Қазақ тілі сабағы 6 «Б» сынып
Мұғалім: Абдрахманова С.А.
Риддер қаласы
«Лицей» оқу-тәрбие кешені
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Менің қалам.
Сабақтың мақсаты:
1. «Астана қаласы» тақырыбы бойынша өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін тексеру; көмекші есімдерді ауызекі сөйлеу және жазба тілінде дұрыс қолдана білу;
2.Шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдысын, логикалық ойлау қабілетін дамыту; туған қаласы Риддер туралы білімдерін кеңейту.
3. Отанды сүюге, туған елдің мәдениетін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар көмекші есімдерді қолданып өз қалалары туралы шағын мәтін құру керек.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын қадағалау.
-Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
Оқушыларды топқа бөлу: 1-інші, 2-нші, 3-інші...; тапсырмалар түрлері, жетістік өлшемдері жазылған бағалау парақтары таратылады.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Сабақтың мақсатын «білемін», білгім келеді», «білдім» техникасы бойынша оқушылар өздері қояды.
II. Топтық жұмыс
1. Мақалдың сыңарын тап.
1. ... отбасынан басталады.
Отан- елдің анасы,... . 2. ... туған елдей ел болмас.
Отанды сүю- ... . 3... туыңды тік.
Отанын сүйген отқа жанбайды, ... . 4. ... ел ердің анасы.
Туған жердей жер болмас, ... . 5. ...суға батпайды.
Туған жерге ... .
2. Мәтінді тыңдап, неше астанасы болғанын айтыңдар.Астаналарды ретімен қойыңдар. Көмекші есімдерді табыңдар.
Астанаға саяхат
Астана Қазақстанның жаңа қаласы. Қазақстанның төрт астанасы болды.
Бірінші астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы. Ал 1997 жылдан бастап Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазір Астана танымастай өзгерді. Онда әдемі ғимараттар көп. Жастар сарайының алдында гүлзар орналасқан, оның қасында ескерткіштер бар, субұрқақтар бар. Астана – болашақтың қаласы.
1 астанасы -
2 астанасы -
3 астанасы -
4 астанасы –
III. Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақ бойынша жобаларын қорғау.
1 топ: презентацияны қолданып, Астана қаласы бойынша саяхат маршрутын жасау.
2 топ: Тірек-сызба бойынша Астана туралы әңгімелеу.
Орналасқан жері
Тәуелсіз Қазақстан
Ұлт өкілдері
үлкен қала Астана қала тұрғындары
Ескерткіштер
Резиденция,
Парламент үйі
Алатау
3 топ: «Астана» өлеңін жатқа айту.
IV. Жаңа сабақ
1.Риддер қаласы туралы ән тыңдату.
-Біздің қаламыз туралы не білесіңдер? («Миға шабуыл» әдісімен білімдерін ортаға салып, кластер құрады.
өз сызбаларын оқулықтағы (73 бет) сызбамен салыстырып, толықтырады.
Мәтінмен жұмыс: оқу, тірек сөздерді жазу, сұрақ қою, кластер, сызба құру сияқты жұмыстар арқылы мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.
1 топ: Риддер қаласының ескерткіштері
2 топ: Риддердің табиғаты
3 топ: Қаланың белгілі адамдары
Өзгертілген топта (әр топтан бір өкіл бар) кезекпен өз мәтіндерін түсіндіреді де, орнына келіп 3 тақырыптан тұратын ортақ тақырыпты талқылайды.
«Төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар» әдісін қолданып топ 3 сұрақ дайындайды.
Әр топтан 1 оқушы шығып өз сыныптастарының сұрақтарына жауап береді.
Рефлексия. Бағалау парақтары толтырылады.
IV.Топпен жұмыс.
1-топ: Сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңдар.
Вдоль улицы, в центре города, посреди площади, возле дома, за городом, рядом с аптекой, перед театром, за столом, по железной дороге.
2- топ: 78 бет, 5 тапсырма.Көмекші есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
1.Алматы қаласының іргетасы 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің ... қаланған. 2. Республика сарайының қарсы ... солтүстіктен оңтүстікке қарай сегіз километрге созылған Достық даңғылы жатыр. 3. Қаланың дәл ... «Отырар» қонақ үйі орналасқан. 4. Оның ... кинозал, дүкен, монша жұмыс істейді. 5. М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының ... Неке сарайы бар.
3 – топ: 82бет, 3 тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
Рефлексия.Жұмыстарын үлгі бойынша өздері тексереді, жетістік өлшемдері бойынша бағалайды.
Үй тапсырмасы :«Менің қаламның болашағы» атты жоба құру.
«Лицей» оқу-тәрбие кешені
Сабақ тақырыбы:
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Абдрахманова С.А.
Риддер қаласы 2012 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |