- ақпаратты ұсыну;
- ақпаратты паидалану;
- ақпаратты қорғау.
Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мыналарды
орындау қажет:
- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық
құралдардың кешені;
- техникалық кешенмен басқару құралдарының жүйесі;
- техниқалық құралдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын
байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі
заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр
түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе
қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік
ақпараттық технологияны ұғынамыз.
Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары
қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және
желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны
пайдалану кең етек жайды [16].
1.4 кесте - Ақпараттық технологияларын жіктелуі
АҚПА
Р
АТТ
ЫҚ ТЕХ
Н
ОЛОГИЯЛАР
АЖ-дегі жүзеге ассырылу әдісі бойынша
Дәстүрлі
Жаңа ақпараттық технологиялар
Басқару есептерін қамту дәрежесі
бойынша
Мәліметтерді электронды өңдеу
Басқару функцияларын автоматтандыру
Шешім қабылдауды қолдау
Электронды офис
Эксперттік қолдау
Жүзеге асырылатын технологиялық
операциялар класы бойынша
Тексттік редактормен жұмыс
Кестелік процессормен жұмыс
ДББЖ-мен жұмыс
Графиктік объектілермен жұмыс
Мультимедиялық жүйелер
Гипертексттік жүйелер
Қолданушылық интерфейс типі бойынша
Пакеттік
Сұхбаттық
Желілік
Желінің құрылу әдісі бойынша
Локальдық
Көпдеңгейлі
Бөлінген
Қызмет көрсетілетін пәндік облыстар
бойынша
Бухгалтерлік есеп
Банкілік іскерлік
Салықтық іскерлік
Сақтандыру іскерлігі
Басқалар
Басқару процесін автоматтандыру құралдары
Ақпараттық-басқару іскерлігін автоматтандыру процесінде үшінші (ең
жоғарғы) деңгейлі ақпараттық технологиялар қолданылады. Олар толық
ақпараттық циклды, ақпаратты сәйкестендіріп алуды, ғылыми зерттеу
әдістерін пайдаланып оған жасалатын анализді, деректерді дифференциялдау
және интеграциялауды, олардың жіберілуін, өңделуін, объектті өңдеу және
басқару мақсаттарына жету үшін пайдалануды қамтиды.
Үшінші
деңгейлі
ақпараттық
технологиялар
менеджмент
компьютеризациясының
ең
жоғарғы
деңгейін
білдіреді,
ЭЕМ-ды
шығармашылық процесте қолдануға, адам ақыл-ойының күші мен электронды
техниканың қуатын біріктіруге мүмкіндік береді. Экономикалық және басқару
есептерінің толық интеграцияланған автоматтандырылуы келесі ақпараттық-
басқару процестерінің қамтылуын біліідреді:
- байланыс;
- жинау;
- қажетті ақпаратты сақтау мен оған кіру;
- ақпарат анализі;
- тексттер мен құжаттауды дайындау;
- жеке кәсіпкерлікті қолдау;
- шешім қабылдауды болжау және қолдау;
- арнайы есептерді шешу.
Ақпараттық
басқару
кәсіпкерлігін
автоматтандырудың
қазіргі
техникалық құралдарына келесілер жатады:
- желілерге біріктірілген дербес компьютерлер;
- үлкен функционалдық мүмкіндіктері бар проблемалы бағытталған
комптьютерлік жүйелер;
- коммуникациялық құралдар;
- телефондық техника;
- архивтік құжаттарды енгізуді және ақпаратты іздеуді (оларға дәстүрлі
емес ақпаратты тасушылар жатады: магниттік дискілер мен ленталар,
микрофильмдер, оптикалық жазулары бар дискілер) автоматтандыратын
құралдар;
- ақпаратпен алмасу құралдары – «электронды почта»;
- видеоақпараттық жүйелер;
- локальды компьютерлік желілер;
- мекеменің интеграцияланған желілері.
Техникалық құралдарды таңдау мен олардың сиапаттамалары
ақпараттық технологияның ерекшеліктерімен анықталады және оның
сапасына әсер етеді.
Программалық өнімдер жіктелуінің элементтері. Қолданушыға
деректермен әр алуан манипуляцияларды орындауға мүмкіндік беретін
ақпараттық технологиялардан көбірек хабардар болу үшін, кейбір ең тұрақты
белгілері бойынша программалық құралдардың жіктелуін пайдалану
қабылданған. (5-кесте)
1.5 кесте - Программалық өнімдер жіктелуінің элементтері
Пайдаланылған деректер типі
Ақпараттық технология түрі
1. Сандық, символдық деректер
ДҚБЖ, кестелік процессорлар, алгоритмдік
тілдер
2. Тексттік ақпарат (текст)
Тексттік процессорлар
3. График
Графикалық редакторлар, гипертексттік
технологиялар
4. Білім
Эксперттік жүйелер
5. Шындық әлем көлемдері (олар сөйлейді
және көрінеді)
Мультимедиялық технологиялар
Көрсетілген технологиялардың көбі ақпараттың басқа түрлерін
қолдануға мүмкіндік береді, алайда осы технологиялардың әрқайсысы
ақпараттың белгілі бір түрін өңдеуге бағыттылған.
1. Программалық жабдықтау типі бойынша
Ақпараттық технологиялардың программалық жабдықталуын келесі
категорияларға бөлуге болады:
- жүйелік программалар, оларға операциялық жүйелер мен орталар,
жүйелік қабықшалар, драйверлер, утилиттер жатады;
- құрал-сайман құралдары, олар дербес ақпататтық технологияларды
жасауда пайдалады;
- қолданбалы программалар, олар белгілі бір функцияларды орындайды
және бөлек алынған пәндік облыстың нақты есептерін шешуді қамтамасыз
етеді, сонымен қатар мәліметтерді өңдеудің функционалды-технологиялық
ерекшеліктері бар.
1.6 кесте - Функционалдану әдісі бойынша
Функционалды:
Жабдықтаушы:
АТ қандай да бір пәндік технология жүзеге
асырылатын жабдықтаушы модификацияны
білдіреді.
Бизнес-болжам. Касатка, Audit Expert, Project
Expert және пәндік технологияларды жүзеге
асыратын басқа да пакеттер, нақты пәндік
облыстағы стандартты операцияларды
орындауда пайдаланылатын АЖО
(автоматтандырылған жұмыс орындары).
АТ әртүрлі есептерді шешуге арналған
әртүрлі пәндік облыстардағы ақпаратты
өңдеуге арналған құрал-жабдық ретінде
қолданылады. Оларды солардың шешетін
есептердің класы бойынша
классиифкациялауға болады. АТ әртүрлі
платформаларда, әртүрлі орталарда, әртүрлі
ЕТ базаланады. Сондықтан олардың
біріктірілуі үшін стандартты, бірыңғай
интерфейстер пайдалану керек.
Ақпаратық жүйелерді жобалау технологиясы дегеніміз жүйе жобасы
мен оның компоненттерін құрудың немесе өңдеудің ортақ концепциясын
жүзеге асыруға бағытталған, логикалық бірізділік бойынша реттелген
методикалық тәсілдер, техникалық құралдар мен жобалаушы әдістер терімі.
Басқарудың АЖ-сын жасауда жобалау базасының сапасы мен құрамы өте
үлкен мәнге ие.