мазмұнды ұсынғанда ақпараттық өнім спецификалық қызмет түрінде
қатысады.
Ақпараттық өнімдер қызметтерге мыналар жатады:
1) байланыс;
2) ақпарат – мәліметтерді, білімдерді, сондай-ақ танымдық мақсаттар
үшін оларды өңдеудің программалық құралдарын қамтитын ақпараттық өнім
түрі:
- іскерлік ақпарат – биржалық, қаржылық, саяси және шаруашылық
ақпарат(бағалы қағаздар бағамы, валюта курсы, нарықтық жағдайлар туралы
мәліметтер, т.б.), статистикалық ақпарат(әлеуметтік, демографиялық,
экологиялық және т.б.), коммерциялық ақпарат(компаниялар, өнімдер,
бағалар, вакансиялар және т.б. бойынша), басқарушылық мәліметтер мен
хабарлар, шешім қабылдау бойынша нұсқаулар, жарнамалық мәліметтер;
- мамандарға арналған ақпарат немесе кәсіби ақпарат;
- тұтыну ақпараттары – жаңалықтар және әдебиеттер(жаңалық
қызметінің
ақпараттары,
электрондық
журналдар,
анықтамалар,
энциклопедиялар), тұрмыстық және тұтынушылық ақпараттар(көлік кестесі,
тауар тапсырыстары, т.б.), ойын-сауық ақпараттары(ойындап, телетекст,
видеотекст, түрлі формадағы көркемдің мәдениет объектілері);
- білім беру қызметтері – компьютерлік және компьютерлік емес
оқулықтар, әдістемелік материалдар, ойындар және т.с.с;
- қамтамасыз етуші ақпараттық құралдар мен жүйелер – программалық
өнімдер, техникалық құралдар, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық
технологияларды жасау және оларға қызмет көрсету, жоба түріндегі,
технологиялық және әдістемелік жұмыстар түріндегі ғылыми-техникалық
өнімдер, ақпарттық индустрияның түрлі аспектілері бойынша кеңес берулер,
мәліметтер базасы түрінде ақпарат көздерін дайындау.
3. ойын-сауық - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесін
ұсынатын демалуға арналған ақпараттық өнім түрі [9].
1.3.2 Ақпараттық жүйелер, мәні және оларды жабдықтау
Экономикалық ақпараттық жүйе – экономикалық объектінің тікелей
және кері ақпараттық байланыстарының ішкі және сыртқы ағымдарының,
әдістерінің, құралдарының, сондай-ақ басқару шешімдерін дайындау және
ақпараттарды өңдеу процестеріне қатысушы мамандардың жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің миссиясы - ұйымның барлық ресурстарын тиімді
басқаруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өндіружәне оны
басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық орта құру.
АЖ мен ақпараттық технологияның айырмашылығы неде? Ақпараттық
технология АЖ шеңберінде жүзеге асырылады. Ақпараттық технология
ақпаратты түрлендіру әдісі. АЖ-да бұндай технологияның бірнешеуі
қолданылу мүмкін. Бұл жүйе технологияны жүзеге асыруға қажетті орта
болып табылады. Дегенмен ақпараттық технология ақпараттық жүйе
ұғымынан кеңірек. Себебі ақпараттық технология жүйеден тыс та болуы
мүмкін.
Ақпараттық технология – бұл ақпаратты жинау, беру, өңдеу, сақтау,
ұсыну және пайдалану әдістері мен тәсілдерінің жүйесі. Ақпараттық
технология автоматтандырылған және дәстүрлі түрде жүзеге асырылуы
мүмкін. Кез келген жүйенің негізінде процесс жатыр, АЖ-ң негізінде –
ақпаратты өндіру процесі. Осы тұрғыдан алғанда ақпараттық жүйені басқару
жүйесі, ал ондағы осы процессті басқару объектісі ретінде қарауға болады.
Автоматтандырылған
АЖ
екі
бөлімнен
тұрады:
атқарымдық(функционалдық) және жабдықтау.
АЖ-ң атқарымдық бөлімі – бұл жеке және кешендік мәселелерден
тұратын қосалқы жүйелердің жиынтығы және экономикалық жүйенің нақты
мәселелері.
Жабдықтау бөлімі – бұл жүйенің автоматтандырылған тәртіптемесіндегі
жұмыс істеуіне қажетті шарттардың жиынтығы.
АЖ-ны жабдықтау бөлімінің құрылымы:
- ҰЖ- ұйымдастыруды жабдықтау;
- АЖ – ақпараттық жабдықтау;
- ТЖ1 – техникалық жабдықтау;
- ЛЖ – лингвистикалық жабдықтау;
- ТЖ2 – технологиялық жабдықтау;
- ЗЖ – заңдық жабдықтау;
- МЖ – математикалық жабдықтау;
- ЭЖ – эргономикалық жабдықтау;
- ПЖ – программалық жабдықтау.
Ұйымдастыруды жабдықтау – АЖ-ны құру(жобалау) және оның жұмыс
жасауы барысында қолданылатын шаралар, әдістер және құралдар кешені.
Ұйымдық қамтамасыз етудің мақсаты жүйені құру мен оны әрі қарай
пайдаланудағы құқықтық-ұйымдастыру негіздерін қалыптастыру болып
табылады. Оған жобалау жұмыстарын жүргізуді анықтайтын әдістер,
құралдар мен құжаттар, оларды енгізу, таңдау, АЖ-ң атқарымдық және
жабдықтау бөлімдерінің дұрыс құрылымын анықтау және рәсімдеу жатады.
Техникалық жабдықтау – бұл АЖ-ң жұмыс жасауы барысында
қолданылатын техникалық құралдар кешені(ТҚК). ТҚК құрамына ақпаратты
жинақтау және тіркеу құралдары, ақпаратты табыстау құралдары, машиналық
тасығыштарды даярлау құралдары, ақпаратты өңдеу құралдары, ұйымдастыру
техникасының құралдары жатады.
Технологиялық жабдықтау - бұл ақпарттық технологиялар және
олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау
әдістерінің жиынтығы.
Математикалық жабдықтау - бұл ең озық есептеу техникасының
көмегімен ақпараттарды өңдеу және есептерді шешуге арналған
математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы.
Программалық жабдықтау - бұл ТҚК-ң қызметін қамтамасыз ететін АЖ-
ң функциясын жүзеге асыратын программалар жиынтығы. ПЖ екі бөлімнен
тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ. Жалпы программалық жабдықтауға
операциялық жүйе, программалық өнімдерді жасау құралы(программалау
жүйесі) және сынақтық программалар жатады. Арнайы ПЖ-ға қолданбалы
программалық пакеттер, жеке есептерді шешу программалары кіреді.
Ақпараттық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйеде қолданылатын
техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың
бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының
үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы. Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс
және машина ішілік болып бөлінеді.
Лингвистикалық жабдықтау - бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің
тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен
байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, ғылыми-
техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелерінің
жиынтығы.
Заңдық(құқықтық) жабдықтак - АЖ-ң ұйымдастырылуын, оның
мақсаты мен мәселелерін, құрамы мен функцияларын, оның барлық
буындарының құқықтық мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік
актілер мен өрнектелетін, сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін
реттеу үшін тағайындалатын нормалар жиынтығы.
Эргономикалық жабдықтау - бұл жұмыстың әртүрлі сатысындағы
адамдардың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауына дұрыс жақсы жағдайлар
жасау және сонымен қатар оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен
құралдар жиынтығы.
АЖ-ң атқарымдық бөлімі оның тағайындалуы мен міндеттерінің іске
асырылуын қамтамасыз етеді. Әдетте, АЖ-да атқарымдық бөлік
функциональдық белгілер бойынша ішкі жүйелерге бөлінеді:
- басқару деңгейі бойынша(жоғары, орта, төмен);
- басқаратын ресурс түрі бойынша(материалдық, еңбек, қаржылық және
т.с.с.);
- қолдану аясы бойынша(банктік, қор нарығының және т.б.);
- басқару функциясы және басқару кезеңі.
Экономикалық объектілердің шаруашылық тәжірибесінде ақпараттық
жүйе жіктелімінің атқарымдық белгісін анықтайтын қызметтің типтік түрлері
болып өндірістік, маркетингтік, қаржылық және кадрлық қызметтер
табылады. АЖ-ң атқарымдық тағайындалуын жақсы түсіну үшін төмендегі
кестеде АЖ-ң әрбір түрлерінде шешілетін типтік міндеттер келтірілген [14].
1.3.3 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері
Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды
факторы болып басқаруды жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері
мен формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық
Достарыңызбен бөлісу: |