және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді
жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық –
несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды
талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі
сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа
ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл
атқарады.
Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға
төтеп
берді.
Осыған
орай
мүліктік
сақтандыру
нарығын
демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде
айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда
бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік
бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік
нысандағы
сақтандыру
ұйымдары
құрылуда.
Сақтандырудың
бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде
сақтандыру жағдайындағы орын алған кемшіліктер ескерілген. Бұл процес
біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы қабылданған заңда бірқатар
кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар, әрине бұларды таяу уақыттарда
жөнге келтіру керек.
Адамзат алдына қойған қажеттілік пен тапсырмалардың артуына
байланысты есептеудің мәні мен қажеттілігі арта түсіп, бұл қажеттілік
есептеуді механикаландыру жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Адамдарға тез
жұмыс істейтін көмекшілер керек болғандықтан бұл есептеуіш техниканы
толық жетілдіруге мәжбүр етті, бірақ енді механикалық емес, ал электр
механикалық негізде.
Бұл жағдай электронды есептеу машиналарының (ЭЕМ) пайда
болуымен түпкілікті өзгерді. ЭЕМ-нің қарқынды дамуы 1980-жылдардың
соңында басталды. Осыдан кейін ғана тым үлкен интегралды жүйелерді
қолдану, тез әрекет жасау, әмбебаптық және басқа да мүмкіндіктер қолданыла
бастады.
Бізді қоршаған, әлемдегі айналымдағы ақпараттар ағыны өте ауқымды
және уақыт өте олар артуда.
Сондықтан, үлкенді-кішілі кез келген ұйымда тиімді жұмысты
қамтамасыз ету үшін деректерді басқарумен қиыншылықтар туындайды.
Кейбір ұйымдар бұл үшін папка толған сөрелер қолдануда, бірақ көпшілігі
компьютерлендірілген тәсілдерді таңдайды. Бұл - үлкен көлемдегі деректерді
сақтай алатын, жүйелей алатын деректер қоры болып табылады. Бүгіннің
өзінде деректер қорынсыз көптеген қаржылық, өнеркәсіптік және т.б.
ұйымдардың жұмысын елестету мүмкін емес.
Қазір ЭЕМ файлдарында ақпарат сақтау қағаз жүзіндегіге қарағанда
арзанырақ. Үлкен көлемді сақталған ақпаратты қолдану үшін жүйелік
құрылғылардың, деректерді жіберу құралдарының, жадының дамуынан басқа,
сұрауларды енгізе алатын, файлдарды оқи алатын, сақталған деректерді
модификациялай алатын, жаңа деректерді қоса алатын және сақталған
деректер негізінде шешім қабылдай алатын адам мен ЭЕМ арасындағы
диалогты қамтамасыз ететін құралдар керек.
Бұл функцияларды орындай алатын мамандандырылған құралдар
жасалған – деректер қорын басқаратын жүйелер (ДҚБЖ).
Осыларды қорытындылай келгенде, көтеріп отырған мәселемді өзекті
емес деп айтуға болмайды. Компьютері бар әрбір кәсіпорын өз мамандарының
жұмысын автоматтандыруға тырысады. Бұл олардың жұмысын оңайлатады
және тездетеді.
Осыған
байланысты
сақтандыру
компанияның
жұмысын
автоматтандыру қажеттілігі артып отыр.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Сақтандыру компанияның
ақпараттық жүйесін құру және жобалау».
Ғылыми жұмыстың мақсаты – сақтандыру туралы қажетті ақпараттарды
алу, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және архивті сақтау
процесін автоматтандыру болып табылады. Бұны іске асыру үшін келесі
тапсырмаларды орындау қажет:
а) берілген жоба бойынша қажетті материалдарды жинақтау;
ә) сақтандыру құжаттарын жинақтау, талдау жасау;
б) сұраныстар, есептер құратын программа дайындау;
в) сақтандыру базасын енгізу жүйесін автоматтандыру;
г) SQL тілімен сұраныстарды іске асыру;
ғ) ақпараттық жүйені CASE мүмкіншіліктермен іске асыру;
д) жасалған ақпараттық жүйені тесілеу.
1 Қазақстан республикасындағы сақтандыру
1.1 Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша
сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам
өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын
қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам
өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің,
олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе
резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары
болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары
түрінде қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
- сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып
табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны
және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың
осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді [1].
Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Сақтандыру қызметі-сақтық ұйымының сақтандырудың шарттарын
жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының
талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге
асырылатын қызмет. Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу
мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға
және түрлерге бөлінеді.
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі - “өмірді сақтандыру”
саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.
a) “Өмірді сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды:
1. өмірді сақтандыру;
2. аннуитеттік сақтандыру.
б) “Жалпы сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды:
1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2. медициналық сақтандыру;
3. автомобиль көлігін сақтандыру,
4. темір жол көлігін сақтандыру;
5. әуе көлігін сақтандыру;