Дәріс Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау Мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет1/28
Дата15.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#13603
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


Дәріс 1.   Қазақстандағы    биологиялық  алуан      түрлілік   жағдайын    қысқаша 

талдау  


Мақсаты:  Қазақстандағы    өсімдіктердін  (комплекстік  пайдаланылатын,  

тағамдық,  эфир  майлы  және    дәрілік)  және    жануарлардың    (сүтқоректілер,  

құстар,  балықтар)  алуан түрлілігі  жағдайымен   таныстыру.  

Кілттік сөздер:  биологиялық алуан түрлілік,  комплекстік  пайдаланылытын 

өсімдіктер.  Кәсіптік    ауланатын  аңдар,  синантропизация,  адвентивтік  түрлер, 

эврибионттар, реликт, эндем.  

 

Негізгі сұрақтар:  

1.  Қазақстандағы  өсімдіктер   және   жануарлардың алуан  түрлілігі  

2.Әкімшілік-бұйрық жүйесі жағдайындағы экожүйелердің бұзылуы. 

3.  Қазақстан  территориясындағы  соңғы  жылдары  жоғалған  өсімдіктер  және 

жануарлар түрлері 

1.  Қазақстан  территориясында  жер  шарының  барлық  ландшафтарының 

типтері  құрғақ  субтропикадан  және  ыстық,  қапырық  шөлдердің  әртүрлі 

типтерінен  биік  тау  тундрасына  және  мұздарына  дейін  кездеседі.  Осындай 

әртүрлі  ландшафтардың  оған  қосымша  Каспий,  Арал,  Балхаш,  Зайсан,  Алакөл 

сияқты  континентішілік  теңіздердің  және  көлдердің  болуы  Қазақстан 

биоталарының  бай  және  әртүрлі  болуын  қамтамасыз  етті.  Қазақстан 

территориясының 40

%-дан  аса  бөлігін  дала  және 55%  шамасында  шөлдер  алып 

жатыр,  экожүйелер  антропогендік  әсерге  әлсіз,  оңай  тұрақсызданады  және 

қайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар. 

Қазақстанның  өсімдіктер  жабынын 6000 түрден  астам 128 тұқымдасқа 

жататын  жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  жасайды.  Олардың 14

%  эндемиктер 

флоралық  әртүрлілік  деңгейі  Қазақстанның  әртүрлі  бөліктерінде  бірдей  емес. 

Қазақстанның тегістік бөліктерінде шөлдер және далаларда флораның әртүрлілігі 

және өзіндік ерекшелігі  батыстан Шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде 

флораның  әртүрлілігі  және  өзіндік  ерекшелігі  Солтүстік-Шығыстан  (Алтай)  

Оңтүстік  батысқа  (Батыс  Тянь-Шань,  Қаратау)  қарай  ұлғаяды.  Қазақстанда 10 

монотиптік  эндемикалық  туыстарды  ерекше  атауға  болады:  Physandra 

(Физандра),  Rhaphydophyton 

(Рафидофитон), Pseuderemоstаshys 

(Лжепустынноколосник-жалған 

шөлмесақ), 

Botschantzevia 

(Бочанцевия), 



Pseudomarrubium  (Ложная  шандра-жалған  шандра),  Canсriniella  (Канкриниелла), 

Spiraeаnthus 

(Таволгоцвет-тобылғытүс), Pterygostemon (Птеригостемон), 



Pastinacopsis (Пастернаковник), Niedzwedzkiа (Недзвецкия) 

Қазақстанның 1981 жылы  баспадан  шыққан  Қызыл  кітабына  жоғарғы 

сатыдағы  өсімдіктердің 279 түрі  кіргізілген  болса,  соңғы  жылдары    баспаға 

тапсырылған  қызыл  кітаптың  екінші  басылымына  өсімдіктердің 400 сирек 

кездесін түрлері енгізілген.  

Қазақстанда 

тіршілік 

ететін 


жануарлар 

Республикамыздағы 

байлықтарымыздың  бірі.  Сондықтан    оларды  қорғау,  тиімді  пайдалану  біздің  

борышымыз,  жануарлардың  біразы  сапалы  ет,  май,  сүт,  бағалы  тері    берсе, 

кейбіреулері ауыл және орман шаруашылығының зиянкестері. 



 

 



Қазақстан  жануарлар  әлемінде 835 омыртқалылар  түрлері,  оның  ішінде 178 

түрлер  сүтқоректілер,  оның 48 түрі (27

%)  кәсіптік  ауланатын  түрлерге  жатады. 

Тұяқтылардың 12 түрінің 7 түрі (ақбөкен -киік, сайган, бұлан-лось, елік- косуля, 

қабан,  тау  теке,  құдыр-қабырға,  марал)  кәсіптік  аулатындар.  Республикамыз 

терісі  үшін  ауланатын  аңдарға    бай.  Мысалы,  Кәмшат - Соболь,  түлкі  -лисица, 

ондатр, суыр-сурок), сарышунақ-суслик және т.б. Соңғы  жылдары экологиялық 

жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  жабайы    аңдардың  мекен  жайлары  жаңарып 

қайта  құрылуда  деуге    болады.  Олардың  саныда  өзгерді.  Кейбір  жануарлардың 

жалпы  саны  азайды  ал  кейбіреулері  көбейді. 1996 жылғы  мәліметтер  бойынша 

(Байтулин, 1996). Ақбөкендер  саны 850-900 мың,  елік-30мың,  қабандар-10мың, 

тау  теке-20мың,  марал-15мың  шамасында.  Қасқырлар  және  шиебөрілердің  саны 

көбейді. 

Қасқырлар-100мың, 

ал 

шиебөрілер-50мың 



шамасында. 

Бұл 


жыртқыштардың  санын  азайту  республикамызда  мал  шаруашылығын  дамытып, 

кәсіптік аңдарды сақтауда маңызы зор. 

Қазақстанда кездесетін 500 құстар түрлерінің 140түрі кәсіптік- ауланатындар 

қатарына  жатады.  Олардың  ішіндегі  ең  маңызды  топтар  ол  суда  жүзгіш  жабайы 

құстар (43 түр).  Олардың  ішінде  қаздар  (гуси),  үйректер  (утки),  қасқалдақтар 

(лысухи).  Олардың  қоры  белгісіз  Қазақстан  су  қоймаларында 7-8мың  құстар  ұя 

салады,  ал  маусымдық  миграция  кезінде  8-10 млн  құстар  Қазақстан 

территориясы арқылы ұшып өтеді.  

Қазақстанның  байырғы  (абориген)  ихтиофаунасында    Каспий  теңізіндегі 

түрлерді қосқанда 97 түрлер белгілі, акклииматизациялық жұмыстар нәтижесінде 

Қазақстан  ихтиофаунасы 23 жаңа  түрлермен  толықты.  Көптеген  аулақтанған  су 

қоймаларының    ихтиофаунасы  жасанды  құрылған.  Мысалы  Балқаш  су 

қоймасында 13 байырғы  түрлеріне 24 жаңа  түрлер  қосылған.  Талас  су 

қоймаларының 6-7 жергілікті түрлеріне 13 жаңа түрлер қосылған. 

Қазіргі  Қазақстан  ихтиофаунасы  бір-бірінен  жекеленіп,  аулақтанған  Каспий, 

Арал,  Ертіс,  Балқаш  және  т.б  көлдер  өзендер  жүйелерінен  құралған.  Әр  бір  су 

бассейнінде  оның  ихтиофаунасын  қайта  құру  туралы  жұмыстар  жүргізілген, 

нәтижесінде олардағы түрлердің құрамы өзгерген.  

 

2.  Қазақстанда  халықтың  аздығы  қорғаныс  базаларын  және  сынақ  



полигондарын салуға, жер қойнауының байлығын қазып шығаратын өнеркәсіптің 

дамуына, ал солтүстікте құнарлы жерлердің болуы тың және тыңайған жерлерді 

игеруге  алып  келді.  Әкімшілік-бұйрық  жүйесі  жағдайында  экономика  табиғат 

байлығын  барынша  мол  сығып  алу  мақсатында  экстенсивтік  жолмен  дамыды. 

Әрине  тезірек  жер  қойнауы  байлықтарын  алуды  мақсат  еткен  шаруашылық 

қызмет  жағдайында  ол  процестің  кейіннен  экологияға  әсері  ескерілген  жоқ. 

Соның  салдарынан  экожүйелер  терең  кең  көлемді  бұзылды,  көп  жерлер  шөлге 

айналды  және  биологиялық  алуан  түрлілікке  үлкен  зиян  келді.  Флораның 

биологиялық  алуан түрлілігі және  өсімдіктер ресурстары зиян шекті. 

  Антропогендік  азғындаудың  (деградация)  салдарынан    адвентивтік 

(қосымша)  түрлердің  таралуы  нәтижесінде  өсімдіктер    жабынында  адамдар 

арқылы  таралатын  өсімдіктер  көбейеді.  Яғни  синантронпизация  процесі 

басталады. 



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау