Дәріс Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау Мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет12/28
Дата15.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#13603
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

 

25 


 

Дәрілік  өсімдік  шикізатына  қатысты  жасалған  ФС  және  ВФС  белгілі  бір 

талаптарға сәйкес жасалуы керек. 

ФС  және  ВФС  бекітілгеннен  кейін  Денсаулық  сақтау  министрлігінде 

тіркеледі. Меншіктілігі көрсетіледі, ол меншіктікте министрлік индексі, тіркелген 

номері және бекітілген жылдың соңғы екі саны көрсетіледі. 

Меншіктілікті көрсету мысалы: 

ФС 52-208-99; мұнда 52-министрлік индексі, 208-тіркеуге алынған номері, 99-

документтің бекітілген жылы. 

Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару өте жауапты мәселе. Өйткені бұл 

шикізат  дүниежүзілік  сұранысты  қажет  ететін  өнім.  Сондықтан  оған  мұқтаждық 

тұрақты  болатын  нәрсе.  Бұл  шикізат  табиғаттың  бізге  тегін  берген  сыйы.  Соған 

байланысты  біздер  дәрілік  өсімдіктер  шикізатын  шетке  шығарғанда  еліміздің 

экономикасына зиян келтірмей, керісінше пайда келтіру туралы ойлауымыз керек. 

Жас жаңадан аяғынан тұрып келе жатқан біздің елімізде бұл проблема әлі заңды 

түрде  бір  жақсы  жүйеге  келіп  үлгермей  жатыр.  Сондықтан  бұрынғы  ССРО 

кезінде бұл мәселе қалай болып еді соған қысқаша тоқталып өтейік. 

Дәрілік  шикізатты  шетке  шығару  ССРО-да 1922 жылдан  басталды. 

Жекеменшік  фирмалардың  орнына  Советтік  әртүрлі  ұжымдар  келді: 

Госмедторгпром, Госторг, Юготрава, Центросоюз және т.б.  

ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  дәрілік  шикізатты  шетке  шығарудың 

сипаты  өзгерді.  Шетке  ССРО-да  онша  қажеттігі  жоқ  шикізаттарды  шығара 

бастады.  Мемлекет  ішінде  қажеттігі  бар  шикізаттарды  сыртқа  шығаруға  бірте-

бірте  тиым  салынды.  Мысалы,  Мияны  (Солодка)  ішкі  мұқтаждыққа  пайдалана 

бастады.  Оны  ішкі  өндірісте  фармацевтикалық  тамақ  және  басқа  өндірістік 

салаларда  кеңінен  пайдалана  бастады.  Сонымен  қатар  дәрілік  эфир-майлы 

шикізаттар  (Бәден-Anіsum-Анис;  Жалбыз-Mentha-Мята;  Дәуаскөк- Foenіculum-

Фенхель),  құрамында  жүрек  гликозидтері  бар  (Жалынгүл-Coronarіa-Горицвет; 

Наперстянка-Dіgіtalіs) 

және 


т.б. 

пайдаланыла 

бастады. 

Өндірістің 

мүмкіншіліктері  қазіргі  кезде  тек  шикізат  қана  емес,  сонымен  қатар  шығу  тегі 

өсімдіктерге  байланысты  препараттарды  шетке  шығаруға  мүмкіншілік  береді. 

Қазіргі  кезде  ТМД  мемлекеттерінде  өндірілген  фитопрепараттарды  көптеген 

мемлекеттердің аптекаларында көруге болады.  

Патшалық  Россияда  фармакопеяны  басып  шығарудың  кешеңдеуіне  себеп 

болған ол көптеген аптекалардың қожайындарының шет елдің азаматтары әсіресе 

немістер болуына байланысты. Бұл аптекалар XІX ғасырдың ортасына дейін шет 

елдік  дәрілік  шикізаттарға  тәуелді  болды.  Аптекалар  Россияда  көптеген  дәрілік 

өсімдіктердің  бар  екендігіне  қарамастан  шикізаттарды  шет  елдерден  әсіресе 

Германиядан  алдырып  отырды.  Ол  шикізаттардың  көбісі  Россияда  өсетін 

өсімдіктерден  алынғанына  қарамастан  олардан  алынған  препараттар  Россияда 

қымбат  бағаға  сатылып  отырды.  Мысалы  Сантонин,  ол  алынатын  шикізат  тек 

Россияда өсетін өсімдіктен алынады.  

ГФ(Государственная фармокопея) VІІ (1925) бірінші қадам, ал ГФ VІІІ (1946) 

- ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерді регламенттеуде дұрыс өзгеріс жасады. 

ГФ  VІІІ-  ден  бастап  фармакопеяға  ендірілген  өсімдік  шикізатының  бәрінің 

шығу тегі отандық болды. Тек кейбір экзотикалық дәрілік шикізаттар ғана шеттен 



 

26 


 

келетін  болды.  Мысалы  Чиебухи,  Строфанты  тұқымдары,  хынаның  қабығы, 

Инеккуана тамыры.  

Èëëþñòðàöèÿëûқ ìàòåðèàëäàð: 

Дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесі (Мухитдинов, Паршина, 2002) 



Өзін -Өзі бақылау сұрақтары: 

1. Дәрілік өсімдіктер жинау әдістері және уақыты 

2. Дәрілік өсімдіктерді кептірудің әдістері 

3. Дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесі 

4. Дәрілік өсімдіктерді шетке шығару және алып келу. 

Ұсынылған әдебиеттер: 

1. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н. Лекарственные растения , Алматы, Қазақ 

Университеті, 2002, 313 С. 

2. Муравьева Д.А. Фармакогнозия, Москва, "Медицина", 1991, 560с. 

 

 

 



 

 

 



Дәріс 7. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы 

Ìàқсаты:  Өсімдіктердің  химиялық  құрамымен  алғашқы  және  екінші 

биосиинтез  заттарымен  және  өсімдіктердегі  табиғи  қосылыстардың  негізгі  

топтары мен таныстыру. 

Кілттік сөздер: Алғашқы синтез, екінші синтез, клетчатка, целлюлоза пектинді 

заттар, шыны майлар, пигменттер, липидтер, балауыз 

Негізгі сұрақтар: 

1. Алғашқы және екінші биосинтез заттары 

2. Әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық заттар 

3.Өсімдіктердегі табиғи қосылыстардың негізгі топтарына қысқаша сипаттама 

Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан 

өте  күрделі.  Табиғатта  тек  өсімдіктер  ғана  органикалық  емес  заттардан 

органикалық  заттар  түзе  алады,  ал  оларсыз  адамдардың    және  жануарлардың 

тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер таңқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне 

және көмірқішқіл газынан,  судан және органикалық емес қосылыстардан   алуан 

түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті. 

Қорыта  айтқанда  барлық  өсімдіктер  судан  және  құрғақ  заттардан  тұрады, 

судың мөлшері жалпы салмағының 70 

% шамасында болуы мүмкін. Су  бұл орта, 

ал ол ортада барлық биохимиялық процесстер жүреді. 

Құрғақ заттарды былайша  бөлуге (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008 ) 

болады. 


Құрғақ 

заттар 


 

органикалық 

минералдық 

 



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау