Дәріс 20
Тақырыбы: Шама және оларды өлшеу.
Мазмұны:
Скаляр шамалардың негізгі қасиеттері.
Нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі.
Халықаралық бірліктер жүйесі.
Әдебиет:
Скаляр шамалардың негізгі қасиеттері
Математикада әртүрлі, векторлық және скаляр шамалар қарастырылады. Векторлық шаманы анықтау үшін оның сандық мәнін және бағытын көрсету қажет болады. Векторлық шамаларға күш, үдеу, электр өрісінің кернеулігі, т.с.с. жатады. Бір ғана сан-дық мәнімен анықталатын шамалар скаляр шамалар деп аталады. Оларға: ұзын-дық, аудан, масса, көлем жатады.
Скаляр шамалар қасиеттері:
1) Шамалар өлшемділікпен сипатталады, яғни егер шама-сының қандай да бір мәні бірлік ретінде алынса, онда шамасы-ның бір мәніне қандай да бір оң нақты санды сәйкестендіруге бола-ды: , мұндағы , яғни .
2) Шамалар үздіксіздікпен сипатталады, яғни егер шамасы-ның бірлік мәні таңдап алынса, онда аралығынан алынған бір нақты сан осы шаманың қандай да бір мәніне сәйкес келеді.
3) Шамалар салыстырмалықпен сипатталады, яғни кез кел-ген біртекті екі шаманы салыстыруға болады. Біртекті шамалар үшін, «тең», «кем» және «артық» қатынастары орын алады, кез келген мен шамалары үшін , , қатынастарының біреуі, тек біреуі ғана орындалады.
Егер мен шамалары бірлік шамасы арқылы өлшенген болса, онда мен шамалары арасындағы қатынас олардың сандық мәндерінің арасындағы қатынастай болады және керісінше: ; ; ;
4) Шамалар аддитивтілікпен сипатталады, яғни тегі бірдей шамаларды қосуға болады, қосу нәтижесінде тегі сондай шама шығады. Берілген шаманың әртүрлі екі мәні бойынша, оның үшін-ші мәнін бірмәнді анықтауға болады, яғни кез келген екі мен шамалары үшін шамасы бірмәнді анықталады, мен ша-маларының қосындысы деп атайды.
;
5) Шаманы нақты санға көбейтуге болады, нәтижеде тегі сон-дай шама алынады, яғни кез келген а шамасы мен кез келген теріс емес нақты саны үшін шамасының санға көбейтіндісі деп ата-латын жалғыз ғана шамасы бар болады. Біртекті шамалар-ды, олардың айырмасын қосынды арқылы анықтай отырып шеге-реді: мен шамаларының айырмасы деп болатындай шамасын айтады. Біртекті шамаларды, бөліндіні шаманың санға көбейтіндісі арқылы анықтай отырып, бөледі: мен шамалары-ның бөліндісі деп болатындай теріс емес нақты санын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |