авиакомпаниясы РГП, «Каспий құбыр-өткізгіш консорциумы – К», «Делойт и
Туш» ЖШҚ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» филиалы, «Кар-Тел»
ЖШҚ, «ТД Heaven house» ЖШҚ, «Тенгизстройсервис» ЖШҚ, «Michael
Wilson and Partners», «Procter & Gamble Kazakhstan» ЖШҚ, TH
KazmunaigazAG, «Нефтестройсервис Лтд» ЖШҚ, «31 арна ТРК»,
«Тенгизнефтестрой» АҚ.
Сенім, клиентке бейімделушілік және жаңашылдық Қазақстандағы
Allianz қызметінің негізгі принциптері болып саналады. Allianz қазіргі
сақтандыру технологияларын дамыту, қызмет көрсету саласында жаңашыл
компания
екендігімен,
сондай-ақ
клиентке
компания
өнімінің
сақтанушылардың қажеттіліктеріне аса толық деңгейде сәйкесуіне мүмкіндік
беретін жекеше қадам жасауымен, қызмет көрсету сапасының халықаралық
қалыпқа бейім болуымен ерекшеленеді.
Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы. Allianz S.E әлемнің
ірі корпорациялары тізімінде top 25-ке кіреді. Allianz бренді 24 млрд. евродан
артық тұрады.
Allianz Қазақстан – халықаралық стандарттар бойынша есеп жүргізетін,
бәсекеге бейімді сақтандыру өнімдерін ұсынатын және қызмет көрсетудің
жоғары деңгейімен ерекшеленетін ашық та адал компания. Allianz
Қазақстанның тармақталған филиалдар желісі еліміздің барлық облыс
орталықтарына және Алматы, Астана қалаларына таралған.
1.3 кесте - Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы
Міндетті сақтандыру бойынша (серия ОС
№ 2.1.24 29 cәуір 2009 жылғы):
1. көлік құралдары иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2. тасымалдаушының
жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
3. жекеше
нотариустардың азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
4. қызметтері үшінші тұлғалардың өміріне,
денсаулығына қауіп төндірумен байланысты
қауіпті нысан иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
5. жұмысшының
еңбек
(қызметтік)
міндеттемелерін орындау кезінде оның өміріне,
денсаулығына және (немесе) мүлігіне келтірілген
залалды өндіру бойынша жұмыс берушінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Ерікті жалпы сақтандыру бойынша (29 cәуір
2009 жылғы ЕЖС сериялы № 2.1.24):
1. жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
2. ауырған жағдайдан сақтандыру;
3. автокөлікті сақтандыру;
4. әуе құралын сақтандыру;
5. жүкті сақтандыру;
6. мүлікті залалдан сақтандыру;
7. басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
8. автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
9. әуе көлік құралдары иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
10. Cу көлік құралдары иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11. 8-10 тармақтарда көрсетілген топтарды
қоспағанда,
азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті
сақтандыру.
1.3 Сақтандыру компаниясының қолданатын ақпараттар технологиясы
Технология дегеніміз - материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы,
немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы
бойынша технология дегеніміз - түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік
беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс
сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында
да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар
екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек
дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат
көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.
«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған
былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты
өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар
үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз - ақпаратты
оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың
берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық
технология дегеніміз - ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар
мен әдістер жиынтығы».
Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып,
кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты
тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін
суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық
технология дегеніміз - бұл ақпараттық технология [5].
1.3.1 Ақпараттық жүйенің қасиеттері, құрылымы және классификациясы
Ақпарат – белгісіздік дәрежесін азайтатын, білім толықсыздығын
кемітетін және хабарға айналған, яғни адамдардың оларды ауызша, жазбаша
және басқа да әдістермен беруді жүзеге асыруына болатын, қоршаған орта
туралы деректер.
Ақпараттың жоқтығы ақпараттық қажеттілікті – заттар туралы жеке
білім мен қоғамда жинақталған білімдер арасындағы айырмашылықты саналы
түсінуді тудырады. Өндірістің, қоғамның барлық сфераларының ақпаратпен
толығуы ақпарттану деп аталады. Бірте-бірте қанығу процесі ақпараттық
қоғам деп аталатын қоғамға алып келеді. Бұл қоғам барлық адамзаттың,
ұйымдардың және мемлекеттің ақпарттық қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін жағдай жасалған, жұмысшылардың көбі не ақпарат өңдеумен,
сақтаумен, өткізумен айналысатын, не өз өндірістік міндеттерін осы
процестерсіз орындай алмайтындай жағдайда болатын қоғам. Бұл мұндай
қоғамның азаматтары қандай да бір ақпарттық мәдениетке – ақпартпен жұмыс
жасау біліктілігіне және оны алу, өңдеу және беру үшін компьютерлік
ақпарттық технологияларды пайдалану біліктілігіне ие болатындығын
білдіреді. Ақпарат келесілер бойынша ұйымға көмектеседі:
- ұйымның стратегиялық, тактикалық және оперативтік мақсаттары мен
міндеттерін анықтауға;
- ұйымның, оның бөлімшелерінің және ондағы процестердің жағдайын
бақылауды жүзеге асыруға;