Болашақ маман дайындаудағы негізгі мәселелер
Б.Б.Қашқынбаев
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленеді.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі таңда маман дайындаудың көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімді білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қайта қарастыру, алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз ету.
Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды даярлау жоғарғы оқу орынының негізгі және басты мақсаты болуы керек.
Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде теориялық бағыт кеңінен қамтылып, тәжірибе жүзінде әрекет ету мүмкіндіктері қамтылмаған. Алайда, мемлекеттік стандарт бойынша тәжірибе өтуге арнайы кредиттер бөлінгенімен жеткіліксіздігі тәжірибеде дәләлденуде. Қазіргі заман ғалымдары Б.Әбдікәрімов, М.С.Молдабекова, Т.С.Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Е.Ө.Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А.Оспанова, К.М.Беркімбаев және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Әр бір адам өмірінде кәсіби әрекет маңызды орын алады. Кәсіби білім беру орындарына оқуға түскен жастар кәсіп таңдау мәселесі әлі де соңына дейін шешпеген. Оның бір жартысы оқудың бірінші жылынан кейін бас тартады, ал екіншілері кәсіби әрекеттен бастаған кездерінен кетеді, ал үшіншілері 3 – 5 жыл кәсіпті жұмыс істегеннен кейін бас тартады.
Жастардың көбі кәсіби мектепті (орта, жоғары) бітіргеннен кейін алған білімі бойынша жұмысқа орналаса алалмайды да жұмыссыздардың қатарын толықтырады. Сөйтіп, кәсіп таңдау мәселесі маңызды орын алады.
Кәсіби дайындық алған жастардың алдында енді жұмысқа орналасу мәселесі тұрады. Сондықтан, адамның жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және одан талап ететін кәсіби дайындықтың деңгейін анықтау үшін кәсіби таңдау өткізеді [3].
Кәсіби әрекеттегі бейімделу әртүрлі жастағы ұйымға кіргеннен кейін жаңа әлеуметтік рөл қайтадан жаңа мәселелер тұғызатыны анықталды. Кәсіпті бейімдеу кезінде әлеуметтену формасы және дамудың әлеуметтік жеке бір бөлігі болады. Өзгереген кәсіби жағдай тұлғада жаңа психологиялық қасиеттер мен сапаларды дамыттырады. Соның нәтижесінен тұлғаның құрылымында өзгерістер болады, өйткені адамның өмірінде қалыптасқан жүйелер өзгере бастайды. «Мектеп – отбасы – қоғам» орнына «кәсіп – отбасы - әлеуметтік-экономикалық шарттар» деген жаңа жағдай туады. Соның нәтидесінде дүниенің кәсіби суреті тұлғаның дамуына мықты факторы болады[4].
Әр адамның өмірінде қалыпты жағдайлар болады, олар дамуы бойынша кәсіби бағытын өзгерте береді (мысалы, кәсіби оқу орнына түсіп және оны бітіру, жұмысқа орналау, жұмыс орнында көтеріліп отыру және т.б.). Бұл жағдайлардың пайда болуы кездейсоқ немесе әлеуметтік болады, ал кейбір жағдайларда маманның өзінен шығады дейді. Осындай жағдайлар кәсіби жағымсыз болатын болады, олар психикалық шиеленіспен анықталады.
Адамның жұмысқа қабілетін анықтағанда және кәсіби жетістігін талдағанда көптеген сұрақтар туындатады. Нарықтық экономикаға кіргеннен кейін кәсіби жарамдылықтың мәселесін ашады, маманның бәсекелістікке түсе алуы, олардың кәсіби деңгейін аттестациалау және кәсіби тұлғаның психологиялық іс - әрекеттің моделін құрастыру керек және осыларға қоса кәсіби диагностикалау және бағалау құралдары керек болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда болашақ маман дайындау білім беру жүйесінде басты мақсат болып саналады. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық бағыттылығымен, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымдарды меңгеру болып табылады.
Біріншіден, кәсіби-маманның іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің түбегейлі мәні бар. Мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік маңызының ұлғаюы, мамандардың кәсіби дайындығы жүйесін реформалаудың өзара байланысты процестері мен олардың жоғары оқу орнындағы дайындығына деген талаптардың өсуіне тәуелділігі себеп болды.
Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік жағдайлардағы мамандардың іс-әрекеттің ерекшеліктеріне ие болған, білім берудің мақсатына жетудің қандай да бір тәсілінің тиімділігін анықтайтын себеп-салдарлық байланыстың жалпы заңдылықтарын түсінетін маманның белсенді шығармашылық жеке тұлғасының рөлінің өсуі.
Үшіншіден, маманның кәсіби жете білушілігі рөлінің, оның кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауға деген уәждемелік ұмтылысының өсуі.
Төртіншіден, жаңа ғылыми түсініктерді енгізу, олардың мәнін анықтау, ғылымда белгілі басқа да түсініктермен қатынасын айқандау қажеттілігі.
Бесіншіден, болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың жүйесін құру қажеттілігі.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, жоғары оқу орындарындағы мамандар дайындаудың білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру іс-әрекеттерінің орындалуына тікелей педагогикалық-ұйымдастыру жұмыстарының мына жолдары ұсынылды:
білікті маман дайындау жоғары оқу орнының басты және негізгі мақсаты екендігін ұғындыру;
болашақ маман дайындау жоғары оқу орнын дамытуға мұқтаж әрі қажетті екендіктерін сезіндіру;
болашақ мамандарды жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге ынталандыру;
болашақ мамандардың идеясын жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті сіңдіру;
жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау.
Қорыта келгенде, зерттеуіміздің ғылыми болжамы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді және жүргізілген зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтижелер алынды. Әйтсе де, жүргізілген зерттеу өте күрделі де, көп салалы мәселе болғандықтан, оның барлық бағыттарын бір зерттеудің аясында жеткілікті дәрежеде қамтып шығу мүмкін емес. Біздің жүргізген жұмысымыз осы аса күрделі процестің бір қырын ғана ашып көрсетеді.
Жоғары оқу орындарындағы болашақ білікті маман дайындауда білім беру үдерістерін басқаруды, кәсіби қалыптастыру мәселелерін келешекте жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін айту орынды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Абдукаримов Х. Преемственность школы и вуза в ориентации учащихся и студентов на педагогические профессии. Автореферат канд. диссертации. М.,1984
Абульханова К.А. Психология и сознание личности (проблемы методологии, теории исследования реальной личности): Избранные психологические труды. – М.: Московский психолого-социальный институт, 1999.
Бодалев А.А. Специфика социального подхода психологического к пониманию личности. // Психология личности в трудах отечественых психологов. – СПб.: Питер, 2000.
4. Почепцов Г.Г. Имиджеология./ Отв. ред. С.Л. Удовик. – 4-е изд., испр. и
доп. – Москва – Киев: 2004г.
5. Магура М. Поиск и отбор персонала. - М.: «Интел- Синтез», 2001г
Достарыңызбен бөлісу: |