Дәрістер тезистері 1 – дәріс


Даму қайтымсыз, анық бағытталған және жаңа сапаға әкелетін заңды өзгеріс ретінде



жүктеу 99,17 Kb.
бет34/38
Дата10.02.2022
өлшемі99,17 Kb.
#37425
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Дәріс тезистері

3. Даму қайтымсыз, анық бағытталған және жаңа сапаға әкелетін заңды өзгеріс ретінде.

Өзгерістің қайтымсыздығы даму процесінде өткен сапаға оралу болмайтынын білдіреді. Бір ғана күйде барлығы тек бір рет қана өтеді.

Сондықтан дамудың белгілі бір бағытталған өзгеріс ретіндегі келесі сипаттамасы даму процесінде берілген құбылыстың басқа құбылыстармен өзара әрекетінің типі арқылы анықталатын және оның ішкі қарама-қайшылықтарын шешумен байланысты өзгерістер жинақталатынын білдіреді.

Сонымен, даму – бұл «заңды өзгеріс». Бұл сипаттама дамудың негізін кездейсоқ жағдайлар құрамайтынын, оны қарастырылып отырған құбылыстың өзіндік мәнінен, оның өзара байланысы мен өзара әрекетінің типінен шығатын жағдайлар құрайтынын білдіреді. Сондықтан, кездейсоқтықтардың көптүрлілігіне қарамастан, әр құбылыс өзінің даму кезеңдерін заңды түрде өтеді.

Дамудың қарастырылған сипаттамаларының үшеуі де жаңа сапаның туындауына бағытталған.

Осылайша, даму – бұл объектінің кеңістік пен уақыт ішінде жай ғана орын ауыстыруы емес, ол жаңа сапа мен жаңа мазмұнның қалыптасу үдерісі. Жаңа ескімен оның құраушыларының сапалық және сандық сипаттамалары арқылы, жаңа құбылыстың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін талдау арқылы, оның функцияларының сипаты мен тұтас сипаттамасы арқылы байланысады.

Өрлеу жолымен даму – бұл жетілу бағытындағы даму, ал төменге қарай даму ыдырауды, кедейлеуді білдіреді.

Дамудың өтуіндегі (жүзеге асуындағы) маңызды шарт уақыт болып табылады. Уақыт дамудың бағыты мен оның қайтымсыздығын айқындайды.

Сапа – бұл бақыланатын құбылыстың ішкі, маңызды қасиеті, ол олардың тұрақтылығын, құрылымдық тегін, объектінің өзбетіндігін қамтамасыз етеді.



Сан – бұл бақыланатын объектінің біртектілігінің сипаттамасы, оның өзінің шамасы, сандық өлшемі болады. Сапалық анықталуға қарағанда сан бақыланатын объектінің табиғатына деген сыртқы қатынас арқылы сипатталады. Алынған заңдылықтарға сүйене отырып, зерттеуші объектінің сапасын жан жақты қарастыруға, оның қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік алады.

Сан бақыланатын объектінің сапалық анықталуымен бірлікте болады. Осы бірлік олардың өлшемін құрайды.

Өлшем – бұл шекара, интервал, оның ауқымында сандық өзгерістер сапалық анықталуды бұзбайды. Бақыланатын объект өзінің қасиеттерін сақтайды. Өлшемді бұзу сапаның өзгеруіне, нәтижесінде бақыланатын объектінің өзгеруіне алып келеді.

Бір құбылыстың келесіге өтуі сандық және сапалық өзгерістердің өзара әрекеттесуі болып табылады.

Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өту заңының маңызды әдіснамалық мәні бар. Ол бақыланатын объектіні жан жақты, сандық-сапалық сипаттамалардың бірлігінде, сандық өзгерістердің сипатын да, сапалық өзгерістерді де ескере отырып, зерделеуге бағдарлайды.

Теріске шығаруды теріске шығару заңының қарастырылған заңдардан айырмашылығы сол, ол даму үдерісінің бағыттылығын сипаттайды, дамудағы ілгерілемелік пен сабақтастықтың бірлігін, жаңаның пайда болуы мен бақыланып отырған объектінің өткен күйіндегі кейбір мезеттердің салыстырмалы түрде қайталанып отыратынын көрсетеді.

Теріске шығаруды теріске шығару заңының әсері тек дамудың салыстырмалы түрдегі аяқталған үдерісінде өзара байланысқан ауысулар тізбегі арқылы байқалады, онда даму үдерісін ғана емес, сонымен бірге оның нәтижесін де көруге болады.

Теріске шығаруды теріске шығару заңының өзіндік мағынасы оның категориялары арқылы ашылады, олар: теріске шығару, сабақтастық, даму.


14-дәріс
Тақырыбы: «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» тақырыбындағы қорытындылаушы дәріс

Мақсаты: Мектептегi оқыту процесiнiң басты мақсаттарының бiрi оқушыларға ғылым негiздерiнен қандай да бiр бiлiм жиынтығын берiп қана қоймай, олардың ойлау өрiсiн дамытып, талдау жүргiзуге және жалпылай бiлуге үйрету болып табылады.

Жоспары: 1. Әлемнің ғылыми бейнесінің анықтамасы

2. Әлемнің ғылыми бейнелерінің эволюциясы

3. Физиканың ғылым ретінде негізгі даму кезеңдері

4. Әлемнің қазіргі физикалық бейнесін негіздеуіне себепкер болған іргелі физикалық теориялар

Физика ғылымының алғашқы бастауы – заттың атомдық құрылысы жөнiндегi ең алғашқы дұрыс болжамдар жасаған ежелгi философтар: Левкипп, Демокрит, Эпикур аттарымен байланысты. Олардың, әсiресе Демокриттiң дүниеге атомдық көзқарасы мынандай жүйелi, терең мазмұнды қағидалардан құрылды: 1) барлық нәрселер атомдар мен бостықтардан тұрады; 2) атомдар сапалық жағынан емес, тек шамасы мен түрi жағынан ерекшеленедi; 3) атомдар жоғалып кетпейдi және өздiгiнен пайда болмайды, олар үздiксiз қозғалыста болады; 4) табиғаттағы барлық құбылыстар атомдардың қозғалысы мен олардың әр түрлi қосылыстарының нәтижесi; 5) материалды емес қандай да бiр объектiлер болмайды.

Физиканың ғылым ретiнде қалыптасу кезеңi ХVI–ХVII ғасырларда Галилей еңбектерiнен басталып, Ньютон зерттеулерiмен аяқталады. Олар – классикалық механиканың негiзiн қалаушылар.




жүктеу 99,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау