29
Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін
болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің
нақты химиялық құрамына тікелей байланысты.
Сонымен қатар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген
заттардан, басқа кейбір фармакологиялық әсері бар заттардың болуына
(антрогликозидтер, алкалоидтар, стероидты қосылыстар және т.б.) байланысты.
Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі,
ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді
(мысалы, кардиотопикалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай
заттардың белсенділік дәрежесімен сипатына байланысты кейбір дәрілік
өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.
Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни әртүрлі химиялық
кластарға жатқызуға болады: терпенойдтар, фенолды қосылыстар, алколойдтар,
липидтер, моно және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан
әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар ішінде
химиялық топтарға және топ тармақтарға бөлінеді.
Èëëþñòðàöèÿëûқ материалдар: 1) Өсімдіктердегі құрғақ заттар құрамы (кесте).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1)
Алғашқы синтез заттары
2)
Екінші синтез заттары
3)
Әрекеттегі заттар
4)
Бірлесіп еріп жүретін және балластық заттар
Ұсынылған әдебиеттер:
1) Введение в фитохимические исследования и выявление
биологической активности веществ растений(под. Ред. Мамонова и
Музычкиной) - Алматы, 2008 г. 216с.
2) Муровьева Д.А. Фармакогнозия Москва "Медицина", 1991,
560с.
30
Дәріс 8. Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер:
Мақсаты: Құрамында алколоидтар мөлшері көп туыстар және түрлері бар
тұқымдастармен таныстыру. Өсімдіктердегі алколоидтардың, болуына сыртқы
орта факторларының әсерімен және өсімдіктердегі алколоидтардың ролімен
таныстыру.
Кілттік сөздер: Алколоид, кофеин, эфедрин, тропан
Негізгі сұрақтар:
1. Өсімдіктер әлемінде және өсімдіктердегі алкалоидтардың таралуы.
2. Өсімдіктердің дамуындағы алкалоидтардың пайда болуының динамикасы.
3. Өсімдіктердегі алкалоидтардың болуына сыртқы орта факторларының
әсері.
4. Өсімдіктердегі алкалоидтардың ролі.
Алкалоид дегеніміз - табиғи күрделі органикалық азотты зат. Әдебиеттегі
мәліметтер бойынша, дүние жүзі флорасының 10% түрлерінің құрамында
алкалоидтар болады. Профессор Соколов В.С. әдебиеттегі мәліметтерді
жинақтап, қорытып құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді (папоротниктерден
бастап Asteraceae-ға дейін) үш класқа бөлді:
І класқа Соколов В.С. 20%-дан кем емес туыстарының өсімдіктері құрамында
алкалоидтар бар тұқымдастарды жатқызады. Мұндай тұқымдастарды проф.
Соколов В.С. құрамында алкалоидтары мол класс деп атауды ұсынды.
ІІ класқа құрамында 10-20% туыстарында алкалоидтары бар тұқымдастарды
жатқызуды ұсынды. Бұл класты құрамында алкалоидтар мөлшері орташа
тұқымдастар деп атауды ұсынды.
ІІІ класқа құрамындағы алкалоидтары бар туыстарының мөлшері 1-10%
болатын тұқымдастарды жатқызды. Мұндай тұқымдастар алкалоидтары аз деп
аталады.
31
Құрамында алкалоидтар мөлшері көп туыстар және түрлер бар тұқымдастарға
мыналар жатады:
Equіsetaceae, Lycopodіaceae, Ranunculaceae, Berberіdaceae, Menіspermaceae,
Papaveraceae, Fabaceae, Rutaceae, Cactaceae, Punіcaceae, Loganіaceae, Apocynaceae,
Boragіnaceae, Solanaceae, Rubіaceae.
Кейбір тұқымдастарды алкалоидтардың көзі ретінде маңыздылығы туралы
оған жататын туыстардың пайыздылығымен өлшеуге болмайды. Мысалы,
Asteraceae тұқымдасында 1000-нан астам туыстар бар, ал құрамында
алкалоидтары бар туыстар бар болғаны 10 (1%) туыс, бірақ та ол 10 туыстың
ішінде өте маңызды түрлерінің құрамында алкалоидтары өте мол Senecіo деген
туыс бар. Әдетте ботаникалық түрғыдан жақын өсімдіктерде құрылысы жағынан
жақын алкалоидтар болады. Олар табиғи топтар құрады. Мысалы Solanaceae
тұқымдасының бір-біріне жақын 7 туысы (Atropa, Datura-сасық меңдуана-
Дурман), Hyoscyamus-Белена-меңдуана, Scopolіa, Mandragora, Physochlaіna,
Duboіsіa) өкілдері құрамында шектелген топқа жататын тропан алкалоидтары
болады. Табиғатта басқаша да болуы мүмкін екі бір-біріне систематикалық
тұрғыдан жақын түрлердің біреуінде алкалоидтар мол, ал екіншісінде
алкалоидтар мүлдем болмайды немесе құрылысы басқа алкалоидтар болуы
мүмкін. Сол Solanaceae тұқымдасынан Capsіcum туысында алкалоид капсайцин
болады ол тропаннан мүлдем алыс.
Белгілі бір алкалоидтар тек ғана белгілі бір бір-біріне жақын систематикалық
топтарда ғана болып басқаларда болмайды деген ұғым көп уақыт басым болып
келді. Бірақ та бұл заңдылыққа бағынбайтын жағдайларда кездеседі. Мысалы,
алкалоид кофеин ботаникалық жағынан бір-біріне жақын емес әртүрлі
тұқымдастардың өкілдерінде табылды: шәйда (Theaceae), кофеде (Rubіaceae),
какаода (Sterculіaceae), матеде (Aquіfolіaceae), гуарапеде (Sapіndaceae), эродиумде
(Geranіaceae).
Эфедрин туралы да солай айтуға болады, филогенетикалық системада бір-
бірінен алыс тұрған өсімдіктерде бар екендігі анықталды: эфедрада (Ephedraceae),
бәрпіде (Aconіtum) - Ranunculaceae; қызылтаңдай да (Roemerіa-ремерия) -
Papaveraceae; сидеде (Malvaceae- құлқайырлар), самшитте (Taxaceae), катеде
(Celastraceae- Бересклетовые- Көкнәрлер).
Алкалоидтар өсімдіктердің барлық мүшелерінде немесе тек олардың кейбір
мүшелерінде ғана болуы мүмкін. Алкалоидтардың өсімдік денесіндегі ауысып,
жылжып отыру заңдылығын анықтау өте қиын, ал әдебиеттердегі бар
материалдар тек қана алкалоидтардың өсімдіктің қайсы мүшесінде табылып
анықталғаны туралы ғана.
Алкалоидтардың пайда болуы негізінен жапырақтарда және жер асты
мүшелерінде болатындығы айқын. Бірақ та сосын олар жапырақтардан және
тамырлардан басқа мүшелерге, мысалы тұқымдарға ауысады деп толық сеніммен
айту қиын, ол тек болжам ғана. Кейбір ғалымдардың болжамы бойынша
(Муравьева, 1991) тұқымдарда алкалоидтар өздігінен, дербес түзілуі мүмкін,
мүмкін жапырақтардағы алкалоидтар бұзылуының нәтижесінде.