Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру туралы қажетті



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет9/29
Дата15.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#13843
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

құралдардың  көмегі  арқылы  ақпараттың  жиналуы,  өңделуі  мен  жіберілуінің 

әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы 

негізінде жүріп жатыр. 

Түрлі  ақпаратты-техникалық  жаңалықтарды  басқару  аппаратының 

арзандауы    мен  кішіреуі  ретінде  қабылдау  керек.  Мысалы  телефон,  радио, 

телевидение, персоналды компьютерлер, локальді және глобальді – Интернет 

компьютерлік  желілердің  шығуы  кәсіпорынды  басқарудағы  ақпаратық 

қамсыздандыруының  дамуына  алып  келді.  Сонымен  кәсіпорынды  басқаруда 

ақпараттың  маңызы  әрдайым    өсіп  келе  жатыр,  оның  себебі  әлеуметтік-

экономикалық  ерекшеліктердің  өзгеруі,  техника  және  технология  саласында 

жаңа  жетістіктері,  ғылыми  ізденістер.  Ғылыми-техникалық  революция 

ақпаратты  өндіріс  процессінің  маңызды  факторы  ретінде  шығарды. 

Ақпараттық  процесс  жұмыс  күшінің  өнімділігінің  жоғарлату,  өндіріс 

процессінің  тиімді  ұйымдастыру  құралы  ретінде  жаңа  техниканың  жұмыс 

істеу шарты болып табылады [11].  

Басшыларға  әсіресе,  қаржылық  бөлімдердің  басшыларына  бүкіл 

кәсіпорынға  байланысты  күрделі  шешімдер  қабылдау  керек.  Ал  жедел 

міндеттердің  шешімдермен  толы  болуы  басқару  процессін  одан  әрі 

күрделендіреді. 

Кәсіпорындаға жақсы ақпараттық жүйе мыналарды береді: 

- біртұтас  мәліметтер  базасы  негізінде  басшылар  мен  қызметкерлерге 

толық,  шынайы  және  жедел  ақпаратты  қамтамасыз  ете  отырып  кәсіпорынды 

басқару тиімділігін жоғарлату. 

- документтердің  айналымын  оптимизациялау  мен  стандарттау  арқылы 

іс жүргізу процессін жеңілдету. 

- процесстерді  автоматтандыру  арқасында  қызметкерлерді  көптеген 

жұмыстардан босатып оларды мамандық ісіне бағыттауға мүмкіндік береді. 

- басқарудың  барлық  деңгейінде  ақша  құралдары  мен  материалды-

тауарлы запастардың сенімді бақылануын қамтамасыз етеді 

- орталық  аппарат  пен  бөлімшелердің  өзара  ақпарат  алмасуын 

қамтамасыз ету 

- ақпаратты  өңдеудің  барлық  деңгейлерінде  ақпарат  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету және т.б.   

Кәсіпорындағы ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары мыналар болып 

табылады: 

- кәсіпорын қызметі және сыртқы орта туралы ақпаратты жинау, өңдеу, 

сақтау  және  қаржылық  немесе  кез-келген  басқа  талдау  үшін  ыңғайлы  түрде 

беру және басқарушылық шешімдерді қабылдауда оларды пайдалану. 

- кәсіпорынның 

бизнесс 


(технологиялық) 

операцияларын 

автоматтандыру. 

Ақпараттық  жүйенің  нағыз  тиімділігін  бағалау  үшін  жақсы  құрылған 

ақпараттық жүйенің атқаратын міндеттерін түсіну қажет. 

Өндіріс  процессін  жоспарлау.  Түрлі  деңгейлердегі  стратегиялықтан 

бастап  жеделге  дейін  өндіріс  жоспарларын  құру  және  өндіріс  қуаты  мен  адам 



ресурстарына  сәйкес  олардың  жүзеге  асу  мүмкіндігін  тексеру.  Жоспарлардың 

нақтылануы  әр  деңгецде  әртурлі  болып  келеді  –  стратегиялық  жоспарлау 

міндеттерін  шешуге  керекті  өнім  жиынынан  бастап  өндірісті  жедел  басқаруға 

керекті нақты материалдар мен өндіріс операцияларға дейін [12]. 

Сатып алуды, сатуды, запастарды басқару. Бұл сатып алу, сату, өндіріс, 

қойма 


запастарын 

есепке 


алу 

және 


жоспарлау 

процесстерін 

автоматтандырылуы. 

Қаржыны  басқару.  Әдетте  бұл  бугалтерияны  жүргізу,  дебитор    мен 

кредиторлармен  есеп  айырысу,  негізгі  құралдарды  есепке  алу,  қолма-қол 

ақшаны басқару, қаржылық қызметті жоспарлау; 

Қызметкерлерді  басқару.  Қызметкерлерді  басқару  жүйеастында 

қызметкерлермен  жұмыс  істеуге  байланысты  барлық  істер  жүзеге  асырылған: 

қызметкерді  жұмысқа  алу,  босату,  қызметкер  туралы  мәліметтерді есепке  алу, 

олардың  қызметте  жоғарлауын  жоспарлау,  жалақыны  есептеу  және  жұмыс 

уақытын  есепке  алу.  Қызметкерлерді  белгілі  бір  ресурс  ретінде  қарастыра 

отырып  ақпараттық  жүйені  пайдалану  өндіріс  жоспарларын  қызметкерлердің 

потенциалымен  салыстыруға мүмкіндік береді [13].  

Проекттер  мен  бағдарламаларды  басқару.  Бүгінгі  кәсіпорын  қызметі 

түрлі  өндірістік  проекттер  мен  бағдарламаларды  жүзеге  асырумен 

ерекшеленеді. 

Өнім  мен  технологиялық  процесстерді  жоспарлау.  Өнім  құрамы,  оны 

өндірудің технологиылық жолдары, тапсырушының талаптарына сәйкес өнімді 

жетілдіру  туралы  ақпарат  және  осындай  өнім  шығарған  кездегі  кәсіпорынның 

шығындарын анықтау. 

Көріп  отырғанымыздай  ақпараттық  жүйелер  көп  нәрсені  істей  алады. 

Алайда  мұндай  жүйені  қаржыландыру  тиімдігін  жоғарлату  үшін  қандай 

жүйенің керек екендігін анықтап алу керек. Мұндай жерде неғұрлым функция 

көп болса соғұрлым жақсы деп ойлау да қате болады. Себебі жүйе үлкен болған 

сайын  ол  қымбат  болады  және  оның  барлық  функционалдық  мүмкіншіліктері 

пайдалынбауы мүмкін, содан ол өз-өзін ақтамауы мүмкін [15]. 

Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған 

мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. «Технология» ұғымының 

(мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде 

өнімді  әзірлеу  тәсілдерінен  және  өзара  байланысқан  материалдарды  өңдеу 

жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану 

негізінде  ақпараттық  жинау,  жіберу,  өндеу,  жинақтау.  сақтау  тәсілдерін 

қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз. 

Ақпараттық  технологиялар  ақпараттық  үрдістердің  әр  қилылығына 

байланысты мынандай технологияға жіктеледі: 

- ақпаратты жинау; 

- ақпаратты жеткізу; 

- ақпаратгы өндеу; 

- ақпаратгы жинақтау; 

- ақпаратты сақтау; 




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау