ЖОБА
«Электрмен жабдықтау (салалары бойынша)» кәсіби стандарты
Жалпы ережелер
1. «Электрмен жабдықтау (салалары бойынша)» кәсіби стандарты білім
беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда оқытуға,
білім беру мекемелері қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға,
персоналды басқару саласындағы міндеттердің кең шеңберін шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы
орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты
еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын
қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар
жиынтығы;
3) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
4) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін
қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер
жиынтығы;
5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік
деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын
тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар
және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас
жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
7) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы
тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік
дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін
құрылымдық жағынан сипаттау;
9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың
біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды
реттеу тетіктерінің жиынтығы;
10) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік
деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
1) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
2
2) КС – кәсіби стандарт;
3) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
4) ҰБЖ – ұлттық біліктілік жүйесі;
5) ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері.
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарт атауы: Электрмен жабдықтау (салалары бойынша).
5. Қызметтің кәсіби стандартын әзірлеу мақсаты: Электрмен жабдықтау
(салалары бойынша)кезінде сұранысқа ие кадрларды бағалау, аттестаттау,
даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Электрмен жабдықтау
(салалары бойынша)жататын негізгі кәсіптердің сипаттамасы, сондай-ақ құю
өндірісі саласында техникалық қамтамасызетуді орындайтын жұмыскерлердің
жұмысы мен еңбек функцияларының сипаттамалары.
7. Негізгі топ:.
Кәсіби топ: Электрмен жабдықтау (салалары бойынша).
2. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіптер тізбесі:
Тарату құрылғысының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі
электрослесарь, СБШ бойынша біліктіліктің 2-3 деңгейі;
Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек жөніндегі электр монтажшы,
СБШ бойынша біліктіліктің 2-4 деңгейі;
Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь, СБШ
бойынша біліктіліктің 2-3 деңгейі;
Техник - электрик, СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі.
«Электрмен жабдықтау (салалары бойынша)»
кәсіби стандартына қосымша
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Тарату құрылғысының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь»
Кәсіптің коды
7241
Кәсіптің атауы:
Тарату құрылғысының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
2
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
2-3
Кәсіби білім деңгейі
СБШ бойынша 2-деңгей
Негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде практикалық тәжірибе және/немесе
кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).
Еңбек функциялары:
1. Жұмыс орнын жұмыс орындауға дайындау.
2. Такелаждық жұмыстар.
3. Бөлшектерді слесарлық өңдеу.
4. Тарату құрылғысының электр жабдықтарын монтаждау және демонтаждау. Тарату құрылғысының
жабдықтарын жөндеу.
5. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау.
1-еңбек функциясы
Жұмыс орнын жұмыс орындауға
дайындау
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2
(біліктілік разряды: 2)
Білігі мен дағдылары:
1.Слесарлық құрал-саймандарды, мүлікті, құрылғыларды және материалдарды жұмыс орнына апару,
жұмысқа дайындау.
2. Жабдықтардың демонтаждалған және құрастырма бөлшектерін тазалау, жуу және сүрту.
Білімі:
1. Тарату құрылғыларының жабдықтарын техникалық тексеру және жөндеу кезіндегі жұмыстарды
орындау ережесі; құрал-саймандар, құрылғылар.
2-еңбек функциясы
Такелаждық жұмыстар
Білігі мен дағдылары:
1.Біліктілігі жоғарырақ электрослесарьдың басшылығымен күрделі емес такелаждық жұмыстарды
істеу.
2. Қарапайым механикаландыру құралдарының көмегімен такелаждық жұмыстарды орындау.
Білімі:
1. Жүк көтергіш механизмдерге қойылатын жалпы талаптар, кранмен жұмыс істеу кезіндегі дабыл
жүйесі, кіші механикаландыру құралдарымен такелаждық жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері, кіші