Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіптік колледждерде техникалық



жүктеу 2,08 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата29.01.2020
өлшемі2,08 Mb.
#27587
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

көзі болып табылатын сүйікті іс. Осы орайда біздің  колледжіміз нағыз қоғамға 



қажетті мамандар әзірлеп жатқан, білім беру ордасының бірі [7]. 

Қазіргі  заманда  аса  маңызды  ресурстармен,  яғни  мұнаймен,  газбен, 

сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету және оларды тасымалдау белгілі бір 

дәрежеде пісірудің тиісті сапасына байланысты. Сапасыз пісірудің салдарын 

назарға ала отырып, пісіруші – бұл жұмысты тиісті түрде жүргізуде жауапты 

маман екенін ескеру қажет. Кез келген жағдайда пісіру жұмыстарының дұрыс 

орындалмауы  оның  түріне  қарамастан,  қолмен  немесе  автоматты  болса  да, 

өзге  де  технологиялық  артықшылықтарды  толығымен  жоққа  шығарады. 

Нәтижесінде  пісірілген  өнім  пайдалануға  жарамсыз  болады.  Өндірісте 

пісіруші  өте  маңызды  тұлға  болып  табылады,  сол  себепті  кәсіптік 

колледждердегі  оқушылардан  өз  ісін  жақсы  меңгерген  маман  даярлап 

шығаруға аса маңызды назар аударылуда.  

 

 

1.2 Колледждің материалдық базасы 



 

Талдықорған  сервис  және  технология  колледжінде  интерактивтік 

тақталар  кеңінен  қолданылады.  Барлық  оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту 

шеберлері осы тақта арқылы өздерінің жұмыс дағдыларын орындайды. Жалпы 

білім  беру  пәндері  және  мамандықтар  бойынша  өткізілетін  пән 

апталықтарында 

интерактивтік 

тақталарды, 

проекторларды 

және 


компьютерлерді пайдалану ұсынылды. 

Интерактивтік тақталар сабақтарда кеңінен пайдаланады: сабақ – ойын, 

сабақ – диалог, топтық жарыстар және т.б. 

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тәжірибелерін қорыта 

келе,  Алматы  облыстық  кадрларды  кәсіби  дамыту  институты  «Сабақтан 

сабаққа»,  «Оқытамыз  және  оқимыз»  әдістемелік  жинағын  басып  шығарды. 

Әдістемелік  жинақта  студенттердің  танымдық  қабілеттерін  дамыту  үшін 

сабақтарда  заманауи  технология  элементтерін  қолдану  ұсыныстары 

қамтылған. 

2012 жылы Электрондық оқыту жүйесі енгізілді. Бағдарлама шеңберінде 

жаңа  IT  жабдықтар  орнатылды,  барлық  кабинеттер  Интернет  желісіне 

қосылған компьютерлермен жабдықталған. 

Колледждің инженерлік-педагогикалық ұжымы - бұл 50 пайызы жоғары 

және  бірінші  санатты  оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту  шеберлерінен 

құралған тұрақты ұйымшыл ұжым. 

Колледжде даярланатын мамандықтар тізімі 

Талдықорған  сервис  және  технология  колледжі  еңбек  нарығының 

талаптарына  сәйкес  қызмет  көрсету  саласы  бойынша  мамандар  даярлайды: 

тігінші; шаштараз - модельер; компьютер құрылғыларына қызмет көрсететін 

техник; ЭЕМ операторы; радиоэлектрондық жабдықтарды жөндеу және оған 

қызмет көрсету жөніндегі радиомеханик (радио-, теле-, аудио-, бейне-); электр 

газымен  пісіруші;  аспаз;  дизайнер  (ақпараттық  технологиялар);  дизайнер 

(өнер және мәдениет); кондитер

;

 



 

 



1.3  Пісіруші мамандықтарын даярлауда блокты модульдік оқыту 

технологиясын пайдаланудың ерекшелігі және артықшылығы  

Кәсіптік колледждерде пісіруші мамандарын даярлау барысында блокты 

модульдік оқыту технологиясын пайдалану келесі міндеттерді шешеді: кәсіби 

маңызды  пәндерді  оқып  үйренуді  ынталандыру,  білім  сапасын  жоғарылату, 

жалпы  білім  беру  үдерісінің  деңгейін  жоғарылату  және  ақырындап  қазіргі 

жұмыс берушінің талаптарына жауап беретін жоғары білікті маман дайындау. 

Дәстүрлі  оқытуға  балама  ретінде  пайда  болған  модульдік  оқыту 

педагогикалық  теория  мен  практикада  жинақталған  барлық  мәліметтерді 

біріктіреді. Блокты модульдік оқытудың маңызы - оқушы өздігінен (өндірістік 

оқыту  шебері  оқытушысының  басшылығымен)  модульмен  жұмыс  істеу 

процесінде  кәсіби  біліктілікке  жету  болып  табылады.  Модульдік  оқытудың 

ерекшеліктерінің  бірі  -  әртүрлі  дәрежедегі  және  әртүрлі  деңгейдегі  кәсіби 

дайындық деңгейі бар студенттер үшін бағытталған. Модульдік бағдарламаға 

мыналар  кіреді:  модульдің  құрылымы  (спецификациясы),  теориялық  және 

өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ оқытушылар мен өндірістік 

оқыту  шеберлеріне  арналған  әдістемелік  нұсқаулар.  Модульдік  бағдарлама 

студенттің  кәсіби  біліктілігі  мен  мұғалімнің  технологиялық  біліктілігі 

қалыптасып, қол жеткізілетін дидактикалық құралдар мен әдістердің жүйесі 

болып табылады. 

Артықшылықтары: 

- оқу орны білім алушыларды қай мекемеге, қандай мамандыққа нақты 

дайындайтынын біледі және оқу үрдісінің кестесін сол кәсіпорынмен бірігіп 

жасайды; 

-  өндірістік  мекеме  мамандары  бірлесіп  жасаған  оқу  жұмыс 

бағдарламасы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман дайындауға кепіл 

бола алады; 

-  оқып  жатқан  жас  маман  жұмыс  орны  бар  екенін  білуі  оны 

жігерлендіреді,  білім  алуға  деген  қызығушылығын  қанағаттандырады  және 

үлкен  жауапкершілік пен қарауына ықпал етеді

-  модульді жүйе бойынша білім алған студент ертеңгі күні кәсіпорынға 

маман  ретінде  жұмысқа  қабылданғанда  практика  жүзінде  жұмыс  жасап 

көргендіктен, ешқандай қиындық туғызбайды; 

-  студент өз мамандығын жан-жақты меңгеріп шығады; 

-    білім  алушылар  жұмысшы  маман  ретінде  дайындалатындықтан  тек 

өзіне тиесілі пәндерді ғана оқиды. 

 



10 

 

2 Технологиялық бөлім 



 

2.1 Пісіру ісінің негіздері туралы жалпы мәліметтер 

 

Пісіру  деп  қатты  материалдарды  химиялық,  физикалық  және 

механикалық  энергия  арқылы  жергілікті  әсер  ету  арқылы  ажырамайтын 

қосылыс  алу  процесін  айтады.  Металдарды  пісіру  молекулааралық  немесе 

атомаралық байланыстар нәтижесінде жүргізіледі.  

Металдарды  пісіру  мыналарға  қолданылады:  тозған  бөлшек  беттерін 

балқытып  қаптастыру  үшін;  ақауларды  жою  үшін  (жарықтарды,  қуыстарды 

және т.б.);  



Механикаландыру  түрі  бойынша  пісіру:қолмен;  жартылай  автоматты; 

автоматты . 



Физикалық 

белгілері 

бойынша: 

термиялық 

(доғалы, 

газбен, 


электрқожды,  плазмалы,  электронды-сәулелі,  лазерлі,  термиттік    және 

жарықтық);  термомеханикалық  (түйіспелік,  диффузиялық,  жоғары  жиілікті 

және  ұсталық);  механикалық  (суықтай,  ультрадыбысты,  магниттік-

импульстік, үйкеліспен және жарылыспен пісіру). 

Металл  конструкцияларын  пісіру  әртүрлі  құрылымдарды  монтаждау 

кезінде  өндірістің  еңбек  сыйымдылығын  қысқарту  үшін  әртүрлі 

мүмкіндіктерді  ашатын  ажырамайтын  қосылыстарды  алу  әдісі  болып 

табылады. Сонымен қатар, ол металл құрылымдарында қималардың оңтайлы 

түрлерін  қолдану  мүмкіндігін  кеңейтеді,  бұл  металл  сыйымдылығын 

айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Әр түрлі пісіру конструкциялары 

жасалғанда,  міндетті  түрде  өндірістік,  жобалық,  ғылыми  және  басқа  да 

міндеттерді  кешенді  шешу  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Атап  айтқанда,  оларға 

пісірілетін  металдарды  әзірлеу,  олардың  нақты  жұмысына  жеткілікті  тығыз 

жауапп беретін тораптарды, қосылыстарды есептеу және құрастыру жатады. 

Пісіру  –  металдарды  өңдеудің  жетекші  технологиялық  процесстерінің 

бірі болып табылады. Пісіру технологиясын қолдану қазандар, құбырлар, теңіз 

және  өзен  кемелерін,  мұнай  аппараттарын,  прокаттау  стандарын,  қуатты 

престер  мен  сорғылар  және  басқа  да  машиналар  мен  механизмдер  жасау 

технологиясында түпкілікті өзгерістерге әкеледі. 

Пісіруші  –  қыздырылған  металмен  жұмыс  жасауда  шебердің  арнайы 

дағдылары  мен  қабілеттерін  қажет  ететін  мамандық,  сонымен  қатар  пісіру 

агрегаты  және  металл  құрылымы  жұмыс  істейтін  электр  заңдары 

принциптерінде  ажырата  білуі  қажет.  Барлық  осы  дағдыларды  кәсіптік 

колледждерде пісіруші мамандығында оқытады. 



Пісірушінің  пісіру  орнын  ұйымдастыру.  Пісіру  орны  –  пісірушінің 

жұмыс орны, ол тиісті жабдық пен құрылғылар жиынтығымен жабдықталған. 

Жұмысшылар немесе жұмыс бригадасының өндіріс операцияларын орындауы 

барысында  жабдықтар  мен  қажетті  керек-жарақтарға  сәйкес  және 

технологиялық  процесс  талаптарына  сай  жабдықталған  өндірістік  алаңның 

белгілі  бір  аумағы  түріндегі  жұмыс  орны  бекітіледі.  Электрмен  пісірушінің 

жұмыс  орны  пісіру  жұмыстарын  жасау  үшін  барлық  қажеттіліктермен 



жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау