Котлет массасын және одан жартылай өнімдерді зерттеу
Шабынды ет массасын дайындау үшін етті сүйектен ажырату кезінде алынған мойын бөлігін, құрсақ көк ет, жиек еттері, кесінді еттер пайдаланылады. Егер шабынды ет массасына 2/ші сорттағы ет пайдаланылса , онда оның шырындылығын арттыру және дәмін жақсарту үшін шошқа майын (сырец) қосады.
Тазартылған етті кесектерге турап, шошқа майымен қосып екі торкөзді болса екі рет өткізеді. Алынған массаға су мен сүт, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырады. Шабылған ет массасы майлы еттен дайындалса, шошқа майы қосылмайды, бірақ ет мөлшерін көбейтеді (арттырады).
1кг шабылған ет массасына (таза салмағын грамм есебімен алғанда) 800 г ет, 120г май, 70г су не сүт алады.
Достарыңызбен бөлісу: |