Қышқыл |
Формула
|
Балқу температурасы
|
Пальмитин
|
СН3(СН2)14СООН
|
+63
|
Стеарин
|
СН3(СН2)16СООН
|
+69
|
Олеин
|
СН3(СН2)7СН:(СН2)7 СООН
|
+14
|
Линоле
|
СН3(СН2)4СН:СНСН2СН:СН(СН2)7 СООН
|
-6
|
Линолен
|
СН3СН2СН:СНСН2СН:СНСН2СН:СН(СН2)7 СООН
|
-13
|
Ақуыздар. Ағзаның негізгі мөлшері ақуыз немесе протеиндер аминқышқылдарынан құралған жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Өсімдікте әрқашан минералды заттар бар олардың мөлшері жиі ақуыздардан басым болады, бірақ өсімдіктегі зат алмасу процестері және құбылыстарды шешуші рөл ақуыздарға тиесілі. Ақуыздар – тірі заттың алмастырымсыз негізі.
Ауылшаруашылықтардағы дақылдары вегетативті ағзалардағы ақуыз құрамы құрғақ заттың 5-20 процентін құрайды. Астық тұқымдастар дәнінде 10-20, бұршақтық және майлы дақылдарда 25-35 процент.
Ақуызды заттар молекуласы құралған негізгі құрлымның бірлік аминқышқылдары. Бұл майлы немесе ароматты қатар туындысы құрамында амин тобы NH2 және корбаксил тобы СООН бар. Аминқышқылдары негізінен мынандай формуладан тұрады.
R – СН – СООН
NH2
Ақуыздар құрамына 20 аминқышқылы кіреді: глицин, аланин, валин, лейцин, изолейцин, аспоргин қышқылы, глюталин қышқылы, серин, треонин, лизин, аргинин, гистидин, фенилаланин, тирозин, триптофан, цистеин, цистин, метионин, пролин, оксипролин және 2 амид аспоргин, глюталин бар.
Барлық ақуыздар екі топқа бөлінеді. Протеин немесе қарапайым ақуыздар. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған және протеидтер немесе қарапайым ақуызға тығыз байланысқан ақуыздық емес табиғатты заттан құралған күрделі ақуыз. Протеиндерді әртүрлі еріткіштерде еруіне бірнеше топтарға бөлінеді. Протеиндерге мына ақуыздар жатады: альбуминдер – бұлар суда еритін қарапайым ақуыздар, глобулиндер – бұлар суда ерімейтін, бірақ бейтарап тұздар ерітінділерінде еритін ақуыздар, проламиндер – суда ерімейді. 70 проценттік этил спиртінде ериді, глютелиндер – суда және тұз ерітінділерінде ерімейді бірақ сілтілердің әлсіз ерітінділерінде ериді.
Протеиндерді ақуыздық емес бөлігінің табиғатына қарай топтарға бөлінеді. Липопротеидтер – мұнда ақуыз май тәрізді зат липоидтармен тығыз байланысқан.
Глюкопротеидтер. Бұлардың құрамына көмірсулар және олардың туындылары кіреді. Ақуыздан басқа моносахаридтер болады.
Хромопротеидтер. Ақуыз және ақуыздық емес табиғатты боялған заттан тұрады. Бұлардың ішінде ең көп зерттелгені фотосинтезде маңызды рөл атқаратын ақуыздық хлорофилмен байланысы.
Нуклеопротеидтер. Ақуыздардың нуклен қышқылдармен байланысы.
Алколоидтар. Бұлар күшті физиологиялық әсерге ие гетероциклді азотқұрамды сілтілік сипатты заттар. Бұларда ақуыздық емес табиғаттық заттар. Қазіргі кезде алколоидты табиғатты өсімдіктердің бір қатары белгілі, олардық көбі мәдени дақылға енген. Темекі жапырағындағы алколоид никотин (3-7 %) люпин жапырағы, сабағы, тұқымды алколоидтар лупинин, спартеин, лупанин және басқа алколоидтар (1-3 %) апиын көкнәрі кептірілген шырынындағы алколоидтар құрамы 15-20 %, олардың ішіндегі негізділері морфин, наркотин, кодеин. Кофе дәндеріндегі алколоид кофеин 1-3 %, шайда 5 %.
Витаминдер. Өсімдік органикалық заттарының негізгі массасын құрайтын көмірсу, май, ақуыздардан басқа маңызды физиолого-биохимиялық рөл витаминдерге тиесілі. Витаминдер өсімдік құрамында аз мөлшерде болса да адаммен жануарлар тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жануарлар ағзасында витаминдер синтезі жүрмейді, олардың жетіспеуі жиі өліммен аяқталатын ауыр науқастар тудырады. Сөйтіп витаминдер әртүрлі табиғатты төмен молекулярлы органикалық заттар өте аз мөлшерде биологиялық белсенді және қалыпты тіршілік үшін өте қажет. Қазіргі кезде 40-тан астам витаминдер белгілі. Солардың негізгілеріне тоқталайық.
Аскорбин қышқылы (витамин С) ақ түсті кристал зат. Қоректе С витаминің жетіспеуі цинга деп аталатын ауру тудырады. Оны болдырмау үшін тәулігіне аспен 50-100 мг аскорбин қышқылы енуі қажет.
Тиамин (витамин В1) фосфор эфирі түрінде бірқатар фермент катализаторлар құрамына енеді. Қоректе тиамин жетіспеуі полиневрит ауруын тудырады.
Рибофлавин (витамин В2) адамның күндік сұранымы 2-3 мг тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады, дәнде, көкеністерде болады.
Никотин қышқылы (витамин Р Р) бұл витаминдердің жетіспеуі пеллагра ауруын тудырады. Тері ауруы жүйке қозуы түрінде күндік сұраным 15-25 мг.
Ретинол (витамин А) бұл витаминнің жетіспеуі ксеротафльмия немесе тауық соқырлық ауруын тудырады. Өсімдіртерде бұл витамин жоқ бірақ А втиаминдік белсенділікке каропин С40 Н56 бар.
Достарыңызбен бөлісу: |