Крахмал. Өсімдік қорының негізгі полисахаридті, әрдайым жасыл жапырақтар да болады. Бірақ олардың басты жиналатын мүшелері тұқым түйнек пиязшықтар.
Крахмал біртекті зат емес, физикалық және химиялық қасиетті әртүрлі екі полисахаридтің қосындысы: амилаза және амилопектин. Крахмалда олардың құрамы 15-25 және 75-85 % сәйкес түрде.
Пектинді заттар. Өсімдікте кең таралған көмірсутектердің бір түрі оттегі мен қанттың қатысымен қоймалжың зат түзетін пектинді заттар. Өсімдікте олар тамыр жемістер, жемістер, өсімдік талшықтарында болады. Кондитер өндірісінде мармелад және тағы басқа өнімдер жасауда қолданылады.
Клечатка немесе целлюлоза клетка қабырғаларының негізгі бөлігін құрайды, астық тұқымдастардың қабықсыз дәнінде олар 2-3 %, картоп түйнегі мен тамыр жемістерде 1 % шамасында мақта талшықтарында 95-98 %, зығырда 80-90 %, ағашта 40-50 %, асбұршақ сабанында көп мөлшерде болады.
Гелицеллюлоза. Өсімдік клетка қабырғалары құрамында целлюлозамен қатар молекулярлық салмағы төмен, басқа полисахаридтер бар, оларды гелицеллюлоза деп атайды.
Лигнин. Өсімдік ұлпаларын инструкциялық қызмет атқарып целлюлоза талшықтарын бір-бірімен жалғастырады және клетка қабырғалары арасындағы кеңістікті толтырады.
Майлар немесе май тәрізді заттар липоидтар. Өсімдікте олар май қоры түрінде болады және клетка протоплазмасының құрылымдық компоненті. Майлардың тотықсыздануы кезінде көмірсутек және ақуыздармен салыстырғанда энергия екі есе көп бөлінеді.
Протоплазмалық майлар және липоидтер өсімдіктің барлық клеткаларының ұлпаларының құрамына кіреді, жапырақ, сабақ, жеміс, тамырларда олардаң мөлшері 0,1-0,5 % аралығында. Майлар, липоидтар және липоидтардың ақуыздармен қосылысынан клетка беткейіндегі және мембраналар құрылған – митохондрий, пластид, ядролардың әртүрлі заттардың клетка және клетка заттарының өткізгіштігі осы мембраналарға байланысты.
Химиялық құрамы бойынша майлар күрделі эфирлер (глицеридтер), глицерин және жоғары молекулалы май қышқылының қосылысы.
С Н2О СО R1
СНО СО R2
СН2О СО R3
Мұндағы R1 R2 R3 жоғары молекулалы май қышқылдарының қалдықтары.
Майлар құрамына кіретін қышқылдар
Достарыңызбен бөлісу: |