Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру туралы қажетті



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет7/29
Дата15.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#13843
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

- уақытылы және негізделген шешімдер қабылдауға; 

- мақсатқа қол жеткізуде бөлімшелер іс-әрекетін реттеуге; 

- бәсекелестік артықшылыққа ие болуға

- шығын қауіп-қатерін төмендетуге

- сыртқы ортаны терең бақылауға. 

Экономикалық  ақпарат  –  әлеуметтік-экономикалық  процестер  туралы 

және өндірістік және өндірістік емес сфералардағы осы процестер мен еңбек 

ұжымдарын басқару үшін қажетті мәліметтер жиынтығы/6/. 

Ақпаратты келесідей белгілері бойынша жіктеуге болады:  

- өзгеруі бойынша: тұрақты, айнымалы; 

- толықтығы бойынша: жеткілікті, жеткіліксіз, артық;  

- пайдалылығы бойынша: маңызды және маңызсыз; 

- бейнеленуі бойынша: мәтіндік, сандық, алфавитті-сандық, графиктік; 

- бункционалдық  тағайындалуы  бойынша:  жоспарлық,  нормативтік, 

есептік, есеп беруші; 

- мәліметтерді 

өңдеу  процесіне  қатысы  бойынша:  өңделетін, 

өңделмейтін; 

- өңделу дәрежесіне байланысты: алғашқы, аралық, нәтижелік; 

- басқарылатын объектігі қатынасы бойынша: ішкі, енуші, шығушы; 

- қажетті мәліметтер көлемі бойынша: кешенді, тақырыптық; 

- мәлімет тасушысына байланысты: машиналық, машиналық емес; 

- ұсыну нысаны бойынша: жазбаша, ауызша. 

Экономикалық ақпараттың негізгі ерекшеліктері(сипаттамалары): 

- көлемінің үлкендегі; 

- бекітілген 

уақыт  кезеңдерінде  оларды  алу  және  түрлендіру 

циклдарының бірнеше рет қайталануы

- қайна көздері мен тұтынушыларының әртүрлілігі; 

- оны өңдеу бойынша ұсақ жұмыстардың салмақтылығы. 

Экономикалық  ақпараттың  құрылымы  жеткілікті  күрделі  және  белгілі 

мазмұнға  ие  ақпарттық  жиынтықтардың  түрлі  комбинациясын    қамтиды. 

Ақпараттық  жиынтық  деп  объектіні,  процесті,  операцияны  сипаттайтын 

мәліметтер тобын атаймыз. 

Құрылымдық  құрамы  бойынша  ақпарттық  жиынтықты  келесідей 

ажыратуға болады: 

- реквизиттер; 

- көрсеткіштер; 

- құжаттар. 

Объектінің белгілі бір қасиетін бейнелейтін, экономикалық ақпараттың 

элементарлы бөлінбейтін бірлігі реквизит болып табылады. Реквизиттер екіге 

бөлінеді:  реквизит-белгілер  және  реквизит-негіздер.  Реквизит-белгілер 

сипатталып отырған объектінің сапалық қасиеттерін(әрекеттің уақытын және 

орнын,  орындаушының  аты-жөнін,  жұмыс  атауын,  т.б.)  көрсетеді.  Реквизит-

негіздер  белгілі  бір  өлшем  бірлікте  өрнектелген,  құбылыстың  сандық 



сипаттамасын(теңгемен  берілген  салым  сомасын,  пайызбен  берілген  салық 

ставкасын және т.б.) береді [7]. 

Экономикалық  мағынаға ие,  логикалық  байланысқан реквизит-белгілер 

мен  реквизит-негіздердің  жиынтығы  көрсеткішті  құрайды.  Көрсеткіштер 

негізінде құжаттар құрылады. Басқару, жоспарлау және есепке алу процесінде  

қолданылатын құжаттар ондағы келтірілген ақпараттарға жауапты тұлғалары 

көрсетілген бір немесе бірнеше көрсеткіштерден тұрады.    

Тиімді  басқару  шешімдерін  дайындаудағы  және  қабылдаудағы 

қаржылық  ақпараттың  жоғары  ролі,  сәйкесінше  қаржылық  менеджменттің 

ақпараттық  жүйесін  қалыптастыру  кезінде  оның  сапасына  жоғары  талаптар 

қояды.  Сонымен,  осы  жүйеге  кіретін  қаржылық  ақпаратқа  келесідей  негізгі 

талаптар қойылады: 

1) мәнділігі, 

ол  тартылатын  ақпарат  қабылданатын  қаржылық 

шешімдердің  нәтижесіне  қаншалықты  әсер  ететіндігін  анықтайды,  бірінші 

кезекте  кәсіпорынның  қаржылық  стратегиясын  қалыптастыру  процесіне, 

қаржылық  қызметтің  жекелеген  аспектілері  бойынша  мақсатты  бағытталған 

саясат құруға, ағымдық және жедел қаржылық жоспарлар дайындауға. 

2) толықтылығы,  ол  кәсіпорынның  қаржылық  қызметінің  барлық 

аспектілері  бойынша  талдау  жүргізу,  жоспарлау  және  жедел  басқару 

шешімдерін  қабылдау  үшін  қажетті  ақпарат  көрсеткіштер  шеңберінің 

аяқталғандығын сипаттайды. 

3) әділдігі,  қалыптасқан  ақпарат  қаншалықты  қаржылық  қызметтің 

нәтижелерін  және  нақты  жағдайды,  сондай-  ақ  сыртқы  қаржылық  ортаны 

шынайы бейнелейтіндігін анықтайды. 

4) уақытылылығы, қалыптасқан ақпараттың пайдалану мерзімі бойынша 

талапқа сай келуін сипаттайды.  

Қаржылық  менеджментте  қолданылатын  кейбір  жекелеген  ақпарат 

көрсеткіштері  ақпараттық  жүйеде  сандық  өзгеріссіз  түрде  тек  бір  күн  ғана 

«өмір  сүреді»  (мысалы,  валюта  бағамы,  қор  нарығындағы  кейбір  ақша 

құралдары  мен  қор  құраларының  бағамы),  ал  кейбірлері  -  ай,  тоқсан  және 

т.с.с. 


5) түсініктілігі,  ақпараттың  құрылу  қарапайымдылығын,  белгілі  ұсыну 

стандарттарына  сәйкестігін  және  нақтылай  арналған  пайдаланушылардың 

ойына 

қонымды 


болуын 

анықтайды. 

Дегенмен, 

ақпараттың 

пайдаланушылардың  жекелеген  категориялары  үшін  түсінікті  болу  талабын 

кәсіпорынның  қаржылық  қызметіне  қатысушы  барлық  адамдардың  түсінуі 

үшін  әмбебап  қолжетерлік  болу  талабымен  шатастыруға  болмайды,  себебі 

ақпаратты дұрыс интерпретациялау үшін барлық пайдаланушылардың бірдей 

жеткілікті біліктілік деңгейі болмауы мүмкін 

6) релевантілігі 

(немесе 

сайлануы), 

ақпараттың 

кәсіпорынның 

қаржылық  қызметін  басқару  процесінде  жеткілікті  жоғары  дәрежеде 

пайдаланылуын  анықтайды.  Қаржылық  менеджмент  жүйесінің  «шектен  тыс 

ақпараттық  толығуы»  нақты  басқару  шешімдерін  дайындау  үшін  қажетті 

мәліметтерді  таңдау  процесін  қиындатады,  осы  шешімдердің  мәні  аз 




баламалы жобаларының қалыптасуына алып келеді, кәсіпорынның қаржылық 

қызметін басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуді қымбаттатады. 

7) салыстырылуы,  уақыт бойынша  кәсіпорынның  қаржылық  қызметінің 

нәтижелері  мен  жекелеген  актив  құндарын  салыстырмалы  бағалау 

мүмкіндігін,  басқа  ұқсас  шаруашылық  субъектілерімен  салыстырмалы 

кәсіпорынның қаржылық талдауын жүргізу мүмкіндігін және т.б. анықтайды. 

8) тиімділігі, 

қаржылық 

мееджменттің 

ақпараттық 

жүйесін 

қалыптастыруға  қатысты,  бұл  белгілі  бір  ақпарат  көрсеткіштерін  алу 

шығындары оларды сәйкес басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру 

кезінде  қолдану  нәтижесінде  алынатын  пайдадан  артып  кетпеуі  керектігін 

білдіреді. 

Қаржылық  менеджментті  ақпараттық  жабдықтау  жүйесінің  мазмұны, 

оның  көлімі  мен  тереңдігі  кәсіпорын  қызметінің  салалық  ерекшелігімен, 

қызмет  етуінің  ұйымдық-құқықтық  нысанымен,  қаржылық  қызметті 

диверсификациялау  дәрежесімен  және  т.б.  шарттармен  анықталады.  Бұл 

жүйенің  нақты  көрсеткіштері  сыртқы  және  ішкі  ақпарат  көздері  есебінен 

қалыптасады [8]. 

Елдің  халық  шаруашылығын,  салаларды,  кәсіпорынды,  яғни  ұйымды 

қарастырғанда  оның  материалдық,  қаржылық,  еңбек  және  табиғи, 

энергетикалық  ресурстарын  ажыратамыз.  Қазіргі  уақытта  бұлардың  жақсы 

қызмет  етуі  үшін  аталған  ресурстар  жеткіліксіз.  Маңызды  ресурстардың  бірі 

ақпарат болып отыр. Сондықтан ақпарат, ақпараттық ресурстар қазірде жеке 

экономикалық  категория  ретінде  қарастырылады.  Ақпараттық  ресурстарды 

ақпараттық жүйедегі бар барлық ақпарат көлемі ретінде анықтауға болады. Ел 

үшін  -  елдің  ақпараттық  ресурстары,  ұйым  үшін  -  ұйымның  ақпараттық 

ресурстары.  Басқаша  айтқанда,  бұл  оның  құрушысынан  алшақтатылған, 

материалдық тасушыларға бекітілген және қоғамдық қолданыс үшін арналған 

білімдердің  барлық  ауқымы.  Ақпараттың  болуы  елдің,  саланың, 

кәсіпорынның  дамуын  айқындайды.  Ақпараттың  пайда  болу  көзінен 

тәуелділікте  ұйым  шеңберінде  оның  ақпарттық  ресурстарын  құрайтын  ішкі 

және сыртқы ақпараттары болады. Ішкі ортаның ақпарттары, ереже бойынша 

дәл  және  қаржылық-шаруашылық  жағдайды  толық  бейнелейді.  Оны  өңдеу 

стандартталған  қалыптасқан  процедуралар  көлемімен  жүзеге  асырылуы 

мүмкін.  Сыртқы  орта  ақпараттары  -  кәсіпорын  шегінен  тыс  әрекет  ететін 

экономикалық  және  саяси  субъектілер  және  олармен  қарым-қатынас.  Бұл 

кәсіпорынның 

клиенттерімен, 

жеткізушілерімен, 

делдалдармен, 

бәсекелестермен,  мемлекеттік  органдармен  және  т.б.  экономикалық, 

әлеуметтік,  технологиялық,  саяси  және  басқа  да  қатынастары.  Сыртқы  орта 

ақпараттары,  әдетте  жуық,  дәл  емес,  жеткіліксіз  және  қарама-қайша  болып 

келеді.  Ақпараттық  ресурстарға  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

нәтижесінде  қандай  да  бір  жаңа  ақпарат  немесе  жаңа  түрдегі  ақпарат 

құрылады.  Ақпараттық  жүйенің  және  ақпаратық  технологияның  бұл  өнімі 

ақпараттық өнім немесе қызмет деп аталады. Ақпараттық қызмет - ақпараттық 

өнімді  пайдаланушы  иелігіне  беру  және  ұсыну.  Тұтынушыға  қандай  да  бір 



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау