Дәріс 3
Тақырыбы: Өсімдіктің қоректенуі, олардың түрлері
Қоректену өсімдіктің басты факторларының бірі ретінде
2. Жекеленген элементтердің өсімдік тіршілігіндегі ролі
Қоректену – бұл өсімдік және қоршаған орта арасындағы зат алмасу.
Бұл қоршаған ортадан өсімдік ұлпасы құрамына, өсімдікте түзілетін күрделі органикалық қосылыстар құрамына заттардың енуі және бірқатар заттардың одан шығарылуы.
Ауа арқылы қоректену кезінде өсімдіктерді көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету, жапырақтарымен тамыр арқылы қоректенумен салыстырғанда бірқалыпты жүреді. Фотосинтез жүру үшін жарық, жылу, ылғал, минералды элементтер қажет. Процесс жылдамдығы жоғарыда аталған факторлармен және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері және тығыздықпен анықталады. Тамыр арқылы қоректену биологиялық ерекшеліктер фотосинтез өнімдерімен қамтамасыз етілумен қатар тамырдың тарау тереңдігі, топырақ құрылымы аэрация, ылғалдылық орта реакциясы, қоректік заттар құрамы топырақтағы минералды элементтер түрі қарым-қатынасы, топырақ микрофлорасы әрекеті, тамыр бөлінулеріне байланысты.
Өсімдік қоршаған сыртқы ортамен көп жақты және тығыз байланыста болады. Өсімдік тіршілік жағдайларының бірінің жетіспеуінен бәсеңдеп, ал жоқ болуынан тіршілікті тоқтатады. Барлық тіршілік факторларының қолайлы үйлесімділігі ең жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік туғызады.
Практикада өсімдіктің қоректену және өсу жағдайлары оптимумды кездеспейді: оны өсімдіктің өсу жағдайларына талабын білген маман ғана тудыра алады.
Өсімдіктің қоректенуіне жақсы жағдай туғызуды барлық сұрақтар алғашқы орында болады. Өсімдік тіршілігінің кез келген факторын ескермеу сәтсіздікке ұшыратады. Д.Н.Прянишников білімнің тайыздығын тыңайтқыштың молшылығымен толықтыру мүмкін емес деп осы жайды ескертті.
Өсімдіктің өлі және тірі табиғат арасындағы жалғастырушы буын екенін есте ұстау қажет. Олар адам және жануарларды барлық қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар атмосфераны оттегімен толықтырады.
Есептеулер барлық өсімдіктер жер бетінде жыл сайын 400 млрд. т органикалық зат түзеді оның 115 млрд. тоннасы құрылықта. 170 млрд. т СО2 байланыстырылып фотосинтез нәтижесінде 115 млрд. т оттегі бөлінеді. Жер бетінде органикалық зат түзуге 2 млрд. т азот және 6 млрд. т шамасында күлдік элементтер жұмсалады (А.А.Ничипорович).
Элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы мәліметтерді тереңдету қазіргі кезде агрохимиямен физиологияның басты және қызықты сұрақтарының бірі. Қазіргі кезде минералды қоректік элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы толық білікпей зерттеліп болған жоқ. Жекеленген элементтердің рөлі олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызын білу практика жүзінде тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі кезде минералды қоректік элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы біліктей толық зерттеліп бітті деуге болмайды. Агрохимияда негізінен тыңайтқыштардың басты компоненттері болатын элементтерге көп көңіл бөлінеді. Жекеленген элементтердің маңызын олардың өсімдік тіршілігіндегі алар орнын білу практика жүзінде тыңайтқыштарды қолдану тәсілін негіздеуге маңызды.
Азот күрделі ақуыз молекуласын құрастырушы барлық аминқышқылдарының құрамына кіреді, нәтижесінде ақуыз салмағының 16-18 % азот үлесіне тиесілі. Бұл азоттың өсімдік үшін ерекше маңыздылығын түсіндіреді, себебі ақуыздық заттар протоплазманың басты құрам бөлігі, олар барлық жасушаларда болады. Кез-келген тіршілік процесінің материалды негізін құрайды. Азотсыз ақуызды заттар түзілмейді, ақуызсыз протоплазма болмайды, онсыз тіршілікте болмайды. Ақуыздан басқа азот клетка ядросының күрделі заттарында болатын нуклейн қышқылдары құрамына кіреді. Азот басты процесс фотосинтезге қатысатын хлорофил құрамына кіреді (пирроль ядросы). Одан басқа азот фосфатидтер құрамына, көп глюкозиттерге алколойдтар және басқа да өсімдіктің органикалық азоттық заттарда бар бұлардың ішінде мөлшерлік жағынан ақуыздар басым.
Азоттың ең көп мөлшері жас өсімдіктердің вегетативті бөлігінде болады. Азотпен қоректендіруді күшейту өсімдіктердегі органикалық азотты заттардың синтез процесін күшейтеді. Өсу процестері артады азоттың артық мөлшерде болуы вегетацияны ұзартады, өсімдіктің пісуі кешеуілдейді.
Н.К.Болдырев (1972), мәліметі бойынша дәнді дақылдардың түптену фазасында 5 % N, 0,42 % Р және 4,2 % К болады. Топырақтағы азоттың негізгі көзі қарашірік оның құрамында 5 % органикалық азот бар.
Органикалық азот шіріткіш бактериялардың әрекетінен минералдық заттарға (аммиак тұздарына және силитра) айналған кезде ғана өсімдік оны бойына сіңіре алады.
Аммиак газ күйінде улы, өсімдік тамырларында өзгеріске ұшырап аспарагин дейтін усыз затқа айналады.
Фосфор клетка ядросын құруда маңызды рөл атқаратын күрделі ақуыздар құрамына кіреді. Азоттан айырмашылығы ол қарапайым ақуыз құрамына кірмейді, бірақ нуклейн қышқылдарының құрамына кіреді, ол ақуызбен байланысып нуклеопротеидтер құрады. Фосфор өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқаратын басқа да бірқатар органикалық қосылыстар құрамына кіреді. Өсімдік құрамында фосфор едеуір мөлшерде фитин түрінде болады.
Фитин бұл алты атомды спирт инозиттің (СНОН)6 фосфор қышқылының алты молекуласымен байланысты.
СНОРО3Н2
С НОРО3Н2 СНОРО3Н2
С НОРО3Н2 СНОРО3Н2
СНОРО3Н2
Фосфордың өсімдіктегі жалпы қоры проценттің ондаған бөлшегін құрайды. Ең көп мөлшерде фосфор дәнде болады. Құрғақ заттың 1 % Р2О5 құрайды, дәннің күліндегі Р2О5 мөлшері 50 %-ке дейін вегетативті ағзалардағы фосфор мөлшері қоректену жағдайына байланысты ауытқып отырады. Өсімдік топырақтан фосфорды ортофосфор қышқылы түрінде сіңіреді. Фосформен жеткілікті түрде қамтамасыз етілу даму фазаларының қалыпты өтуі үшін қажет. Фосфордың жетіспеушілігі репродуктивті ағзалардың қалыптасуында бірден байқалады. Дәнді дақылдарда вегетативті ағзалардан гөрі дән соңына көп әсер етуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |