Өсімдік
О
Агрохимия
О О
т опырақ тыңайтқыш
Д.Н.Прянишников тыңайтқышқа берген анықтамасында онда өсімдік қорегіне қажетті заттар болады, топырақта қоректік заттардың жинақталуын күшейтеді, тіршілік процестері энергиясын жоғарылатып топырақтың қасиеттерін өзгертуі мүмкін деді. Бұл анықтама тыңайтқыштың барлық тура және жанама әсерлерін түгел қамтиды.
Агрономиялық химияның мақсаты және міндеттеріне байланысты оның зерттеу тәсілдері туындайды, оларды төрт топқа біріктіруге болады.
Өсімдік, топырақ және тыңайтқыштарды лабораториялық талдаулар (химиялық, физико-химиялық, физикалық)
Арнайы орындарды (вегетациялық үйлер, жылыжайлар) өсімдіктермен физиологиялық эксперименттер.
Әртүрлі топырақтың – климаттық аймақтарды ауыл шаруашылық дақылдарымен далалық тәжірибелер.
Алынған нәтижелерді экономикалық бағалаумен бірге жүргізілетін өндірістік тәжірибелер.
Соңғы үшеуі биологиялық тәсілдерге жатады.
Агрохимия айналысатын сұрақтарды негізінен төрт үлкен мәселе
төңірегінде топтастыруға болады: өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуі, топырақ құнарлылығы химизмі, егіншіліктегі заттар айналымы, тыңайтқыштарды тиімді қолдану. Сонымен қатар бесінші мәселе егіншілік, энтомология, фитопотологиямен бірлесе жүргізілетін өсімдікті химиялық қорғау.
Мәтелде «Ыдырау - өсімдік анасы» деп айтылады. Бұл жануарлар
және өсімдіктер қоректенуіндегі басты айырмашылықты көрсетеді. Топырақтың жаңаруын осылай бір сөйлемге сыйғыза айту үшін егіншілердің сансыз ұрпағы тәжірибесі қажет болды және бұл химияның ғылым болып қалыптасуынан көп бұрын айтылды.
Жасыл өсімдіктердің қоректену және өсу жұмбағына терең ойлылар ерте көңіл бөлді.
Ежелгі Греция философ – материалистері өсімдік тіршілігіне су, ауа, жер, от қажет деп жазды. Бұл жалпы толғанудың ішінде ақиқат дәні жатыр. Ең үлкен от күннен өсімдіктер жарық жылу алады, жер минералды тұздар көзі, ауадан көмір қышқыл газ алынады, ал су тірі өсімдік салмағының ¾ бөлігін құрайды.
Египет перғауындары бұршақ тұқымдасты жасыл тыңайтқыш ретінде қолданған Рим империясында практика жүзінде мергел қышқыл топырақтарды жақсартуға қолданылған.
Орта ғасырларда агрохимия барлық ғылымдар сияқты дін қапасында қалды. Өсімдік қорегі туралы ойлар ХVІ ғасырда ғана қайта басталды. 1563 ж Бернар Палисси француз жаратылыстанушысы топырақ құлазуы тұздық алуында деді. 100 жылға жуық уақыт өткесін 1656 ж ағылшын химигі Глаубер селитраны өсімдікке қоректік зат ретінде қолдануға көңіл бөлді.
Химияның негізін қалаушы М.В.Ломоносов (1753) өсімдіктің ауа арқылы қоректенуінен ой қозғады, дәлелдеме оттегінің ашылуына байланысты тез табылды. Пристли (1775), Ингенгуз (1779) және Сенебье (1782) фотосинтез СО2 -> О2
1761 ж швед химигі Валериус өзінің өсімдіктің қарашірік арқылы қоректену теориясын құрды. А.Т.Болотов (1770) су бірнеше жер және минералды бөлшектер.
1834 ж француз ғалымы Буссенго егіншілікте азот маңызына көңіл бөлді.
Либих 1840 ж қайтарым заңын ашты.
1843 Ротамстед тәжірибе станциясы Англия Либихтің көңді оның күлімен ауыстыруын жарамсыз етті, осы станцияда Лооза – суперфосфат (капролит, күкірт қышқылы) алды. 1856 Стассфурт калий тұздары алынды.
1859 ж КНОП және САКС Менделеев 1867-1869 (Москва, Петербург, Симбирск). 1880 ж Д.И.Менделеев егіншілік химиясы лекция. К.А. Тимирязев (1872,1896) вегетациялық үйлер. А.П.Энгельгардт 1871 ж фосфор ұны шәкірт П.А.Костычев. Гедройц Коссович күкірт және хлор айналымы.
Достарыңызбен бөлісу: |