Сабақ, жəрмеңке сабақ, географиялық футбол, біріккен сабақ.[4]



жүктеу 46,97 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.05.2018
өлшемі46,97 Kb.
#14242
түріСабақ


196 

 

қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы  кеңінен талқылап 



отырады. Топтық оқыту технологиясына сыныпты топқа бөлуге болатын 

дəстүрлі емес сабақтардың түрі де жатады. Мысалы, конференция сабақ, саяхат 

сабақ, жəрмеңке сабақ, географиялық футбол, біріккен сабақ.[4]

 

Қорыта келе, топтық əдіспен өткізілген сабақ нəтижелі болу үшін мұғалім 



сыныпты өте жақсы білу керек (тек білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар 

ұжымда қалыптасқан жеке тұлғалық қарым- қатынасты)..  

Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі жəне өзгені бағалауды үйренеді. 

Топтық жұмыс барысында оқушылардың өзгеруін аңғаруға болады. Бұл жоба 

оқушылардың сабаққа белсене қатысуына мүмкіндік береді. Тұйық балалар 

ашылады, өз ойларымен еркін бөліседі. Əр оқушының топ ішінде міндеті 

болады, соған байланысты оқушы жауапкершілікке үйренеді. Топпен жұмыс 

барысында түгел оқушылар қамтылады. Оқушылар жүйелі сөйлеуге, ойын 

ашық жеткізе білуге, талдау жасауға, еркіндікке үйренеді. 

Топтағы жұмыс балаға тек оқуға ғана емес, сонымен бірге өзін көрсетуге 

көмектеседі, өйткені топта мұғалімнің басты беделі жəне барлық сыныптың 

назары жоқ. Өзара сыйластық тəрбиеленеді. Барлығына деген қатынас өзгереді, 

достық нығаяды, тұлғааралық қарым-қатынас жақсарады, ұжымдағы 

психологиялық жайлылық орнайды. 

 

Пайдаланған əдебиеттер тізімі: 

1.  Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен Қазақстан.14 желтоқсан 2010. 

2.  Иваненко А.М. Современный урок. – М.: Прогресс, 2005. – 256 б 

3.  «Топтық əрекетте диалогтік оқыту əдісін қолданудың тиімділігі» 

Əдістемелік құрал, Көкшетау, 2014 ж.Самуратова Р.Т. Деңгейлік бағдарламалар 

орталығының тренері 

4.  «География жəне табиғат» журналы, Алматы,3/2010 жыл 

5.  «Использование групповых технологий на уроках географии, как 

средство повышения позновательной активности» мақала;  Россия,Московская 

область,Волоколамский район,д.Кашино МОУ "Кашинская основная 

общеобразовательная школа, Учитель Глазова Алина Александровна. 

 

 

Ахметова Э.Б.



1

, Есмуратов Е. А.

2

 

1. Ғылыми жетекшісі, география магистрі, аға оқытушы, 

2. Студент 4 курста, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, мамандықтың 

«География» 

 

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ 

ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық 



қызметіне іске асатын моделі. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары 


197 

 

мен жаңа əдіс-тəсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз 



географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты: 

Біріншіден, адамдардың өмірінің əр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға 

жағдай жасау; 

Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен 

қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау; 

Үшіншіден, оқушыладың жаңалықтарды тез қабылдауын қалаптастыру. 

Жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. 

Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушыладың білімін 

тексеруде: 

-топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру 

-оқушының өзін-өзі тексеруі 

—  оқушылардың бірін-бірі тексеруі 

—  оқытудың модельді жүйесі 

—  дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша əдіс-тəсілдерін қолдану 

жатады 

География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе 



əңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске 

сақтау үшін де қолданылады. Көрнкілік құралдар оқу үрдісінің барлық 

кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа 

білімді хабарлауы орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тəжірибе жасау); 

білімді орнықтыру жəнеіскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге 

берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, 

суреттемелерді орындау жəне т.б.; меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, 

кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру). Көрнекілік 

оқушылардың жас ерекшілігін ескере отырып пайдаланылады. 

Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді  технологиялардың бірі – оқу 

жүйесі арқылы іске асатын педагогкалық технологиялар болып табылады. Бұл 

жағдайда оқу процесін  ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ өзгереді. 

Сабақтың басты мақсаты – ұстаз оқушыларға білім беру керек болатын, ал 

мұнда оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде 

баулу  болады. 

Көрнекілік дидактикалық тəсіл болып табылады. Көрнекі құралдар білім 

берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – 

ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін 

қалыптастырады. Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу: 

қабырға, үстелге жайылатын, мəтінде берілген жəне оқулыққа қосымша 

берілген карталар; олардың мазмұны мен пайдалану ерекшеліктері. 

Географиялық карталарды оқып үйрену мақсаты жəне олармен мектеп 

географиясы курстарында жүргізілген жұмыстар. “Картаны түсіну”, “оқу”, 

“білу” ұғымдарының мазмұны. 

География пəнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: 

тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны 

оқыту əдістемесінде карталармен жұмыс əстеуде үш мақсат қойылады: картаны 



198 

 

түсіну, картаны оқу, картаны білу. Географиялық карталардың атқаратын рөлі. 



Глобус – Жердің моделі. Картаның мазмұны жəне картаны түсінуді оқытудағы 

негізгі əдістер. Картографиялық ұғымдар жүйесі. Картаны оқуға үйрету 

əдістері. Басты картографиялық іскерліктер жəне олардың физикалық жəне 

экономикалық география курстары бойынша айырмашылығы. Картаны білуді 

қамтамасыз ететін оқыту əдістері. Географиядағы ішінара іздену жіне зерттеу 

əдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргізілетін жұмыстар. 

Географиялық оқулықтар, олардың атқаратын қызметі. Оқулық, оқу 

құралы жəне онымен жұмыс iстеу əдiстемесi. Оқулықтың ғылыми мазмұны мен 

əдістемелікаппараттың сипаты. Мəтіннің құрылымдық компоненттері. 

Оқулықтың мəтін жіне мəтіннен тыс компоненттерімен жүргізілетін негізгі 

əдістер. Физикалық, экономикалық географиялардың мазмұнын жəне 

оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп оқытудың əр сатысында мəтінмен 

жұмыс істеу əдістерінің өзгеруі. Оқушылардың оқулықты пайдалануында 

шығармашылық сипаттың күшеюі. Оқулықпен жүргізілетін жұмыстарға 

қойылатын жалпы əдістемелік талаптар. Көрнекілік түрлері: суретті көрнекілік 

(бейнесурет, картина, диафильм, слайд); Дыбыстық көрнекіліктер (күйтабақтар, 

үнтаспаға жазылған матералдар); Символдық жəне графикалық көрнекіліктер: 

(карта, жоспар, сызба, диаграмма); 

Физикалық жəне экономикалық география курстарындағы статистикалық 

көрсеткіштердің маңызы жəне олармен оқыту үрдісінде жүргізілетін жұмыстар. 

Берілу тəсіліне байланысты мектеп географиясында статистикалық 

мəліметтердің негізгі топтары. Жеке (топтастырылмаған) көрсеткіштермен 

жұмыс жүргізу əдістері. Графиктер, программалар жəне статистикалық 

кестелердің танымдық мүмкіндіктері, оларды оқу əдістері. Сандық 

материалдардың ерекшеліктерін ескеріп графиктер, диаграммалар жəне 

статистикалық кестелерді оқытудың мазмұны жəне жүйелігі. Қазақстан 

экономикалық жəне əлеуметтік географиясы курсындағы экономикалық 

есептер жəне олардың мақсаты.[1]. 

География сабақтарында қолданылатын интербелсенді жəне 

аудиовизуальды оқыту құралдарының өңірлік маңызы бар нақты 

материалдарды компьютердің көмегімен оқушылардың өз беттерімен оқып-

үйрену барысында, табиғат пен адам қоғамының даму заңдылықтарын 

көрсетуді талап ететін жаңа білімді меңгерту жəне өткен материалдарды бекіту 

кезеңдерінде қолданады. Мұндай сабақтарда жеке компьютерде оқушылар 

бағдарламалық сарамандық жұмыстарды орындайды. 

География сабақтарында компьютерді қолданудың əртүрлі астарын 

қарастыратын болсақ, Мicrosoft Office Power Point бағдарламасымен құрылған 

компьютерлік дəріс сабағы – бұл өзара байланысқан экранда немесе мониторда 

көрсетілетін ақпараттық нысан. Компьютерлдік дəрістің негізгі мақсаты – жаңа 

оқу материалын түсіндіру. Дəстүрлі дəрістен айырмашылығы көптеген 

иллюстрациялық материалдарды тарту мүмкіндіктері зор болады. Сондықтан 

компьютерлік сабақтарды мұғалім жұмысындағы көрнекі құралдармен, 




199 

 

ақпараттық деректермен  көптеп қамтамасыз ететін білім берудің жаңа 



тетіктерінің бірі ретінде қарастыруға болады [2][3]. 

Сабақта интербелсенді тақтаны немесе проекторды қолданып сандық 

деректердің негізінде диаграммалар мен кестелерді құру оқушылармен бірлесе 

отырып деректерге талдау жасау жаңа тақырыпты түсіндіру барысында негізгі 

түсініктерді терең меңгертуге, қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік 

береді.Бұл жағдайда графиктер мен диаграммалар көрнекі құрал ғана емес, 

географиялық білім көзі қызметін атқарады [4]. 

Географиялық құбылыстар мен үрдістерді ашып көрсететін бейнероликтер 

мен анимацияларды ғылыми деректер мен дəйектерге негізделіп құрылған 

нақтылы бір оқиғаның шынайы үлгісі ретінде қарастыруға болады. 

Бейнероликтер жинақталған жекелеген карталар жер қабығында жүретін 

үрдістер мен құбылыстар туралы жан-жақты түсінік беретін бейнелі үлгісі 

болып табылады. Кез келген үлгілер сияқты бейнероликтер мен анимациялар 

оқылатын нысанға тəн маңызын айқындайтын тек негізгі элементтерін ашып 

көрсете алады. 

Интербелсенді карталар географияны оқыту құралдарының жаңа 

түрлерінің бірі болып табылады. Интербелсенді карталар жер бетін белгілі бір 

масштабпен кішірейтілген, оқуға қолайлы шартты белгілері, градус торлары 

бар мазмұнын өзгерте алатын геоақпараттық жүйелерге жақындатылған барлық 

географиялық карталарға тəн қасиеттер сақталған маңызды оқу құралы болып 

табылады. 

Қазіргі кезде компьютерлік технологияларды география пəнін оқыту 

барысында қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. Жаңа компьютерлік 

технологияларды оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға көшу білімді терең əрі 

жан-жақты меңгертуге, оқытудың мазмұнына жəне пəнаралық байланысқа, 

оқытудың қызметі мен жұмыстарын ұйымдастыруға, география пəні мұғалімін 

компьютермен жұмыс істеу əдістерін үйрету қазіргі кезеңдегі оқытудың ең 

маңызды міндеттерінің бірі болып отыр [5]. 

Географияны оқыту барысында тақырыпты меңгеру деңгейі мына 

жағдайларда жоғарлайды: 

— ойындар өткізу əдістемесінің теориялық негізін жасауда география 

курсының сызықтық-сатылық логикасы ескеріледі; 

— ойындар мектеп курсындағы негізгі экономикалық жəне экономикалық-

географиялық түсініктерді Ашу жəне қалыптастыру үшін өткізіледі; 

— ойынды өткізу процесінде оқушылардың танымдық жəне 

шығармашылық белсенділігін арттыратын əдістер мен құралдар қолданылады; 

— берілген иммитациялық ситуацияда шешем қабылдау ұстанымдары 

ашылады. 

Қазіргі таңда география пəнінің заманауи жүргізілетін сабағын оқыту 

құралдарынсыз елестету мүмкін емес. География пəні секілді ешқандай пəн 

оқыту құралдары мен қызықты тапсырмалар жинағын өте қажет етпейді, 

география пəні секілді сабақ беруде көрнекілік құралдарды қолдана бермейді. 

Сондықтан, əрбір география пəнінің мұғалімі, оқыту құралдарының 



200 

 

маңыздылығын, олардың алуан түрлілігін, сабақтағы қолдану əдістемесін 



түсінуі қажет. 

 

Пайдаланған əдебиеттер: 

1.  http://1referat.kz/ 

2.  Р.Х.Хабибуллин. Новые технологии ІМАХ в обучении географии. 

«География в школе», №4, 2003.  

3.  Н.Н.Скатова, Е.А.Попова. Современные педагогические технологии: 

групповая технология на уроках географии. «География в школе», №8, 

2000.  


4.  Е.Тоқпанов, А.Исабаев. Компьютерлік технологияларды оқу үрдісінде 

пайдалану. «География жəне табиғат», №1, . 

5.  http://zkoipk.kz/ 

 

 



Омарова К.И.

1

, Ищанова М.Т.

2

 

1. Научный руководитель, магистр географии, старший преподаватель 

2. Студент 4 курса, кафедры Естественных наук, специальность «География» 

 

АНАЛИЗ ИЗМЕНЕНИЯ ЭТНИЧЕСКОГО СОСТАВА  



КОСТАНАЙКОЙ ОБЛАСТИ ЗА ПЕРИОД 2005-2015 ГОДЫ 

 

На сегодняшний день численность населения Костанайской области 



составляет 882, 9 тыс. человек. (2015г.) Население на 1 марта 2016 года: 883 919 

чел.  


На территории области проживает более ста национальностей и 

народностей.  

Этнический состав (на 01.01.2016 г.): казахи39,2%; русские 41,8%; 

украинцы 8,7%; немцы3,2%; другие7,1%. 

Плотность населения – 4,5 человека на один квадратный километр. 

Наиболее плотно населены города Костанай, Рудный и Лисаковск, наименее - 

южные районы области, плотность в которых составляет от 0,4 до 0,8 человека 

на один квадратный км.[7] 



 

Численность населения Костанайской области по отдельным этносам за 

2015 год (тыс. человек) 

 

жүктеу 46,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау