Марганец тотығу, тотықсыздану процестеріне қатысады, нақты айтқанда фотосинтез демалу молекулярлы және нитратты азоттың сіңірілуі, хлорофилдің түзілуі сияқты басты реакцяларда. Бұл процестердің барлығы әртүрлі ферметтер ықпалымен жүреді. Марганец ферменттер құрамына кіреді немесе олардың белсенділігін арттырады.
П.А.Власюк мәліметі бойынша марганец, азот аммиак формасында болғанда тотықсыздандырғыш, ал нитраттық қоректенуде тотықтырғыш қызметін атқарады. Қант қызылшасының тамырында аскорбин қышқылының басқа витаминдердің түзілуінде, қанттың жиналуында, жүгері мен бидай дәнінде ақуыз құрамының артуында оң ықпал байқалады. Өсімдіктегі марганец пен темір арасында белгілі тепе теңдік қалыптасқан темірдің 1,5-2,5 бөлігіне марганецтің бір бөлігі келеді.
Марганец жетіспеушілігінен өсімдіктің тіршілігін тоқтатуына әкелетін сұр дақтылық ауру пайда болады.
Молибден.Өсімдіктерде нитраттарды аммиакқа тотықсыздандыруға, көміртектердің мөлшерін көбейтуге және клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестерін күшейтуге қатысады. Сондықтан асбұршақ тұқымдастардың тамырында азотты атмосфералық ауадан сіңіретін бактериялар қоректік ортада молибден болғанда ғана тіршілігін күшейтеді. Топырақтың қышқылдығы өсімдікте молибден алмасуын нашарлатады. Молибден басқа микроэлементтерге қарағанда жер қыртысында анағұрлым аз кездеседі. Я.В. Пейье мәліметі бойынша молибденнің ақуызбен нуклейн қышқылдарының биосинтезіне ықпалы бар.
Мырыш. Өсімдіктегі физиолого-биохимиялық процестерге көпжақты қатысы бар. Негізінен ол көп процестердің катализаторын немесе белсенділігін арттыруға болады. Көмірқышқылын көмірқышқыл газымен суда ыдырататын карбоангидразе ферментінде тотығады. Мырыш коталаза, пероксидаза, липаза, протеаза, инвертаза ферменттерінің белсенділігін арттырады. Ол ақуыздың, липоидтың, көмірсутектің фосфорлық зат алмасуда витаминдер (аскорбин қышқылы, тиамин) және өсіру заттары ауксиндер биосинтезіне қатысады.
Мырыш жетіспеушіліген өсімдікте зат алмасу бұзылады. Әрекетін мырыш бәсеңдетіп тұратын рибонуклеаза ферментінің әсерінен ақуыздар ыдырайды.
Мыс. Өсімдік тіршілігіне аз мөлшерде қажет, бірақ мыс болмаса өсімдіктің көгінің өзі құрып кетеді. Ол тотығу процестеріне қатысады, мысалы: полифенологсидазада, демалу процестері қарқынын үдетеді, ол көмірсутектік ақуыздың зат алмасуға ықпал етеді, хлорофилге үлкен тұрақтылық береді, жасыл өсімдіктердің фотосинтетикалық әрекетін күшейтеді. Мыссыз ақуыз синтезі қиындайды. Бұршақ тұқымдастар жапырақтарында мұз құрамды ақуыз пластоцианин бар. Мыстың фотосинтездегі үлкен маңыздылығын оның 100 % жуығы пластидтерде болатындығын дәлелдейді. Су балансында маңызды рөл атқарады. Мыс жетіспегенде өсімдік тургоры жоғалып, жапырақтар суалып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |