамасынан (7%) аспаса, қолданыстағы уақыт нормасы аттестатталуы мүмкін.
3-қосымша
Негізгі жұмысшылардың бригадасы үшін белгіленген уақыт нормаларын
кешенді тексеру үлгісі
«Сүт» өндірістік бірлестігі цехының бірінде жұмыс орындарын аттестаттау барысында балмұздақ дайындайтын төрт бригаданың жұмысын хронометражды бақылау жүргізілді. Алынған деректер мына таблицада келтірілген.
р/с №
|
Қолмен істелінетін операциялар
|
Минутына 100 брикет жасауға жұмыс уақытының шығыны
|
Уақыттың орташа шығыны, мин.
|
№ 1 бригада
|
№ 2 бригада
|
№ 3 бригада
|
№ 4 бригада
|
1.
|
Балмұздақтарды формалардан алу
|
3,2
|
3,1
|
3,4
|
3,3
|
3,25
|
2.
|
Балмұздақтан инеұстағышты алу
|
12,2
|
12,0
|
12,4
|
12,2
|
12,27
|
3.
|
Пергаментті кесу
|
1,41
|
1,35
|
1,32
|
1,33
|
1,35
|
4.
|
Брикеттерді этикеткаларға орау
|
7,5
|
7,7
|
7,4
|
7,6
|
7,55
|
5.
|
Брикеттерді қораптарға буып-түю
|
2,8
|
2,7
|
2,7
|
2,6
|
2,7
|
|
Жиынтығы:
|
27,11
|
26,85
|
27,22
|
27,33
|
27,12
|
100 брикетке қолданыстағы кешендік норма уақыты 33,9 мин. құрайды. Норманы нақты шығындармен салыстыру жұмысшылардың кәсіби шеберлік деңгейінің және өндірістік дағдылардың артуының нәтижесінде жұмыс бірлігіне жұмыс уақыты шығынының төмендегенін көрсетеді. Бұл қолданыстағы норманы ескірген деп тануға негіз береді.
Осындай жағдайда жұмыс орнына қызмет көрсетуге, демалысқа және жеке қажеттіліктеріне тиісінше 4,6 және 6,3 % шұғыл уақыт шамасының нормативті уақыты, 100 брикетке бір дана уақытының кешендік нормасы белгіленген, оны аттестаттаудың нәтижесі бойынша шығаруға болады, бұл:
Нвр. = 27,12 * (1+ 4,6+6,3 ) =30,08 (мин)
100
4-қосымша
Ұсақ сериялы және бірлі-жарым өндіріс шарттарында жұмыс орындарын аттестаттау барысында еңбек нормаларына арналған уақыт нормаларын
тексеру үлгісі
Ұсақ сериялы өндіріс типтес машинажасау зауытының учаскесінде жұмыс орындарын аттестаттау жүргізілді. Ұнтақтан жасалған пластмассалық бұйымдарды престеуде салалық нормативтерді қолдану дұрыстығын тексеру барысында ешқандай бұзушылықтар анықталмады. Учаскенің жұмыс орындары бойынша белгіленген уақыт нормасын нақты уақыт шығындарымен салыстыру нәтижесінде алынған деректер таблицада келтірілген.
р/с
№
|
Жұмыс орнының нөмірі
|
разряд
|
Шұғыл уақыттың нақты шығындары, мин.
|
Хронометраж бойынша нақты шығындар, мин
|
Қолданыстағы норманың нақты шығындардан ауытқуы, %
4-бағ.-5-бағ.х 100
5-бағ
|
жұмысшының
|
жұмыстың
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
1
|
3
|
3
|
0,20
|
0,15
|
+ 33,3
|
2.
|
2
|
4
|
3
|
0,10
|
0,08
|
+ 25,0
|
3.
|
5
|
3
|
3
|
0,15
|
0,12
|
+ 25,0
|
4.
|
7
|
4
|
3
|
0,12
|
0,10
|
+ 20,0
|
5.
|
10
|
3
|
3
|
0,18
|
0,15
|
+ 20,0
|
6.
|
14
|
3
|
3
|
0,35
|
0,25
|
+ 40,0
|
7.
|
18
|
3
|
3
|
0,22
|
0,17
|
+ 29,0
|
жиынтығы:
|
|
|
|
1,32
|
1,02
|
29,4
|
Осы таблицалар барлық жұмыс орны бойынша престеу операциясына кететін нақты уақыт шығыны нормативтен қарағанда едәуір төмен екендігі туралы дәлелдейді.
Осыған байланысты аттестаттау комиссиясы аталған жұмыс орындарын аттестаттамай, керісінше аталған жұмыстарда қолданылатын салалық нормативтерді цехта қол жеткізген өндірістің және еңбекті ұйымдастыру деңгейіне сәйкестендіріп қайта өңдеу барысында оларға оңтайландыруды жүргізу шешімін қабылдады. Қайта өндірілген нормативтер тиісті нормативті материалдардан гөрі прогрессивті етіп бекітілетін болады.
5-қосымша
Көпстанокшы-жұмысшылар үшін белгіленген уақыт және қызмет көрсету
нормаларын тексеру үлгісі
Машинажасау зауытының механикалық цехында әрқайсысы төрт автоматты станокта жұмыс істейтін төрт көпстанокшы-жұмысшы бригадаға біріктірілген болатын. Жұмысшылар дублер-станоктарға қызмет көрсетеді, бұрынғы уақыт нормасы сақталған және бір тетікке 5,5 мин. құрайды.
Жұмыс орындарын аттестаттау кезінде қолданыстағы уақыт және қызмет көрсету нормалары тексерілген болатын.
Учаскеде жүргізілген жұмыс күнінің фотосуреті циклда жұмысшылардың бір станокқа қызмет көрсетумен айналысуы 21 % құрайды, бұл әрқайсысының шамамен 21 х 4 = 84 % жұмыспен қамтылғанын белгілейді. Жұмыспен қамтылудың салалық нормасы 80 % құрайтындықтан, аталған қызмет көрсету нормасын тиімді деп есептеуге болады және аттестаттауға болады.
Жұмысшыларды бригадаға біріктіргеннен кейін есеп жүргізу материалдары көрсеткендей еңбек өндіріс 15% өсті. Осыған байланысты еңбек нормасының негізділігін тексеру қажеттілігі туындады.
Тексеру есептері қол жұмыстарының элементтеріне жіберілген уақыт шығыны жалпы машинажасау нормативтері бойынша дұрыс белгіленгендігін көрсетті. Бірақ, бригаданы ұйымдастыру кезінде уақыт нормасы өзгеріссіз қалды, дегенмен жеке қызмет көрсетуден ұжымдық қызмет көрсетуге көшу жабдықты уақытқа пайдалануды жақсартуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан жабдықты ұжымдық қызмет көрсету тиімді шамасының уақыт нормасын түзету қажет. Түзету шамасы салааралық нормативті материалдардың негізінде есептеу жолымен анықталуы мүмкін.
Төрт станокқа әрбір жұмыскер жеке қызмет көрсету және бір станокта жұмыс істеген коэффициент – 0,20 кезінде нақты жұмыс істейтін станоктардың саны 2,76 құрайды. Сондықтан, станоктардың уақытта пайдалану коэффициенті 2,76 = 0,69 тең болды.
4
Ұжымдық қызмет көрсету жағдайында төрт жұмысшы 16 станокқа қызмет көрсете бастағанда, жұмыс істеп тұрған станоктардың саны нормативтік материалдарға сәйкес 12,23 құрайды, яғни оларды пайдалану коэффициенті 12,23 = 0,764 дейін артты.
16
Жабдықты пайдалану коэффициентінің артуы ұжымдық қызмет көрсетудің тиімділігін сипаттайды, ол уақыт нормасында көрінуі керек.
Осыған орай, тексеру нәтижелері бойынша уақыт нормасы ескірген деп танылуы және қайта қаралуы керек.
Жаңа уақыт нормасының мәні 5,5 х 0,690 = 4,97 (мин.) құрайды.
0,764
6-қосымша
Жұмысшылардың жұмыспен қамтылғанын тексеру
Цемент зауытында шикізат шихтасын күйдірудің үші пешіне құрамында сегіз машинист және сегіз машинистің көмекшісі бар бригада қызмет көрсетеді.
Бригада мүшелерінің жұмыс күнінің фотосуреті таблицада көрсетілген жұмыс күні шығындарының құрылымын анықтауға көмектесті.
р/с
№
|
Жұмыс уақыты шығындарының түрлері
|
Жұмыс уақыты шығындарының орташа мәні
|
машинистердің
|
машинистердің көмекшілерінің
|
мин.
|
%
|
мин.
|
%
|
1.
|
Ауысымды қабылдау және тапсыру
|
29
|
6,1
|
27
|
5,6
|
2.
|
Зертханаға сынамаларды іріктеу
|
16
|
3,3
|
-
|
-
|
3.
|
Аспаптарды бақылау және процесс барысын реттеу
|
99
|
20,6
|
69
|
14,4
|
4.
|
Процесс барысын белсенді бақылау
|
75
|
15,6
|
71
|
17,8
|
5.
|
Белсенді емес бақылау
|
43
|
9,0
|
242
|
50,4
|
6.
|
Журналдарды толтыру
|
29
|
6,0
|
-
|
-
|
7.
|
Жабдықтарды тексеру және майлау
|
49
|
10,3
|
-
|
-
|
8.
|
Қызметтік сөйлесулер
|
50
|
10,5
|
9,5
|
2,0
|
9.
|
Пештің қорегін өлшеу
|
21
|
4,3
|
-
|
-
|
10.
|
Жұмыс орнын тазалау
|
45
|
9,3
|
54
|
11,3
|
11.
|
Демалыс және жеке қажеттіліктер
|
24
|
5,0
|
7,5
|
1,2
|
|
Жиынтығы:
|
480
|
100
|
480
|
100
|
Таблицаның деректерінен көргендей, машинистердің көмекшілерінің белсенді емес бақылауы жұмыс уақытының жартысын алады, бұл олардың толық жұмыспен айналыспайтынын растайды. Талдау машинистердің көмекшілері санының нормасын 8-ден 5 адамға дейін төмендетілуге болатынын көрсетті. Бұндай жағдайда олардың белсенді жұмыспен айналысуы ауысым ішінде 49,6-дан 79,4 % артады.
7-қосымша
Еңбек нормасын талдауға арналған нысандар
Уақыт нормасының сапасын талдау
1-нысан
Жұмыс орнының №
|
Жұмыс атауы
|
Қолданыстағы уақыт нормасы,
мин.
|
Норманы белгілеу негізі
|
Салаара-лық және салалық норматив-тер бойынша есептелген норма
|
Норматив-тер жинақ-тарының атауы
|
Нақты уақыт шығыны, мин.
|
Қолданыстағы норманың ауытқуы
|
Ауытқудың себептері
|
Нақты шығындар-
дан
|
Салааралық
(салалық) нормативтер бойынша есептелген нормадан
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
2-нысан
Жұмыс-
шының
Т.А.Ә.А
|
Жұмысшы-ның
кәсібі
|
Жұмыс орнының №
|
Өлшем бірлігі
|
Қызмет көрсету нормасы
|
Нақты қызмет көрсету зонасы
|
Қолданыстағы норманың ауытқуы
|
Ауытқудың себептері
|
қолданыстағы
|
Салаара-лық және салалық норматив-тер бойынша белгілен-ген, %
|
Нақты қызмет көрсету зонасынан
|
Салааралық
(салалық) нормадан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8-қосымша
Сан нормативтерінің сапасын талдау
р/с
№
|
Мерзімді жұмысшылардың, мамандардың, қызметшілердің кәсібі
|
Саны, адам
|
Нақты саннан ауытқу, адам
|
Нақты санның нормативтерден ауытқуының себебі
|
Еңбекақы ның жаңа шарттарын енгізу кезінде штат кестесін қалыптастыру үшін қолданылатын сан
|
Жалпы машина-жасау немесе салалық норматив-тер бойынша
|
Жергілікті норматив-тер
(штат) бойынша
|
Нақты
|
Салаара-лық және салалық норматив-терден
|
Жер-гілікті норма-тивтер-ден (штат-тардан)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9-қосымша
Қолданыстағы уақыт, өңдеу нормаларын аттестаттау нәтижелерінің ведомості
р/с №
|
Жұмыстың (операцияның) атауы
|
Уақыт, өңдеу нормасы
|
Уақыттың нақты шығыны (нақты өнімі)
|
Аттестаттау комиссиясының шешімі
|
қолданыстағы
|
Салааралық нормативтер бойынша
|
аттестаттау
|
қайта қарау
|
жаңаға ауыстыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|