Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру туралы қажетті



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет18/29
Дата15.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#13843
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

- деректер  қоры  қайта  ұйымдастыруда  және  пәндік  облысты 

үлкейткенде оңай кеңейтілуі керек; 

- деректер қоры программалық және аппараттық ортаны өзгерткен кезде 

оңай өзгеруі керек; 

- деректерге рұқсат, тек лайықты билігі бар адамдарға бар. 

Осы  жоғарыдағы  себептерге  байланысты  мен  Visual  Studio  2010 

таңдадым. 

Ақпараттық  технологияның  қарқынды  дамуы  негізінде  программалау 

тілдері де кеңінен қолданыла бастады. Төменгі курста Pascal, C процедуралық 

программалау  тілін  меңгерген  студенттер  жоғарғы  курстарда  Borland  Delphi, 

C++ Builder, C# сияқты объектілі бағдарлы программалау тілдерін қолданып, 

Windowsқа арналған әртүрлі жобалар жасауды жүзеге асырады [22].  

Қазіргі  заманғы  кең  қолданылатын  программалау  тілі  болып  С  тілі 

табылады.  Оның  объектілі  бағдарлы  кеңейтілуі  болып  саналатын  Borland 

C++Builder  тілі  Borland  Delphi  тілінің  объектілі  -  компонентті  құрылымы 

сақталған қуатты тілдердің бірі болып табылады.  

Заманауи  программалық  платформаларды  және  прогаммалауды 

автоматтандырудың  құрал-жабдықтарын  қолдану  ақпараттық  жүйенің 

программалық  қамтамасыздандыруын  құрудың  ажырамас  талабы  болып 

табылады.  Microsoft  компаниясының  .NET  платформасы  көптеген 

программалық  жүйе  құрастырушыларының  тәжірибесі  шоғырланған  жаңа 

құрастыру  жүйесі  болып  табылады.  Арнайы  .NET  платформасы  үшін 

Microsoft  компаниясы  C#  –  толық  функционалды  объекті-бағдарланған 

программалау  тілін  құрастырып  шығарды.  Бұл  тіл  C++,  Java  тілдерінің  ең 

жақсы сапаларын өзіне алды.  

Қуатты функционалдығына қарамастан, C# тілі қарапайым, сенімді және 

қауіпсіз  тіл  болып  табылады.  C#  тілін  мақсатты  түрде  Windows-

қолданбаларын, сонымен  қатар, Web-қолданбаларын құруға қолданады. 

C# тілі (1998-2001ж. С# тілі бойынша жұмыс істейді, 1.0 – 2002ж., 2.0 –  

2005ж.,  3.0  –2008ж.,  4.0  –  2010ж.)  программалау  тілі  облысында  ең  ірі 

жаңалық  болып  табылады.  Бұл  программалау  тілі  21-ғасырда  құрылған. 

Microsoft қойнауында жарыққа шығып, ол өзінің бірінші қадамында-ақ күшті 

қолдауға ие болды. Бұл тілді халықаралық қауымдастық мойындаған. C# тілі 

жаңа тіл және интенсивті түрде дамып жатыр. Тілдің әрбір жаңа нұсқасында 

жаңа қасиеттер қосылып отырады. 

C#  тілін  құрған  топтың  жетекшісі  Microsoft  қызметкері  Андерс 

Хейлсберг. Ол программалаушылар әлеміне Microsoft-ке келмей тұрып белгілі 

болған. Хейлсберг ең атақты құрастыру ортасының бірі  – Delphi-дің жетекші 

құрастырушыларының қатарында болды. Microsoft-та ол Java – J++ тілдерінің 

нұсқаларын  құруға  қатысты.  Андерс  Хейлсбергтің  өзі  айтып  кеткендей,  C# 

компонентті  программалау  тілі  ретінде  құрылды,  бұл  тілдің  басты  қасиеті, 

яғни құрылған компонентті қайталап қолдану мүмкіндігін береді.  




Компилятор арқылы құрылған компоненттер өзі құжатталатын, сондай-

ақ  программалық  кодтан  өзге  құрамында  компонентті  сипаттайтын 

метаақпарат бар, сондықтан әртүрлі платформада орындалуы да мүмкін [1]. 

Басқа маңызды факторлардан келесілерді атап өтсек болады: 

- C# .NET Framework каркасы мен параллель құрылды және бірге дамып 

жатыр, яғни толық түрде оның барлық мүмкіндіктерін ескереді; 

- C# толығымен объекті-бағдарланған тіл болып табылады; 

- C# мұрагерлік және әмбебаптану мүмкіндігі бар қуатты объектілік тіл 

болып табылады; 

- C#  C++  тілінің  мұрагері  болып  табылады.  Тілдің  жалпы  синтаксисі 

және оның жалпы операторлары С++-тан C#-қа ауысуды жеңілдетеді; 

- өзінің ата-анасының негізгі қасиеттерін сақтай отырып, тіл қарапайым 

және сенімді болды; 

- операциялық  жүйеге  қондырма  болып  келген  .NET  Framework 

каркасының  арқасын-да,  C#  программалаушылары  виртуалдық    машинамен 

жұмыс істеудің артықшылықтарын алады; 

- NET Framework C# -та қолданбаның алуан түрлілік типін қолдайды; 

- сенімді  және  тиімді  кодты  құруды  жүзеге  асыруда  C#-тың  жетістігіне 

әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. 

C#  тілі  қандай  бағытта  дамып  жатыр?  3.0.  нұсқасында  пайда  болған 

жаңалықтарды атап  өтейік.  Бірінші  орында  –  C#-та сапалы  түрде  жаңа  типті 

жобалардың  құрылу  мүмкіндігі.  Әрине,  жобалардың  жаңа  типтерін  тілдің 

жаңалықтарына қатыстыруға болмайды. Бұл мүмкіндіктерді .NET Framework 

3.5 каркасы мен Visual Studio 2008 береді.  

Бірақ,  тіл,  құрастыру  ортасы,  каркас  ортасы  тығыз  байланысты 

болғандықтан,  C#-та  программалаушы-ның  көзқарасы  бойынша,  C#-та 

программалық жобаларды құру мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейген. 

Екінші  орында  –  LINQ  (Language  Integrated  Query,  Интегралданған 

сұраныс  тілі  –  Visual  Studio  2008-бен  бірге  2007  жылы  қарашаның  соңында 

шықты) атауына ие болған жаңа сайманның пайда болуы. Бүгінгі таңда C#-та 

бірде-бір маңызды жоба сыртқы мәліметтер көздерімен алмасусыз жүрмейді, 

олар — мәліметтер базасы, Интернет және өзге де қойма көздерімен. Мұндай 

жағдайларда арнайы объектілер (ADO.NET немесе оның алдыңғы нұсқалары) 

қолдануға тура келді. 

ADO  (ағыл.,  ActiveX  Data  Object  —  «ActiveX  мәліметтерінің 

объектілері»)  —  ActiveX  компонентінің  технологиясына  негізделген  және 

Microsoft компаниясы (MS Access, MS SQL Server) құрастырған мәліметтерге 

қол жетімділік үшін арналған қолданбаны программалау интерфейсі. ADO әр 

түрлі  үлгідегі  көздерден  мәліметтерді  (реляционды  мәліметтер  базасы, 

мәтіндік  файлдар  және  т.б.)  объекті-бағдарланған  түрде  ұсыну  ға  мүмкіндік 

береді.  ADO  мен  жұмыс  кезінде  SQL  (Structured  Query  Language, 

Құрылымдалған  сұраныстар  тілі)  –  сұраныстың  арнайы  тілін  қолдану  керек 

болатын.  



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау