47
Бұл процесс тозаңдану деп аталады. Содан кейін оны білесіңдер сперма барып
жұмыртқа клеткасымен қосылады. Бұл процесті ұрықтану деп атайды. Табиғатта
тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп бөлінеді. Екеуін салыстыратын
болсақ әрине айқас тозаңданудың биологиялық маңызы жоғары айқас тозаңдану
табиғатта желдің, судың насекомдардың, аралардың қатысуымен іске асады.
Тозаңдану желдің көмегімен болса- анемофильдік өсімдіктер, ал
насекомдармен тозаңданғандар, энтомофильдік өсімдіктер деп аталады.
Тозаңдану және ұрықтану туралы айтқанда табиғат айқас тозаңданудың
маңыздырақ екендігін көрсетті. Өйткені өздігінен тозаңдануға жол бермей
тозаңданудың айқас болуына біраз бейімделушілік бар екендігін көруге болады.
Мысалы 1)дихогамия- аталықпен аналықтың әртүрлі уақытта пісіп жетілуі.
Егерде аталық ерте пісіп жетілсе ал аналық әлі дайын болмаса оны
протерандрия (грек протерос-бурып, ерте, андрос-еркек) деп атайды, ал егер
керісінше болса протерогиния (грек, протерос- буын ерте, гине -әйел) деп атайды.
Мысалы күнбағыс (Helianthus- подсолнечник) және Сылдыршөпте (Selene-
смоловка) аталықтары ерте пісіп жетіледі, ал бақажапырақта (Plantago-
подорожник) шалғындық байменеде (Cardamine- pratensis- Сердечник луговой)
аналықтары бұрын жетіледі. Табиғатта протерандрия жиірек кездеседі.
2) Гетеростилия- аталықтың және аналықтың биіктіктері әртүрлі. Сондықтан
өсімдіктің аталықтары және аналықтары бірдей уақытта пісіп жетілгенімен бір
гүлдің өзінде аталықтың тозаңы аналықтың аузына барып түсе алмайды. Мысалы
Қарамық (Fagopyrum- Гречиха)
Өсімдіктерден шырынды және тозаңды жинап аралар оны ұяларына алып
барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды- пергаға (бал
арасының қорегі) айналдырады. Бал және перга ересек аралардың корегі олармен
аралардың личинкаларыда қоректенеді. Бал және пергана пайдаланған аралар
воск- балауыз өндіреді. Бір жылда араның семьясы 90 кг бал пайдаланады. Сол 90
кг нан қалған бал және Балауыз пасеканың (омартаның) товарлық өнімі болып
саналады.
Ара шаруашылығының маңызы тек өнім яғни бал алуда ғана емес. Бал
өндіретін аралар бал өндіруден басқа бақшалардың, егістіктердің, баулардың,
өнімділігін арттырады. Өсімдіктер аралармен тозаңданғанда онымен мөлшері
ғана емес сапасыда артады. Мысалы, ара шаруашылығымен айналысатын ғылыми
зерттеу институтының мәліметтері бойынша арамен тозаңданған күнбағыста
толық пісіп жетілген тұқымдар 85,3
%, ал тормен қоршап жауып қойған
күнбағыста толық пісіп жетілген тұқымдар мөлшері 40
% болған, ол торды
қосымша дәкемен жауып қоршап қойғанда 14,2
% ғана болған.
Москва жанындағы бірінші көкөніс фабрикасында қолмен тозаңдандыруды
арамен тозаңдандырумен салыстырғанда арамен тозаңданғанда 1 гектардан қияр
110 кг артық алынған.
Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары ол 1) нектар
2)тозаң, 3) Ара желімі (прополис)
Нектар. Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол
бал араларға қыс бойы тамақ болады. Аралар балмен тек қыс айларында
қоректенеді.
48
Өсімдіктерде нектардың екі түрі болады. 1)гүлдік 2) гүлден тыс пайда
болатын нектарлар.
Кейде бір гүлдегі нектар мөлшері онша көп болмағанымен мысалы
түйежоңышқаның (Донник- Melilotus) бір гүлде 0,16 мг нектар бар, ал өсімдіктің
бір индивидінде гүлдің саны 1 гектарда 1,77млн сондықтан бал өндіру
түйежоңышқадан 1 гектарға шаққанда 216 кг ал Salvia (шалфей) өсімдігінен 917кг
бал жинауға болады. Нектардың химиялық құрамына келетін болсақ көптеген
өсімдіктердің клеткаларында тек бір инвертацияланған қант болады, яғни глюкоза
және фруктозаға айналған қант. Кейбір өсімдіктердің нектарлары құрамында
инвертацияланған қантпен бірге қамыс қанты да болады. Қанттан басқа нектар
құрамында азда болса декстриндер, маннит қышқылдар , эфир майлары, азотты
және минералды қосылыстар, минералды заттардың құрамы 60-90
% шамасында
болады. Нектардағы қанттың концентрациясы өсімдіктің табиғатына және
қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы таңқұрайда (малина) -25
%,
күнбағыста 44,6
% ал Аткаштанда (Каштан конский) –74,5% шамасында болады.
Нектар қалайша балға айналады ?
Бұл процесс әрине араның асқазанында басталады. Нектардың құрамында су
азаяды. Және сілемейлі бездер ферменттерінің әсерінен нектардың құрамы
өзгереді. Ара нектарды алып келіп кәрезге (саты) орналастырады. Кәрездегі
нектардың құрамы әрине басқаша. Бірақта бұл затты әлі бал деп айтуға
болмайды. Өйткені оның құрамында әлі 60
% су болады. Кәріздің ұяларында бал
пісіп жетіледі. Балдағы судың мөлшері 18-20
% шамасында болады, қамыс қанты
(тростниковый сахар) түгелімен глюкозаға және жеміс қантына айналады. Сосын
жаңа ферменттер пайда болады. Сол жаңа ферменттердің әсерімен бал толық
пісіп жетіледі. Кәріздің ұялары толық балға толғанда ол қоюланады, ара ұяны
жауып бекітеді. Балдың нектардан айырмашылығы химиялық құрамында судың
мөлшері 18-20
% ғана болады, қарапайым қанттар басым болады, 18-20% судан
басқаның бәрі қанттар.
В.Г. Чудаков (1963) мәліметтері бойынша балдағы қарапайым қанттардың
орташа мөлшері 68-73
%. Ал жалпы алғанда 55,9 %-84,4 % аралығында болады.
Аралардың дұрыс тіршілік етуі үшін қанттан басқа оларға белок және май
керек. Белокты, майды және қажетті витаминдермен минералды тұздарды аралар
тозаңнан алады. Аралар гүлдерден нектар алғанда тозаңдарды қосып алады.
Аралар ұяларына алып келгенде нектармен тозаңдарды кезек орналастырады да
сілекеймен ылғалдандырады. Араның бір семьясы ұяларына бір сезонда 60 кг
тозаң алып келеді ал оларға қажеттігі 30 кг.
Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына Тал (Salix- Ива), Бақбақ (Taracsacum-
Одуванчик), Ақ беде (Trifolium repens- Белый клевер), эспарцет (Onobrychis-
эспарцет), көк гүлкекіре (Centaurea cyans- Василек синий) және басқа көптеген
өсімдіктер жатады.
Нектар бермей тек қана тозаң беретін өсімдіктер түрлері бұрынғы ССРО
территориясында 1000 нан асады. Бұл өсімдіктерді екі топқа бөлуге болады:
1)Желмен тозаңданатындар; 2) насекомдармен тозаңданатындар. Бірінші топқа
екіншімен салыстырғанда көбірек өсімдіктер түрлері жатады. Бірінші топқа