27
макро
микро
Алғашқы синтез
заттары:
белоктар,
витаминдер,
липидттер,
карбон
қышқылдары,
көмірсулар,
ферменттер
Екінші
синтез
заттары:
алколойдттар, әртүрлі
гликозидттер,
полуфункциональды
органикалық
қышқылдар
әртүрлі
фенолды қосылыстар,
стереодттар,
терпинойдттар
және
т.б
ультрамикро
Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991).
Олардың 16 элементі (H, C, N, J, P, O, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық
өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B,Al,V.Mo,J) тек кейбір түрлерде ғана
кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K,Ca,Ms,Na,Cl,P,Si) және
микро (Cu, Zn, J, Co, Mg, Mo, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым
органикалық емес қосылыстар (Co
2
, H
2
O, No
3
, SO
4,
-2
және PO
4
-
) өсімдіктерге 6
негізгі элементтерді береді - С, H,O, N, S, P ал олардан ұлпалардың көптеген
компонеттері құрамында белоктар, нуклейн қышқылдары, көмірсулар, липидттер
және т.б қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар
синтезделеді (алколойдтар, фенолды қосылыстар, терпенойдтар және т.б.).-
Өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар:
клетчатка - суда және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда,
сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клеткасы қабықшасының
негізгі құрам бөлігі.
Целюллоза - Өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.
Пектинді заттар - өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары өсімдікті
қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.
Салқындатқан мөлшеріне байланысты, сілікпе немесе қою коллойдты ерітінді
пайда болады.
Шырыштар (слизи)- табиғаты полисахаридті азотсыз зат.
Крахмал - полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда,
тамырсабағында, тамыржемісте кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда
ерімейді. T
0
60
0
C-тан жоғары болғанда жабысқақ коллойдты ерітінді түзіледі,
гидролиз болғанда глюкоза босап шығады.
Көмірсулар - моно-ди-олиго және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде,
барлық мүшелерінде болады, әсіресе жемістерде, суда оңай ериді.
Белокті заттар - барлық өсімдіктерде өте мол тұқымдарда.
Шыны майлар - қорлық және қаптап орын алатын заттар. Жапырақтарда
пайда болып кейіннен өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат
ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.
Пигменттер - барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде-
хлорофилл,
қызыл,
қызыл-қоңыр,
сары-каратинойдтар,
ксантондар,
флованойдтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері- гүлдерде,
жемістерде, жапырақтарда.
28
Органикалық қышқылдар - көмірсулар және белоктармен қатар
органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар
қатарына жатады, олар әсіресе көп мөлшерде шырынды жемістерде,
жапырақттарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.
Минерады заттар өсімдіктердегі минералды заттар екі топқа бөлінеді: 1)
Макроэлементтер 2) Микроэлементтер, олар туралы жоғарыда айтылды. Дәрілік
өсімдіктердегі минералдық элементтердің болуы олардың күліне байланысты
болады. Шикізаттың түріне байланысты күлінің мөлшері 3
% дан 25% дейін болуы
мүмкін (Муравьева, 1991).
Липидттер жоғарыда май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа
копатомды (жоғары малекулалық) спирттердің күрдері эфирлері. Өсімдіктерде
липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және
жемістерде.
Балауыз (Воск)- май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы
малекулалық спирттердің күрделі эфирлері.
Гликозидтер- күрделі заттар олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі
агликондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S
байланыстарымен анықталады.
Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына негізінен екінші сиетез
заттары (алколойдттар, сапониндер, жүрек гликозидттері, флаванойдтар және т.б)
сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарында (витаминдер, липидтер,
көмірсулар) жатқызуға болады.
Өсімдіктердегі барлық заттарды әрекеттегі, бірлесіп еріп жүретін және
балластық деп бөледі.
Дәрілік
өсімдіктердің
пайдаланылатын
мүшелерінде
немесе
жеке
бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері яғни
комплексі болады. Солардың арасынан бір немесе бірнеше өсімдіктің
медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармакологиялық белсенді заттарын
ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі
(действующие) заттар деп атайды.
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы алуан түрлі. Олардың құрамында
көптеген биологиялық (фармакологиялық) белсенді, индиферентті (бейтарап)
және балласты заттар бар.
Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап
өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде, сипатында, мөлшерінде. Соған
байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктер қатарына жатқызылады.
Бірақ та көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде,
халықтық медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде,
соның ішінде әсіресе Россияда бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктер
түрлерінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық
анализ жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда
қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек,
олардан ББЗ бөліп алынғанымен, олардың химиялық структурасына толық анализ
жасалынбаған.