№1 тјжірибелік жўмыс



жүктеу 74,5 Kb.
бет1/5
Дата04.01.2022
өлшемі74,5 Kb.
#31509
  1   2   3   4   5
1 тәжірибелік жұмыс


1 тәжірибелік жұмыс

Кестелермен жұмыс. Мәліметтер қорының жаңа кестесін құру режимдері

Access жиі қолданылатын операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді (мысалы, жалақыны есептеу, құнды заттардың есепке алу және т.б.). Access мәліметтерді енгізу және қарастыру үшін ыңғайлы үлгілерді және cонымен қатар күрделі есеп берулерді құруға мүмкіндік береді.



Мәліметтер қоры өрістерінің қасиеттері

Мәліметтер қорының өрістері тек қана қорының құрылымын емес, сонымен қатар әр өрістің ұяшықтарына жазылатын мәліметтердің топтық қасиеттерін анықтайды. Төменде Microsoft Access МҚБЖ-нің кесте өрістерінің негізгі қасиеттері келтірілген.



  • Имя поля — автоматты түрде орындалатын операциялар кезінде бұл өрістегі мәліметтерге қалай үндеу (обращаться) керек екнін анықтайды;

  • Тип поля — өрістегі мәліметтер түрін анықтайды;

  • Размер поля — өрістегі мәліметтердің ұзындығын (символ өлшемінде) анықтайды;

  • Формат поля — өрістегі мәліметтердің форматтау әдісін анықтайды;

  • Маска ввода — өріске мәліметтер енгізі үлгісін анықтайды;

  • Подпись —өрістің кестедегі бағана тақырыбын анықтайды;

  • Значение по умолчанию —кесте толтыру кезінде автоматты түрде енгізілетін мән;

  • Условие на значение — мәліметтердің дұрыс енгізуін тексеру үшін пайдаланатын шектеу (сандық, ақшалық, уақыт мәліметтер түрлері үшін пайдаланады);

  • Сообщение об ошибке — өріске қате мәліметтерді енгізу кезіндегі автоматты түрде шығатын хабарлама;

  • Обязательное поле — қорыны құру барысында өрісті міндетті түрде толтыруды білдіретін қасиет;

  • Пустые строки — бос жолдық (пустые строковые) мәліметтерді енгізуіне рұқсат беретін қасиет;

  • Индексированное поле — іздеу немесе сұрыптау операцияларды тездететін қасиет;

Мәліметтер түрлері

Кесте құрылымын өңдегенде ең алдымен кестеге кіретін өрістердің атауларын, өрістердің түрлері мен көлемдерін анықтап алу қажет. Әрбір кесте өрісіне 64 символдан артық құрай алмайтын бірегей ат беріледі. Өрістің функциясы атымен танылуы қажет болғандықтан өріс аты бірегей болу қажет. Одан ары әрбір өрісті мәліметтердің қай түрі құрайтынын шешіп алу қажет. Өріс түрі тек конструктор режимінде қойылуы мүмкін. Төменде Access келесі мәліметтер түрі болу мүмкін:



  • Текстовый (мәтіндік) (үнсіз келісім бойынша мән)- есептелінбейтін сан немесе мәтін, мысалы телефон нөмірлері (255 белгіге дейін);

  • Числовой (сандық)- есеп жүргізу үшін қолданылатын әр түрлі форматтағы сандық мәліметтер;

  • Дата/ время (күн/уақыт)- 100-ден 9999 жылды қосқанда күн және уақыт ақпаратын сақтауға;

  • Денежный (қаржылық)- 15 белгіге дейін бүтін және 4 белгіге дейін бөлшек бөлігінде дәлдігімен жүргізілетін математикалық есептерде пайдаланатын сандық мәліметтер және қаржылық мағына;

  • Поле МЕМО (МЕМО өрісі) түсініктемелерді сақтауға: 65 535 символға дейін;

  • Счетчик (Санауыш)- Access автоматты түрде әрбір жазуға бірегей реттік нөмір беретін арнайы сандық өріс. Санауыш түрі өрістердің мәндерін жаңартуға болмайды;

  • Логический (логикалық)- екі мәнінің біреуін ғана иемдене алады.(True/False, Иә/Жоқ);

  • Поле объекта OLE (OLE объект өрісі)- объект (мысалы Microsoft Excel электрондық кестесі, Microsoft Word құжаты, сурет немесе басқа екілік форматтағы мәліметтер), Access кестесіне байланысты немесе соған ендірілген;

  • Гиперссылка (гиперсілтеме)- әріп және цифрлардан тұратын және гиперсілтеменің адресін көрсететін жол. Гиперсілтеменің адресі ең көбі 3 бөлімнен тұрады: өріске енгізілетін немесе бақару элементіндегі мәтін; файлға жол (UNC жолының форматындағы) немесе парақ (URL адресі) жолы. Гиперсілтеменің адресін өріске немесе басқару элементіне қою үшін Вставка, Гиперссылка команданы орындау қажет;

  • Мастер подстановок (алмасу шебері)- тұрақты мәндердің немесе басқа кестедегі мәндердің жиынтығынан тұратын тізімнен немесе тізімді өрістен мәндер таңдауға ұсынатын өрісті құрады. Бұл негізінде өріс түрі емес, өріс сақтау амалы.

Access-те бос кестені құру үшін төрт әдіс бар:

МҚ шебері керекті есеп берулер, кестелер және формалар орналасқан барлық МҚ бір операцияда құруға мүмкіндік береді. МҚ шебері жаңа МҚ құрады, оны құрылған белгілі МҚ –ға жаңа кестелерді, формаларды, есеп берулерді қосу үшін қолдануға болмайды;

кестелер шебері жеке мүлік тізімі немесе іскер контактілер сияқты көптеген ертеректе айқындалған кестелерден берілген кесте үшін өрістер таңдауға мүмкіндік береді;

кесте режимінде бос кестеге тікелей мәліметтерді енгізу. Жаңа кестені сақтағанда Access-те мәліметтер талданады және әр өрісіне қажетті мәліметтердің түрі мен форматы беріледі;

конструктор режимінде кесте макетінің барлық параметрлерін анықтайды.

Кесте құру әдісіне байланыссыз, конструктор режимінде кесте макетін ары қарай өзгертуге мүмкіндік бар, мысалы жаңа өрістерді қосуға, үнсіз келісім бойынша (по умолчанию) мәндерді орнатуға немесе енгізу маскаларын құруға. Сізге керекті кесте құрылымын бірден құруға тек төртінші тәсілі мүмкіндік береді.

Кесте құрылымын өңдеу кезінде оған кіретін өрістердің аттарын, түрлерін және өлшемдерін анықтау керек. Кестенің әр өрісі 64 символдан аспайтын бірегей атқа ие болады. Өрістегі мәліметтер түрлері: текстовый (мәтіндік), числовой (сандық), дата/время (уақыт), денежный (ақшалық), поле МЕМО, счетчик, логический, поле объекта ОLE, гиперссылка, мастер подстановок.

МҚ кестесін құру 2 кезеңнен тұрады:



  • кестені жобалау (кесте құрылымы, оның жиектері аттары, орналасу реті, әр жиектегі мәліметтердің типі, жиек көлемі; кесте кілттері және жиектің басқа қасиеттері);

  • кестені толтыру.

Жаңа МҚ кестесін құрудың алгоритімі:


  1. жүктеу 74,5 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау