1. Категориялар туралы жалпы түсінік. Адам өзін және өзін қоршаған ортаны ұғымдар мен категориялар түрінде танып біледі.
Категориялар – бұл белгілі бір ғылымның, философияның неғұрлым жалпылама, іргелі ұғымдары. Жалпы тұтас әлем туралы, адамның дүниеге қарым-қатынасы туралы біз категориялар, яғни жалпылама ұғымдар арқылы ойланамыз.
Философияның ең алғашқы категориясы болмыс категориясы болып табылады. Шын мәнінде, басқа категориялардың барлығы мазмұнды, қасиеттер мен қатынастардың түрлі көріністерін, дамуды әр қырынан сипаттайды: қозғалыс – бар нәрсенің өмір сүру тәсілі, кеңістік пен уақыт – оның тіршілік ету формалары. Сапа, сан, себеп пен салдар және басқа категориялар – бұлардың барлығы да болмыстың сипаттамалары.
Категориялар бір бірімен өзара байланысты және белгілі бір жағдайларда біріне бірі ауыса алады: кездейсоқтық қажеттілікке айналады, жеке – жалпыға, сандық өзгерістер сапалық өзгерістің туындауына себепкер болады, салдар себепке айналады және т.с.с..
Достарыңызбен бөлісу: |