37
Дәрілік шикізаты
Ашылмаған цилиндр тәрізді æåìiñòåði: Боб немесе бұршақтарында 2
тұқымы болады. Жер жаңғағы Отаны –Бразилия.. Өте ерте заманнан бері белгілі
майлы өсімдік. Оңтүстік Америкада, Индияда, Қытайда Орталық және Солтүстік
Африкада екпе жағдайында өсіріледі. Бұрынғы ССРО-да Кавказда, Украйнаның
Оңтүстігінде, Орта Азияда өсіріледі. Қазақстанäû Алматы және Оңтүстік
Қазақстан облыстарында суарылатын жерлерде екпе жағдайында өсіріледі.Жер
жаңғағы жер шарындағы ең жақсылар қатарындағы тағамдық шыны –майлы
өсімдіê.
Химиялық құрамы
Жер жаңғағы тұқымында 40-50
% шыны май 20-30% белокты заттар, 20%
крахмал, қант Е витамині болады.
Арахис майы триолеинге (70
%) өте бай. Құрамында 15 % лиíолев
қышқылының триглецеридтері және 20
% қаныққан (арахис пальмитин, стеарин)
қышқылдары болады.
Пайдалануы
Суық пресс әдісімен алынған майы әртүрлі дәрілік қосылыстар дайындауға
(денеге) қолданылады. Гидротенизация жолымен алынған арахис майы денеге
жағатын майлардың негізі ретінде пайдаланылады.
Кастор майы
Өсімдік аты -Ricinus comminis L.- Кәдімгі кенедәні (Май кене, үпілмәлік-
клещевина обыкновенная) - Euphorbiaceae тұқымдасынан.
Бұрынғы ССРО елдерінде екпе жағдайында ірі біржылдық өсімдік биіктігі 2 м
дейін (кейде 3 м)
Қазақстанда Майлы өсімдік ретінде мәдени өсімдік ретінде суарылатын
жерлерде өсіріледі. Өткен жылы егілген учаскелердің айналасында кейде
кездеседі. Табиғатты Іле, Күнгей Алатауында (Алматы облысы), Батыс Тянь-
Шань (Шымкент қаласының төңерегінде) кездеседі. Мәдени өсімдік ретінде
дүние жүзінің барлық елдерінде кездеседі деуге болады. Кәдімгі кенедәнінің
отаны тропикалық Африка. Ол жерлерде кенедәні көпжылдық өсімдік, биіктігі 10
м дейін ССРО елдерінде Солтүстік Кавказда, Орта Азияда, Украйнаның
далаларында екпе өсімдік ретінде өсіріледі. Бұрынғы ССРО елдерінде кәдімгі
кенедәнінің Совет ғалымдары шығарған сорттары егіледі. Ол сорттар екі топқа
бөлінеді.
1) Жарылатын қорапшаларымен және майда тұқымдарымен (1000 данасының
салмағы 200-300гр)
2) Жарылмайтын қорапшаларымен және ірі тұқымдарымен (1000 данасының
салмағы 700-800гр
Дәрілік шикізаты – тұқымдары
Химиялық құрамы.
Тұқымдарында шыны майы 40-60
% және фермент липаза, 17% белокты
заттар (глатбулин және альбумин) Белокты заттар ішінде улы зат- токсальбумин
рицин жинақталады. Рицин эндоспермде және ұрықта 2-3
% шамасында
38
жинақталады. Кәдімгі кенедәні тұқымында 0,1-1
% шамасында алколоид рицин
болады.
Пайдалануы
Белгілі іш айдағыш дәрі медициналық майдан басқа өндірісте авиацилық
және техникалық кенеден майын шығарады. Моторларды майлайтын заттарға
қосады. Техникалық майлар сабын қайнатқанда, олиф дайындағанда
пайдаланады. Күнжарасы улы зат болғандықтан азоттық тыңайтқыш ретінде ғана
және клей алу үшін пайдаланылады.
Кәдімгі кенедән өте ерте заманнан дәрілік өсімдік ретінде белгілі. Ол
өсімдіктің белгілері ертедегі Египеттіктер ден табылған.
Күнбағыс майы
Өсімдік аты- Біржылдық күнбағыс – Helianthus annuus L.- Подсолнечник
однолетнии.
Біржылдық, шөптесін өсімдік биіктігі 2,5 м. Күнбағыстың отаны – Солтүстік
Америка. Бұрынғы ССРО елдерінде күнбағыс негізгі майлы өсімдік ретінде
Россияда- Воронеж облысында, Солтүстік Кавказда, Поволжьеде, Украйнада,
Қазақстанда өсіріледі.
Дәрілік шикізаты
Піскен тұқымшалары селекциялық сорттарына қарай тұқымшалардың
мөлшері және салмағы 1000 тұқымшасын алғанда 40 грамнан 200 граммға дейін
өзгереді.
Химиялық құрамы
Күбағыстың тұқымшасында 35
% дейін шыны майы болады, көмірсулар 24-27
%, белокты заттары 13-20%, фитин 2 %, хлороген қышқылы 2% азда болса илік
заттар және органикалық қышқылдар болады. Жапырақтарында 100 грамында 11
мг каротин болады.
Күнбағыс шыны майы 39
%, олейн үшглицеринен 47%, линолев және 9%
шектеулі қышқылдардан тұрады.
Пайдаланылуы
Майын денеге жағуға пайдаланылатын дәрілік заттардың (майдың) еріткіші
ретінде қолданылады.
Мақта майы
Өсімдік аты -мақта (Gossypium-хлопчитник), Malvaceae (құлқайырлар-
мальвовые) тұқымдасынан
Химиялық құрамы.
Мақта майының негізгі компоненттері трилиполин (45
% шамасында)
триолеин (35
%) және құрамында пальмигин және стеарин қышқылдары бар
триглицеридтер. Мақтаның шыны майы олардың қабықтарынан және
қылшықтарынан тазалағаннан кейін тұқымдарын сығып алады. Тұқымдағы
майдың мөлшері 30
% шамасында болады. Мақтаны жаңа сығып алғанда
құрамында 2
% бояғыш, қарамай, белокты заттар болады.
Пайдалануы
Мақта
майы-
тағамдық
өнім.
Фармацияда
мақта
майының
гидрогенизаторлары пайдаланады.
39
Жүгері майы Өсімдік аты- жүгері (Zea mays L-Кукуруза)
Біржылдық өсімдік биіктігі 80-300см. Жүгерінің отаны Америка (Мексика,
Перу) Қазақстанның барлық региондарында екпе жағдайда өсіріледі.Дәрілік
шикізаты Жүгері дәндері ұрықтары. Жүгері дәндерін тартып ұн алғанда оның
ұрықтары қалдық ретінде қалады.
Химиялық құрамы
Жүгерінің ұрықтарында 49-57
% шыны майы болады, 13-18 % белокты заттар,
5
% фитин, токоферолдар және басқа заттар болады.
Жүгерінің ұнын өндіргенде ұрықтары қалдық ретінде қалуы мүмкін және май
шамамен 18-20
% болады. Жүгері майы олейн (45% дейін), линолев (48% дейін)
және шекті қышқылдар (11
% дейін) болады. Жүгері майында витамин Е және
фитостериндер болады.
Пайдалануы
Жүгері
майының
шипалық
қасиеті
ол
майдың
құрамындағы
компоненттерінің комплекстік әсеріне байланысты.
Линолев қышқылы липидтердің бөлініп және организмнен шығарылуын
тездетеді. Фитостерин ішек-асқазаннан холестериннің сіңірілуіне кедергі
келтіреді.
Е витаминінің әсері әр жақты - белок алмасуды тежейді, Капиллярлардың
күйрегіштігіне морттығына әсер етеді. Осыған байланысты жүгері майын
атроскелерозды емдеу және профилактикасын жасау үшін ішеді.
Зығыр майы
Өсімдік аты-Кәдімгі зығыр (Linum usitassium- Лен обыкновенный).
Дәрілік шикізаты және оның химиялық құрамы.
Кәдімгі зығырдың ыстық қыспаққа алу арқылы майдаланған тұқымдарынан
алынатын майы зығыр майы.
Зығырдың тұқымдарындағы майдың мөлшері зығырдың қайсы түрге
жататындығына,
өскен
регионына
топырақ-климаттық
ерекшеліктеріне
байланысты 20
%- 40% арасында болады.
Пайдаланылуы
Көп уақыт бойы зығыр майы медицинада тек күйікке жағатын Линиментті
алумен шектеліп келді. Кейінірек зығыр майының май қышқылдарының
липидтерді ыдыратып организмнен шығаруға қабілетитілігі бар екендігі белгілі
болғаннан кейін зығыр майының шипалық құндылығы арта түсті. Сонымен қатар
жартылай қаныққан май қышқылдары адам және жануарлар организмінде
простогландиндерді биологиялық синтездеуде алғашқы заттары болатынтығы
белгілі болды.
Зығыр майынан линетол препаратын алады. Линетол атресклерозды күйікті
радиация сәулелерінің әсерінен пайда болған ауруларды және басқада терінің
ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Какао майы
Өсімдік аты- Theobeoma cacao- шоколодное дерево. Sterculiacеaea
тұқымдасынан. Мәңгі жасыл ағаш, биіктігі 10-15 м. Ылғалды тропика
ормандарында өседі. Какаоның отаны тропикалық Оңтүстік Америка және
Достарыңызбен бөлісу: |