Дәріс Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау Мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет28/28
Дата15.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#13603
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 

65

детриттері  (өлі  органикалық  заттар).  Өте  жас  балықтар    түгел  дерлік 



зоопланктонмен  (баяу  ағыспен  жылжитын  жануарлар)  көректенеді.  Арал 

сазаны жасы ұлғайған сайын негізнен жануарлардан және өсімдіктерден пайда 

болған әртүрлі жем-шөптерімен қореқтенеді. 

 

Саны және шаруашылықтағы маңызы. 



Қазақстанда  сазан  балығы  бекіре  және  албырт  балықтарынан  кейін  ең 

бағалы  кәсіптік  балық  болып  саналады.Тамаққа  негізінен  жаңа  ауланған 

кезінде  пайдаланалады  сазан  спорттық  балық  аулау  объектісі.  Ыстық 

қақталған  немесе  сурленген  сазан  жақсы  гастрономиялық  сапасымен 

ерекшеленеді. 

Сазанның  қолға  үйретілген  формасы – карп  (тұқы)  балығы – үзақ 

жылдары бойы тоғандық балық шаруашылығының жалғыз  объектісі болып 

келді. Мүмкін өзінің осы негізгі орнын болашақта да сақтауы мүмкін. 

Сазан  көп  уақыт  бойы  негізгі  кәсіптік  балық  болған  көптеген 

тұщысулық  және  тұздысулық  балықтардың  бірі  болып  келді.  Мысалы 1958 

жылдан 1965 жылға  дейін  Қазақстанда  сазанды  аулаудын  мөлшері 150 мың 

тонна  шамасында  болды.  Орал-Каспий  бассейнін  мекендейтін  европалық 

сазанда кәсіптік балық қатарына жатады. Оның аулану мөлшері әр жылдары 

әр  қалай.  Мысалы 1932-1951 жылдары  европалық  сазанды  аулау  мөлшері 2 

мыннаң 17,6 мың тоннаға дейін өзгеріп отырды. 

Арал  сазаны  өзінің  аналық  бассеінінде  аулау  ерте  заманнан  бері 

жүргізілді. Совет үкіметі кезінде сазанды аулау мөлшері 1932 жылы 3,5 – 9,6 

мың тонна болса соғыс алдындағы жылдары 4,5-12,5 мың тонна шамасында 

болды.  Орташа  жылдық  мөлшері 1932-1941 жылдары 9,3 мың    тонна 

шамасында  болды. 1952-1961 жылдары 8,3 мың  тонна  болды. 1972-1978 

жылдары  Сырдарья  және  Амурдарья  өзендерінің  суы  теңізге  құйылуы 

тоқталғанда  Аралдан  сазан  аулау  мөлшері 30-1500 тонна  ғана  болды.  Арал 

бассейніне қатысты су қоймаларында сазанды аулауды былайша сипаттауға 

болады. Боген су қоймасында 1967-1977 жылдары 200-700 тонна шамасында. 

Шардара  су  қоймасында 1970-1975 жылдары 122-1400 тонна  шамасында 

болды. 


Ал  енді  басқа  су  қоймаларын  қарастыратын  болсақ  олардағы  сазанды 

аулауды былайша сипаттауға болады. Шу өзенінің төменгі ағысында жылына  

200-250 тонна, Таласс өзені бассейнде жылына 1000-1300 тонна шамасында 

ауланды  (Пивнев, 1985). Балхаш-Іле  бассейнінде 1929-1941 жылдары 

сазанды  аулау  мөлшері  жылына  орташа 10700 тонна  шамасында  болды. 

Капчагай  теңізі  салынғаннан  кейін  Балхаш  көлінің  жағдайы  нашарлай 

бастады соған байланысты 1970 жылдары сазанды аулау мөлшері 2600 тонна 

немесе 2,3 есе азайып кетті. 

Капчагай  теңізі  салынғаннан  кейін  Іле  өзенінің  өзіндегі  сазандарды 

аулау 1971 жылдары 210-650 тонна болса 1984 жылы болғаны 40 тонна ғана 

болды.  Қапшагай  теңізінен  сазанды  аулаудың  жылдық  мөлшері  орташа 18-

253 тонна аралығында болды (Мельников, 1985). 




 

66

Алаколь  көлінде  сазанды  кәсіптік  аулау 1934 жылы  басталды.  Сол 



1936-1971  жылдар  арасында  жылына  орташа 29-3358 мың  тонна  арасында 

болды. 


Зайсан – Бухтарма  бассейнінде  сазанды  кәсіптік  аулау 1949 жылы 

басталды.  Орташа  жылдық  мөлшері  көлде 30-760 тонна  ал    су  қоймасында 

20-300т шамасында болды. 

Қазақстанның кішкентай су қоймаларында мысалы Сергеевскіде 4,6-30 

тонна, Вячеславкіде  - 3-16 тонна, Қаратомарда - 2-4 тонна, Ертіс-Қараганды 

каналында 14-20 тона,  Орал  обылысы  су  қоймаларында 5-70 тонна,  Актобе 

обылысы су қоймаларында 256-676 тонна, Торгай -су қоймаларында  30-97, 

Жамбыл - 100-150 т сазан ауланады. 

Кезінде  сазанды  акклиматизациялау  Қазақстанның  су  қоймаларынан 

кәсіптік  балық  аулаудың  мөлшерін  улғайтты.  Бірақта  соңғы  жылдары  су 

қоймаларынның  гидрологиялық  жағдайының  нашарлауына  және  ол  су 

қоймалларына 

басқа 

сазанға 


жем-шөпке 

бәсекелес 

балықтарды 

акклиматизациялау  жұмыстары  (мысалы  табан  балық)  сазанның  жағдайына 

нашарлатып  ол  кәсіптік  аулауға  жеткіліксіз  болып  барады.  Сазанның 

Қазақстан    су  қоймаларындағы  қорын  қалпына  келтіру  үшін  су 

қоймаларының  экологиялық  тутастаған  сақтайтын  шаралар  қажет.  Сазаның 

қорын қалпына келтіру үшін жасанды көбейтуменде айналасуға болады. 



Иллюстрациялық материалдар: 

1)  Қазақстан территориясын ихтиогеографиялық бөлу кестесі 



Ұсынылған әдебиеттер:  

1)  Рыбы  Казахстана  (под  редакцией  Е.В.  Гвоздева  и  В.П. 

Митрофонова) 

2)  Àëìàòû "Íàóêà" Ò.

Ι - ΙΥ 1986-1989ãã. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

67

ДӘРІС 15. ҚАЗАҚСТАННЫ 



 

 

Ң 

ҚҰСТАР 

ӘЛЕМІ.БИОЛОГИЯЛЫҚ  АЛУАН  ТҮРЛІЛІКТІ  ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕ 

САҚТАП ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛІ 

Мақсаты:  Қазақстанда  кездесетін  құстар  туралы  және  Қызыл  кітапқа 

енгендері  туралы  түсінік  беру.  Биологиялық  алуан  түрлілікті  тепе-теңдікте 

сақтап пайдаланудың жүйелі тәсілімен таныстыру. 

Кілттік сөздер: жүйелі кесте, экологиялық тауша, конвенция 

Негізгі сұрақтар: 

1)  Қазақстандағы  құстардың  түрлер  саны  және  қызыл  кітапқа  енген 

құстар түрлері 

2)  Қазақстан  обылыстарындағы  құстардың  салыстырмалы  саны. 

Алматы  облысында  ұя  салатын,  қыстайтын,  кездейсоқ  ұшып  келетін  және 

территория арқылы ұшып өтетін құстардың түрлерінің саны 

3)  Биологиялық  алуан  түрлілікті  тепе-теңдікте  сақтап  пайдаланудың 

жүйелі тәсілінің негізгі принциптері 

Құстар  казіргі  кезде 28 отрядқа  жатқызылады  олардың 9000 

шамасында  түрлері  бар  (БЭС 1986). Құстар  Арктикадан  Антарктика 

жағдайларына дейін барлық табиғат аймақтарында кездеседі. Құстардың 80% 

жуығы тропикалық аймақтарда кездеседі. 

Проф.  Ковшарь  А.Ф. (1988) мәлімті  бойынша  Қазақстанда  жылдың 

әртүрлі  мезгілдерінде 480 құс  түрі  кездеседі.  Ол  құстар  түрлері 23 отрядқа 

жатады. 

Қазақстанда кездесетін 480 құстар түрінің қызыл кітапқа енгендері: 

1.  Қара дегелен (черный айст) 

2.  Қокиқаз (фламинго розовый) 

3.  Сұңқылдақ аққу (лебедь-кликун) 

4.  Кутұмсық, қытай қазы  (сухонос) 

5.  Жекдуадак (джек) 

6.  Орақтумсық (серноклюв) 

7.  Алтай улары (алтайский алар) 

8.  Бидаяқ (шахин) 

9.  Ақ сұңқар (крегет) 

10. Үлкен мықы (европейский тювик) 

11. Жұртша (стервятник) 

12.  Құмай (кумай) 

13.  Қара құс (могильник) 

14.  Дала қыраны (степной орел) 

15. Жұмақ шыбыншысы (райская мухоловка) 

16. Көкқұс (синяя птица) 

Сонымен,  Қазақстанда  кездесетін 480 құстар  түрінің 16 түрі  сирек 

кездеседі  немесе  жойылып  бара  жатыр  сондықтан  олар  қызыл  кітапқа 

ендірілген. 

Қазақстан  обылыстарынды  құстардың  таралуына  келетін  болсақ 

әдебиеттерде  қай  обылыстарда  қандай  құстар  ұя  салатын,  қыстайтыны, 

кездесетіні,  ұшып  келетін  және  қандай  құстар  ұшып  өтетіні    туралы  дәл 




 

68

мәліметтер  бар  (Ковшарь, 1988). Ол  мәліметтермен  семинар  сабақтарында 



танысып талқылауға болады. 

Семинар  сабақтарында  қандай  жоба  бойынша  дайындалып  баяндама 

жасау  керектігін  көрсету  үшін  тек  бір  облысты  Алматы  обылысын  мысалға 

алып танысып өтейік. Алматы обылысында құстардың 345 түрін кездестіруге 

болады,  олардың 248 түрі  мысалы:  ителгі  (сокол - балобан),  үкі  (филин), 

жекдуадақ (джек), құз кептер (скалистый голубь) қаратөс торғай  (испанский 

голубь),  қара сайлақ  (черный дрозд) және т.б. ұя салады. 

Құстардың 28 түрі  Алматы  обылысында  қыстайды  мысалы:  жүкбалақ 

тілеміш (мохноногий курганник), ақ жапалақ (белая сова),  кәдімгі сұлыкеш 

(обыкновенная овсянка), шымшық (чиж), шекілдек ( чечетка) және т.б. 

Құстардың 64 түрі  Алматы  обылысы  территориясынан  ұшып  өтеді 

мысалы:  дуадақ  (дрофа),  дала  құладыны  (степной  лунь),  айдарлы  аражегіш 

(хохлатый осоед) және т.б. 

Алматы  обылысы  территориясына  құстардың 5 түрі  ұшып  келеді. 

Мысалы  ақ  тырна  (стерх),  қылқұйрық  сурқарлығаш  (иглохвостый  стриж), 

теңбіл шырылдақ (пятнистый сверчок) және т.б. 

Қазақстан  облыстарын  құстардың  түрлері  санын  салыстырын  қарасақ 

онда  проф.  Ковшарьдың (1988) мыíаäàй  мәліметтерін  келтіруге  болады. 

Алматы  обылысында  ұя  салатың,  қыстайтын,  кездейсоқ  ұшып  келетін  және 

территория арқылы ушып өтетін құстардың түрлерінің саны – 345, ал шығыс 

Қазақстан  обылысында – 319, солтүстік  Қазақстан  обылысында - 164, 

Маңгышлақ облысында - 231. Шығыс Қазақстан  облысында -319, Солтүстік 

Қазақстан обылыснда - 164, Маңғыстау обылысында - 231. 

 

3.  БИОЛОГИЯЛЫҚ  АЛУАН  ТҮРЛІЛІКТІ  ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕ 

САҚТАП  ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ЖҮЙЕЛІ  ТӘСІЛІ  ЖӘНЕ  НЕГІЗГІ 

ПРИНЦИПТЕРІ 

Академик  И.О.  Байтулиннің  ойынша  қазіргі  кезде  Қазақстанның  көптеген 

региондарындағы  экологиялық  жағдай  нашар.  Шөлге  айналу  процесі  кең 

масштабта  жүруде.  Соның  нәтижесінде  табиғи  ресурстар  экологиялық 

деградацияға  ұшырап  ол  биологиялық  өнімділіктің  жоғалуымен  қатар 

жүруде. 


Қазақстандағы  шөлге  айналған  жерлер  ауданы  бүкіл  Қазақстан 

территориясының 59,9

%  шамасында.  Жерлердің  мұндай  масштабта 

деградацияға  ұшырауының  себебі  ССРО-да  дамудың  негізгі  идеологиялық 

принципі  ол  адамға  табиғатты  бағындыруда  басымдық  экологияға  емес 

экономикаға  берілді.  Табиғаттың  қулдырау  (деградация)  процесі  одан  әрі 

күшеймеу  үшін  ең  алдымен  жалпы  мемлекеттік  деңгейде  Республикалық 

экологиялық  саясатты  анықтау  керек.  Онда  қоғамның  дамуындағы 

экономика  және  экология  мәселелерін  сәйкестендіру  мемлекеттік  дәрежеге 

шығарылуы  керек.  Сосын  ұлттық  экологиялық  бағдарлама  жасалып  ол 

бағдарлама қоғамның даму стратегиясының құрамалы бөлігі болуы керек. Әр  

облыстың  және  ауданның  өзінің  региондық  табиғатты  қорғау  стратегиясы 

болуы керек. Ол стратегия ұлттық экологиялық бағдарламаның бөлігі болуы 



 

69

керек.  Тек  осындай  табиғатты  қорғауға  келісілген  әдістеме  болғанда  ғана 



табиғатты қорғау қоғамның даму жоспарына қайшылыққа келмейді. 

Әр  облыс  және  район  үшін  қорғауды  қажет  ететін  өсімдіктер  және 

жануарлар түрлерінің экосистемалардың және басқада табиғат обьектілерінің 

тізімі  жасалуы  керек,  олардың  ғылымдағы  және  практикадағы  бағалығы 

және  экосистемадағы  мәдениеттегі  және  тарихтағы  ролі  көрсетілуі  керек. 

Әсіресе  этолондық  экожүйелерді,  әртүрлі  өсімдіктер  және  жануарларға  бай 

эндемизм  орталықтарын,  мәдени  өсімдіктердің  және  үй  жануарларының 

жабайы туған туыстарының таралған жерлерін, реликті сирек және жоғалып 

бара  жатқан  өсімдіктер  және  жануарлардың  басқада  бірегей  табиғи 

обьектілерді  өзгеруден  немесе  модификациядан  сақтандыратын  шаралар 

жасалуы керек. 

Әрбір  жоба  (проект)-  кішкентай  немесе  үлкен  жалпы  мемлекеттік 

жергілікті  немесе  мекемелік,  қоршаған  ортаға  зиян  келтірмейтіндей  етіп 

жасалуы керек және міндетті түрде экологиялық экспертизадан өтуі керек. 

Әскери  базалар  территориялары  толық  масштабты  экологиялық 

тексеруден өтуі керек. Бұл базалар қоғамның бақылауынан тыс қалған және 

өте жиі олар ластанудың таралуының ошағы болып табылады. 

Жоспарлайтын  жобалайтын  өндірістік  және  ғылыми  мекемелердің 

жұмыстарының басы бірікпеушілігі көптеген региондарда халықтың ауруына 

жүйелі    санақтың  жоқтығы  экологиялық  ситуацияға  ғылыми  тұрғыдан  баға 

беруді қиындатады. 

Ең 


алдымен 

барлық 


бар 

материалдарды 

жинақтап 

мұқият 


инвентаризиция  жүргізіп  табиғи  ресурстардың  (топырақ,  өсімдіктер, 

жануарлар  дүниесі)  жағдайын  анықтап  біздің  жер  асты  байлықтарымыз 

қалай  жұмсалып  жатқанын  анықтап,  олардың  қанша  жылға  жететіндігі 

болашақ ұрпаққа не қалатынын білу керек. 

Академик  И.О.  Байтулиннің (1996) пікірінше  орнықты  дамудың  ұлттық 

стратегиясында  мыналар болуы керек: 

1)  Қазақстан Республикасының  ұлттық экологиялық саясаты 

2)  Жалпы мемлекеттік  қоғамның  даму бағдарламасының құрам бөлігі 

ретінде ұлттық экологиялық бағдарлама  

Биосфера  ресурстарын  қорғап  және  тиімді  пайдалану  жердің  биологиялық 

өнімділігін  арттыру  және  өндірістің  дамуына  байланысты  кен  масштабты 

антропогендік  өзгеріс  болып  жатқанда  қолайлы  экологиялық  ортаны  сақтау 

шараларын  жетілдіру  тек  кең  биогеоценологиялық  негізде  жүйелі  келісте 

(системных подход) ғана мүмкін. 

“Система”  деген  термин  грек  тілінен  “целое”  яғни  “бүтін,  тұтас”  деген  

мағана    береді , ол  жеке  бөліктерден  құралады,  Қазіргі  ғылыммен 

техниканың  даму  кезеңінде  система-  жүйе  дегеніміз  бір-бірімен  тығыз 

байланыстағы  белгілі  бір  бүтін  жүйені    құратын  көптеген  элементтер 

жүйеліліктің негізгі принциптері. 

1.  Тұтастық  немесе  бүтіндік  жүйенің  қасиеттері  оның  құрамындағы  

элементтердің  жиынтығы  емес,  өйткені  элементтердің  жиынтығынан 



 

70

бүтіннің қасиеттері шықпайды, әрбір элементтің қасиеті және жүйеге қатысы 



оның тұтастық ішіндегі орнына, қызметіне бағынышты 

2.  Құрылымдықтар – байланыстардың  тармағы  және  жүйелердің  қарым – 

қатынасы. 

3.  Жүйелер  және  ортаның  өзара  тәуелділігі – жүйе  ортамен  әрекеттестік 

процесінде  өзінің  қасиеттерін  қалыптастырып  көрсетеді.  Екі  жақтың  өзара 

қатынасында жүйе оның жетекші белсенді компоненті болып қалады. 

4.  Тұтастықтың  (бүтіннің)  элементтерін  жоғарыдан  төмен  қарай 

орналастыруда  жүйенің  әрбір  компоненті  өз  кезегінде  жүйе  ретінде 

қаралады. 

5. Әрбір жүйені көп рет сипаттау. 

Биологиялық  алуан  түрлілікті  тепе–теңдікте  сақтап  пайдаланудың 

ұлттық 


стратегиясы 

басқару 


жүйесіне 

жатады 


және 

жүйе             

жиынтығын,  басқарудың  жеке  жақтарын  көрсетуі  керек:  мақсатын, 

тәсілдерін, орындарын, кадрларын, техниканы және технологиясын және т.б. 

Ұлттық стратегияның бағыты, ниеті ол – Биологиялық алуан түрлілікті тепе – 

теңдікте  сақтап  пайдалануда  қоғам  талабына  және  планетамыздағы 

тіршіліктің дамуының  объективтік заңдылықтарына сәйкестендіру.  

Басқару  жүйесінің  тиімділігі  оның  басқарған  объектісінің  тіршілікке 

қабілеттілігіне және қызметі көрсеткіштермен бағаланады (Бронинков, 1976). 

Жүйелі  келіс  ғылыми  біліктіліктің  методологиясы  бағытын  көрсетеді,  оның 

негізіне  обьектілерді,  құбылыстарды,  процестерді  зерттеу,  обьектілердің 

байланыстарының  әртүрлілігін  айқындау  және  олардың  барлығын  бүтін 

бірлестікке алып келу жатады. 

Биогеоценоз  компоненттері  кеңістікте  бір-бірімен  конкуренциясы  нашар 

болатындай болып таралады. Бұлай орналасуды биогеоценозда жер бетіндегі 

және  жер  астындағы    ярустылығынан  көруге  болады,  әрбір  түр  өзінің 

тіршілігін қамтамасыз ететін кеңістікте яғни өзінің экологиялық таушасында 

орналасады. 

Экологиялық  тауша  (Экологическая  ниша)  деген  түсінікті  қауымдар 

структурасындағы  түрдің  орнын  көрсету  үшін  американ  орнитологі  ЖД. 

Гринвел (1917) енгізген  (Байтулин 1996). Адамдар  тіршілігіне  байланысты 

экожүйелердің 

бөліктері 

өзгерістерге 

(трансформацияға) 

ұшырады, 

антропогендік  ландшафтар  пайда  болды,  ал  олардың  жағдайына  аймақтың 

көптеген түрлері бейімделмеген. 

Техногендік  ландшафтардың,  құмдағы  массивтердің,  кесілген  ағаштардың 

және  т.б.  қалпына  келу  ерекшеліктерін  зерттеу  өсімдіктер  қауымдарының 

табиғи қалыптасу жолдарын айқындауға мүмкіншілік береді. Сол білімдердің 

нәтижесінде  деградацияға  ұшыраған  қауымдарды  қайта  құрып  қалпына 

келтіруге  бағытталған  экологиялық  тұрғыдан  ақталған  ұсыныстар  жасауға 

болады.Табиғи бейнедегі жаңа агроценоздар құруға болады. 

Биологиялық  алуан  түрлілікті  тепе-  теңдікте  сақтап  пайдалану  шараларын 

жасаудың алғашқы кезеңі ол фундаментальді есеп және жағдайын талдау. 

Биологиялық  алуан  түрлілікті  дәл  тізімге  алып    түгендеп  яғни 

инвентаризация  жасап  жүйеге  келтірілген  мәліметтер  болғанда  ғана 




 

71

конвенция  ережелерін  талабын  тиімді  орындау  шараларын  жасауға  болады. 



Қазақстанда бұл бағытта біраз жұмыстар жасалды. Бірақта, әліде келешекте 

көп жұмыстар жасалуы керек. 

Биологиялық  алуан  түрлілікті  тепе-теңдікте  сақтап  пайдалануда  конвенция 

деградацияға  ұшыраған  табиғи  жүйелерді  қалпына  келтіру  мәселесіне 

маңызды  орын  береді.  Биологиялық  алуан  түрлілік  туралы  конвенция  №8 

бабында  (пункт F) былай  жазылған  әрбір  келісім  шартқа  отырған  ел 

"Деградацияға  ұшыраған  экосистемаларды  қалпына  келтіруге  тиімді 

пайдаланудың стратегиясын және жоспарын жасап шара қолданады". 

Әрбір  келісім  шартқа  отырған  ел  оның  нақты  жағдайына  және 

мүмкіншіктеріне сәйкес: 

1) Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте  сақтап пайдаланудың ұлттық 

стратегиясын, жоспарын немесе бағдарламасын жасайды немесе жетілдіреді. 

2)  Тиісті  бөлімдер  (сектор)  және  бөлімдераралық  жоспарларда, 

бағдарламаларда  және  саясатта    мүмкіндігінше  және  мақсатқа  сәйкес 

шаралар алдын-ала ескеріледі. 

Біздің  Республикамызда  табиғатты    тиімді    пайдаланудың  ұлттық  

бағдарламасы  жасалған,  шөлге    айналумен  күресудің  ұлттық  стратегиясы 

жасалуда.  Сондықтан  биологиялық  алуан  түрлілікті  тепе-теңдікте  сақтап 

тұрақты пайдаланудың стратегиясы, бағдарламасы осы жоғарыда көрсетілген 

және  басқа  да  Республикамызда  қабылданған  табиғатты  қорғауға 

байланысты  құжаттармен  келісілген  болуы  керек  және  еліміздің 

биологиялық  ресурстарын  қалпына  келтіру  тиімді  пайдалану  және  қорғау 

жүйесіне кірістірілген болуы керек. 

 

Иллюстрациялық материалдар: 

1) Қазақстанда кездесетін құстардың таралуын көрсететін кесте 

2) Қызыл кітапқа енген құстар тізімі.  



Өзін-өзі бақылау  сұрақтары: 

1) Қазақстанда кездесетін құстардың түрлер саны 

2) Қызыл кітапқа ендірілген құстар саны және түрлері 

3) Алматы облысы территориясында ұя салатындары, қыстайтындары, 

ұшып өтетіндер 

4) Акад. И.О. Байтулин бойынша орнықты дамудың ұлттық 

стратегиясында нелер болуы керек. 

5) Жүйелі келістің негізгі принциптері 

6) Биологиялық алуан түрлілікті сақтау жолында Қазақстанда 

қабылданған құжаттар 



Ұсынылған әдебиеттер 

1)  Кîвøарь А.Ф. Мир Птиц Казахстана Алма-Ата, "Мектеп" 1988, 



272с. 

2)  Байтулин И.О. Сборник статьей 1996с. 



 

жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау