Дәрістер Дәріс 1 Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 291 Kb.
бет3/28
Дата03.02.2022
өлшемі291 Kb.
#35269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
1-8 Дәрістер АГРОХИМИЯ

Дәріс 2

Тақырыбы: Өсімдіктің химиялық құрамы
1. Өсімдіктің химиялық құрамы. Жекеленген химиялық макро және микро элементтердің өсімдік қорегіндегі маңызы.

  1. Өсімдік құрамындағы әртүрлі органикалық заттар мөлшері

Кез келген ағза ұлпасы судан органикалық және минералды қосылыстардын құралған құрғақ заттан тұрады. Өсімдіктің көп ұлпасымен ағзаларында су салыстырмалы түрде көп мөлшерде болады. Оның өсімдіктегі мөлшері шектеулі деңгейден төмен түскенде зат алмасу әсіресе синтетикалық процестер алғашында бәсеңдеп кейіннен мүлдем тоқтайды. Өсімдіктегі құрғақ зат және су арасындағы қатынас өсімдік жасына органикалық физиологиялық күйіне, өсіру жағдайына және тәулік бойында ауытқып отырады.

Орта есеппен өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінде 85-95 % су, 5-15 % құрғақ зат болады. Тұқымдарда олар піскен кезде судың мөлшері азайып құрғақ зат мөлшері 85-90 % - ке дейін көтеріледі.

Өсімдік құрғақ затты ауадан көмірқышқыл газын топырақтан су және минералды тұздарды сіңіру арқылы жинайды. Көп ауыл шаруашылығы дақылдары құрғақ затының құрамын зерттеу оларда орта есеппен 45% көміртек, 42% оттегі, 6,5% сутегі, 1,5% азот яғни оргоногендік деп аталатын бұл төрт элемент өсімдік құрақ затының 95% құрайды. Ал өсімдікті жандырғанда олардың күлдерінде қалған элементтер мөлшері 5-6 % болады. Бірақ негізінен құрғақ заттың жиналуын өнімнің жоғарылығын көп жағдайда өсімдіктің осы элементтермен қамтамасыз етілуі анықтайды.

Өткен ғасырдың екінші жартысында өсімдіктің қалыпты дамуы үшін көміртек, сутек, оттегіден басқа 7 элемент қажеттігі анықталды: N, P, K, Ca, Mg, S, Fe бұл элементтер өсімдік құрамында бірнеше проценттен 0,01% аралығында болып макроэлементтер деп аталынады. Кейінен бұл негізгі жеті элементтен басқа өсімдікке өте аз мөлшерде 0,01-0,0001 % шамасында: Mn, B, Mo, Cu, Zn, Co, I, F қажет екендігі анықталды. Бұлар микроэлементтер өсімдік құрамында кремний, нартий, хлорда кездеседі.

Макро және микроэлементтерден басқа өсімдіктерде өте аз мөлшерде ультромикроэлементтер деп аталатын топ бар. Олардың құрамы 10-6 нен 10-12 %. Бұл топтағы элементтерге рубидий, цезий, селен, кадмий, күміс, сынап, т.б. енеді. Егер макро, микро, ультромикроэлементтерді есептесек өсімдік құрамына Менделеев таблицасының жартысынан көбі кіреді.

Елешев мәліметі бойынша 74 элемент. Жоғарыда біз өнімде 1,5 азот 5 % күлдік элементтер болады деп айттық, бұл негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының тауарлық бөлігіне есептегенде дұрыс (бидай, қара бидай, жүгері дәндері, картоп түйнегі т.б.).

Егер өсімдіктің басқа мүшелеріне талдау жүргізсек, күлдік элементтер мен азоттың бұл көрсеткіштен едәуір ауытқитындығын байқаймыз. Мысалы салат пен шпинат жапырағында 14-18 %, асханалық қызылшаның кейбір сорттарының жапырақтарында күл құрғақ заттың 29% құрайды.


Қанттар. Тұқымда қанттар негізінен ұрықта жиналып, онда оның концентрациясы 20 % жетеді. Тамыр жемістері мен жемістерде қант біркелкі таралған. Өсімдіктерде алты көмірсутекті моносахаридтер – глюкоза, фруктоза және дисахоридтер – сахароза, мальтоза басым.

Глюкоза. Өсімдіктерде α, β формада болады. Негізінен α форма басым. Негізінен барлық клеткада болады.

Фруктоза. Көп тәтті жемістерде болады. Жүзім мен алмада оның құрамы глюкозамен бірдей, ал сүйекті жемістерде оның құрамы 6-10 %.

Сахароза. Басқа қанттардан тұрғындардың қоректік қант алуына байланысты маңызы басым глюкоза және фруктоза молекулаларының қалдығына құралған циклді байланыс

Мальтоза немесе солодтық қант альфа формадағы глюкозаның екі молекуласының қалдығынан құралған негізінен тұқымды болады.


жүктеу 291 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау