Интеграцияланған оқыту – білім алушылардың тәжірибелік бағыт-бағдары бар әртүрлі ғылымдардың әдістерін үйлесімді біріктіретін, зерттелетін мәселені тұтас, талданған түрде қабылдауына мүмкіндік беретін оқыту түрі. Бұл дегеніміз қарастыруға және шешуге бағытталған қандай-да бір проблеманы әртүрлі пәндер білімдерін біріктіре отырып мақсатқа жеткізетін арнайы ұйымдастырылған сабақ. Интеграцияланған оқыту дегеніміз пәнаралық түрлі проблемаларды білім алушылардың білімін кеңейту мақсатында қарастару болғандықтан пәндер тоғысында оларды оқыту әдістері де әртүрлі болғаны жөн, яғни: дәріс оқу, сабақ-саяхат, сабақ-зерттеу, оқу конференциялары, мультимедиа-сабақ, мәселелі сабақ, сұхбаттасу және т.т.
Сабақтың құрылымы келесі кезеңдерден құралғаны жөн: ұйымдастыру, мақсат қою, білімді өзектілендіру, бастапқы білім дағдыларын бекіту, білімді жүйелендіру, тақырыпты қорытындылау, үй тапсырмасын анықтау және оны орындау бойынша нұсқау беру. Интеграцияланған оқытудың басты қағидасы - білім алушының ойлау қабілетін дамыту.
Интеграцияланған сабақтың мынадай белгілері болуы тиіс:
1. Сабақтың арнайы ұйымдастырылуы (егер ол арнайы ұйымдастырылмаса бір мақсатқа бірікпеген жеке сабақтарға ыдырайды);
2. Мақсатының нақты болуы (біріккен), яғни: оқылатын тақырыптың мағынасы бойынша тереңірек түсінік беру; оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; тақырып сұрақтарын тұтас, синтезделген тұрғыда қабылдау;
3. Әртүрлі пәндерден алынған білімін кеңінен қолдану, яғни пәнаралық байланыстарды тереңдету.
Интеграцияланған сабақтарды өткiзудегі тәжiрибе мұндай түрдегі ұтымды сабақ – бұл өткен материалды қайталау, бекiту немесе жалпылау екенін көрсетедi.
Интеграцияланған сабақтар келесi жаңа сапалы нәтижелерге жетуге мүмкiндiк бередi:
- оқушылардың ойлауын дамыту, мұндай сабақтар кезінде олар белсенді түрде талқылап, салыстырып, қажеттi қисындық (логикалық) байланыстарды өздігінен тұрғыза отырып, қорытынды жасайды;
- оқушылардың танымдық қызметiнiң белсенділенуі, оның дербестiгi мен зерттеушiлік сипатының жоғарылауы;
- сабақтың әрбiр минутында танымдық қызметке iс жүзiнде әрбiр оқушының қатыстырылуы;
- оқушылардың оқу еңбегiнiң тиiмдi дағдыларын, соның iшiнде екпiннiң жоғарылауы есебiнен атқарылатын жеке операцияларды құрастыру;
- өзiндiк бірпәндiк сабақ беруге дағдыланған, әдiстемелiк стереотиптер қатарынан бас тарту есебiнен ұстаздың кәсiби шеберлігінің өсуi.
Оқу пәндерi негiзiнен мына принциптер негiзiнде интеграцияланады:
1) интеграцияланатын оқу пәндерi бiрдей объектiлердi зерттейдi;
2) интеграцияланатын оқу пәндерiнде бiрдей зерттеу әдiстерi пайдаланылады;
3) интеграцияланатын оқу пәндерi ортақ жалпы заңдылықтар, бiрдей теориялық концепциялар негiзiнде құрылады.
Интеграцияланған оқытудың тиімділігі дұрыс, педагогикалық тұрғыдан дәлелденген оқыту формасын таңдауға байланысты. Және пәнаралық интеграция жүргізу үшін оқытушылар ұжымында оңтайлы қарым-қатынастың болуы, өзара құрмет пен түсіністік негізіндегі өнімді бірлескен еңбектің де маңызы зор.
Сонымен, интеграциялап оқыту мұғалімнен өзінің мамандығы бойынша түрлі деңгейдегі мәселелерді шеше алатындай, құзыретті болуын талап етеді.
13-дәріс
Тақырыбы: Кеңістіктік, уақыттық және сандық ұғымдардың өзара байланыстылығы
Жоспары:
1. Категориялар туралы жалпы түсінік
2. Жалпылама байланыс және өзара әрекет
3. Даму қайтымсыз, анық бағытталған және жаңа сапаға әкелетін заңды өзгеріс ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |