Дәріс 5
Тақырыбы: Топырақтың сiңiру кешенiнiң құрамы және қасиетi және тыңайтқыштардың онымен байланысы.
Мақсаты: Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлерін көрсетіп, оның коллоидтарының сорбциялық қасиеттерінің маңыздылығын көрсету.
Негізгі сұрақтары: Топырақтың сіңіру қабілеті жайындағы К.К.Гедройцтың ілімі. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері. Топырақтағы сорбциялық процестердің негізгі заңдылықтары. Топырақтағы сорбциялық процестердің иесі коллоидтар. Топырақтың сіңіру комплексі туралы түсінік (ТСК). Ауыспалы катиондар құрамы, қышқылдық, сілтілік, буферлік және олардың әртүрлі топырақ түрлерінің қалыптасуына ықпалы. Сіңіру көлемдігі (КСК) және оның топырақтың қасиеттерімен байланысы.
Академик К.К.Гедройц тұжырымдауы бойынша, топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі ерітінділірінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизьдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Қатты денелердің өзіне газдарды, парларды және еріген заттарды сіңіруін сорбция деп атайды.
Сіңіру оның тәсілдеріне қарай бірнеше түрлерге – механикалық, физикалық, химиялық, физика-химиялық немесе алмасулық және биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К.К.Гедройц, 1933).
Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті деп, оның сумен немесе желмен бірге келген әртүрлі заттардың топырақ кеуектерінде ұсталып қалуын айтады. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында елгезерге еленген кездегі ұннан қалған кебектер сияқты, топырақ арқылы өткен сулардан ұсталып қалған әртүрлі заттар.
Топырақтың физикалық сіңіруі деп, топырақ бөлшектерінің беткі қабатының топырақ ауасы мен ерітіндісінен кейбір молекулаларды сіңіру қасиетін (абсорбция) айтады.
Физика-химиялық сіңіру қабілеті деп қатты фазада сіңірілген катиондардың өзіне жұғысқан топырақ ертіндісіндегі катиондарға эквивалентті санына тең мөлшерде алмастыру қасиетін айтады
Mg
[ППК]Ca + 5NaCl = [ППК] 5 Na + CaCl2 + MgCl2 + HCl.
H
Химиялық сіңіру қабілеті (немесе хемосорбциялық) деп топырақ ертіндісіндегі әртүрлі компоненттердің әрекеттесуінің нәтижесінде суда ерімейтін немесе өте аз еритін тұнба түзілуін айтады. Мәселен карбонаттар мен гипстердің түзілуі.
Топырақтың биологиялық сіңіруі деп – топырақтың тірі бөлігі арқылы микроорганизмдер мен өсімдіктер тамырлары топырақ ертіндісінен әртүрлі заттарды сіңіруін айтады.
Осы сіңірулердің ішінде, топырақтың көп қасиеттеріне өзінің шешуші әсерін тигізетін сіңіру – топырақтың физика-химиялық немесе алмасу сіңіруі. Сондықтан академик К.К.Гедройц баса назар аударған болатын. Оның зерттеуі бойынша алмасу реакцияларына қатысы бар қосылыстарды топырақтың сіңіру кешені деп атайды. Топырақтың сіңіру кешеніндегі (ТСК) катиондар әр уақытта өзіне тең мөлшекрдегі басқа катиондарға алмаса алады.
Топырақтың сіңіру мүмкіндігі әртүрлі топырақтарда әртүрлі. Топырақ неғұрлым қарашірікке бай және механикалық құрамы ауырлау (балшықты) болса, соғұрлым оның сіңіру қабілеті де жоғары, ал топырақ қарашірікке кедей, құрамы жеңіл (құм, құмдақ) болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |