Ќазаќстан Республикасыныњ ѓылым жєне білім беру министірлігі



жүктеу 1,23 Mb.
бет1/11
Дата17.11.2017
өлшемі1,23 Mb.
#842
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ОӘК 042- 14 - 1 - 02.1. 20 - 161/03 - 2009

№2 басылым №1 басылымның орнына

16 беттің -беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК



ПОӘК 042-18.1.36/03-2014

ПОӘК

Пәннің оқу әдістемелік материалдары

«Машинажасаудағы техникалық нормалау»



№2 басылым

№1 басылымның орнына


ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Машинажасаудағы техникалық нормалау» пәнінен

«050712» - «Машинажасау» мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей

2009





М А З М Ұ Н Ы




1

Глоссарий




2

Дәріс қысқаша конспект







Практикалық және зертханалық жұмыстар




3

Студенттердің өздік жұмысы




4

Әдебиеттер






  1. Глоссарий

Тонегізгі уақыт

Топ-оперативті уақыт

Тк – көмекші уақыт

Протяжка-протяждаумен өңдеуге арналған аспап

Фреза-фрезерлік станоктарда фрезерлеуге арналғаг аспап

Кескіш-токарлық станоктарда айналу денесін өңдеуге арналған аспап

Бұрғы-бұрғылау станоктарында тесіктерді өңдеуге арналған аспап

Беріліс-аспап не дайындаманың бір айналымдағы орын ауысыруымен сипатталады(мм/айн)

Кесу тереңдігі-өңделген және өңделетін беттер арасындағы ең қысқа аралық

База-орналасу ауытқуы немесе орналасудың мүмкіншілік ауытқуы берілетін жазықтықтардың бірін немесе координаталар жүйесінің өстерін анықтайтын бет,сызық немесе нүкте(немесе олардың функциясын орындайтын).

Квалимертия-өнім апасының сандық бағалаудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын практикалық және ғылыми жұмыс саласы.

Квалитет(франсуз тілінен quality-сапа) берілген аймақтағы (мысалы 1-500мм) барлық номиналды өлшемдер үшін (а коэффицентімен анықталатын )тұрақты салыстырмалы дәлдәкпен сипатталатын мүмкіншілік ауытқулар жиынтығы.

Өлшеу қателігі- өлшенетін шаманың нақты мәнінен өлшеу нәтижесінің ауытқуы.

Мүмкіншілік ауытқудың алаңы-жоғарғы және төменгі ауытқумен шектелген алаң.

Қондыру- керу немесе саңылаудың шамасымен анықталатын бөлшек қосылыстарының сипаты.

Саңылаумен қондыру-қосылыста саңылау пайда болатын қондыру(тесіктің мүмкіншілік ауытқу алаңы біліктің мүмкіншілік ауытқу алаңынан жоғары орналасқан).

Керумен қондыру-қосылыста керу пайда болатын қондыру(тесіктің мүмкіншілік ауытқу алаңы біліктің мүмкіншілік ауытқу алаңынан төмен орналасқан).

Ауысымды қондыру-қосылыста керумен қатар саңылау пайда болуы мүмкін қондыру(тесіктің мүмкіншілік ауытқу алаңы біліктің мүмкіншілік ауытқу алаңын жартылай немесе толықтай жабады).

Өтудің шегі-материалдың максималды санына, білік үшін жоғарғы шек және тесік үшін төменгі шек болатын ең үлкен өлшемдердің біріне қолданылатын термин.

Өтпейтін шек- материалдың минималды санына, білік үшін жоғарғы шек және тесік үшін төменгі шек болатын ең үлкен өлшемдердің біріне қолданылатын термин.

Бөлшектің шекті өлшемдері-жарамды бөлшектің нақты өлшемі тең немесе олардың арасында орналасуы керек екі шекті өлшемдер.
2 Дәріс қысқаша конспект


Тақырыптар атауы және олардың мазмұны

Сағаттар саны

1

2

1 Тақырып: Еңбек мөлшерлеуінің негіздері

Дәріс жоспары:

1 Мөлшер функциясы мен квалификациясы

2 Еңбек шығындарының мөлшерін жобалау әдістері мен мөлшерлеу жайындағы тапсырмалар
Еңбек процесі дегеніміз дайын өнім алу мақсатында еңбек затын сандық немесе сапалық тұрғыда еңбек құралдарының көмегімен өзгертуге бағытталған адамның мақсатты іс-қимылы.

Өндірістік процесс – кәсіпорындағы адамдар мен өндіріс құралдарының бұйымды жасап шығуға немесе жөндеуге арналған барлық әрекеттерінің жиынтығы.

Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Еңбек заты дайын өнімге айналу үшін өзінің пішінін, өлшемдерін, қасиетін өзгерте отырып өндіріс технологиясымен ерекшеленетін бірнеше кезеңнен өтеді. Мұндай біртекті және технологиялық тұрғыда аяқталған кезең жеке өндірістік процесс (ұсалық, құю, механикалық, құрастыру процесстері) деп аталады.

Еңбекті нормалау мақсатында жеке өндірістік процесстерді мынадай белгілері бойынша топтастыруға болады.

  1. Еңбек затына әсер ету тәсілі бойынша механикалық, физика-химиялық, транспорттық, бақылау және табиғи процестер болып ажыратылады.

2. Жұмысшының өндіріс процесіне қатынасу сипаты бойынша қолмен атқарылатын, механикаландырылған, машинамен әрі қолмен атқарылатын, машинамен атқарылатын, автоматтандырылған және аппаратуралық процестер болып ажыратылады.

3. Процестің уақытқа байланысты жүру сипаты бойынша дискретті және үзіліссіз процестер. Дискретті процестер циклды және периодты болуы мүмкін.

4. Процестің кеңістікте жүру сипаты бойынша барлық процестер последовательные, паралелные и параллелно-последовательные болып бөлінеді.

5. Дайын өнімнің өндіріске қатысы бойынша негізгі процестер және көмекші процестер болып бөлінеді.

Әрбір жеке өндірістік процесс бөлек технологиялық операциялардан тұрады. Операция дегеніміз бір жұмыс орнында бір жұмысшы немесе бригада атқарған технологиялық процестің аяқталған бөлігі. Операция еңбекті нормалау объектісі болып табылады. Еңбек процесін оқып-үйрену үшін операцияны оның жекелеген құраушы элементтеріне бөлу керек.
1.2. Операцияны жекелеген құраушы элементтерге бөлу
Технологиялық белгісі бойынша операция мынадай элементтерге бөлінеді: орнату, позиция, ауысу, жұмыс жүрісі, көмекші жүріс (ГОСТ 3.1109 – 82).

Орнату дегеніміз өңделетін дайындамалардың немесе жиналатын құрастыру бірліктерінің өзгеріссіз бекітілуі кезінде орындалатын технологиялық операцияның бір бөлігі.

Позиция деп операцияның белгілі бір бөлігінің орындалуы кезіндегі бейімделген құралға бекітілген өңделетін дайындаманың немесе жиналатын құрастыру бірліктерінің аспапқа немесе қондырғының қозғалмайтын бөлігіне қатысты өзгеріссіз жағдайдағы күйі.

Технологиялық ауысу қолданылатын аспаптың, өңдеу арқылы түзілетін беттің немесе станоктың жұмыс режимінің тұрақтылығымен сипатталатын технологиялық операцияның аяқталған бөлігі.

Көмекші ауысу технологиялық ауысуды орындауға қажетті, бірақ бет өлшемдері мен пішінінің және кедір-бұдырлығының өзгерісіне қатыссыз адамның немесе қондырғының әрекетінен тұратын технологиялық операцияның аяқталған бөлігі.

Ауысу жұмысшы және көмекші жүрістерден тұрады.

Жұмыс жүрісі дайындама пішінін, өлшемдері мен қасиетін өзгертуге қажетті аспаптың дайындамаға қатысты бір мәрте қозғалысынан тұратын технологиялық ауысудың аяқталған бөлігі.

Көмекші жүріс жұмыс жүрісін орындауға қажетті аспап қозғалысынан тұратын технологиялық ауысудың аяқталған бөлігі.

Жұмыстың мазмұны бойынша операция қозғалысқа, іс-қимылға, әрекетке және әрекеттер комплексіне бөлінеді.

Қозғалыс дегеніміз затты ұстау, қозғалту немесе ұстап тұру мақсатындағы жұмысшының қолмен жасалған қозғалысын немесе бүкіл дене қозғалысын айтады.

Іс-қимыл жұмысшының үзіліссіз атқарған бірнеше қозғалыстарының жиынтығынан тұрады. Ол мақсатты тағайындалуымен сипатталады және екі немесе одан көп еңбек қимылдарынан тұрады.

Жұмысшының белгілі бір мақсатқа арналған аяқталған іс-қимылдарының жиынтығы әрекет деп аталады. Әрекет негізгі және көмекші болуы мүмкін.

Әрекеттер дербес мағынаға ие болуы және әрекеттер комплексіне біріктірілуі мүмкін.

1.3. Жұмыс уақыты шығындарын топтастыру

Техникалық нормалауға байланысты атқарушының барлық жұмыс уақыты жұмыс уақытына және үзілістер уақытына бөлінеді.

Жұмысшы еңбек процесін іске асыруға бағытталған іс-қимыл жасайтын уақыт жұмыс уақыты деп аталады. Өндіріске қатысы бойынша жұмыс уақытын өндірістік тапсырманы орындауға арналған жұмыс уақыты және өндірістік тапсырманы орындау қарастырылмаған жұмыс уақыты деп бөлуге болады.

Өндірістік тапсырманы орындау қарастырылмаған уақытқа өндіріс қажеттілігінен туындаған кездейсоқ жұмыстарды орындауға арналған уақыт пен өнімге өсім бермейтін жұмыстарды (непроизводительная работа) орындауға арналған уақыттар кіреді.

Өндірістік тапсырманы орындауға арналған жұмыс уақытына дайындау-қорытындылау уақыты, оперативті уақыт, жұмыс орнына қызмет ету уақыты, қондырғы жұмысын активті немесе пассивті қадағалау уақыттары кіреді.

Дайындау-қорытындылау уақыты – жұмысты орындаушыны (орындаушыларды) және техникалық жабдықтау құралдарын технологиялық операцияны атқаруға әзірлеуге және ауысымнан кейін ретке келтіруге жұмсалатын уақыт.

Оперативті уақыт – берілген жұмысты атқаруға тікелей жұмсалатын уақыт. Ол технологиялық (негізгі) және көмекші уақыттар болып бөлінеді.

Технологиялық (негізгі) уақыт – өңделетін еңбек затының формасын, өлшемдерін, сыртқы түрін, структурасы мен қасиетін, кеңістіктегі күйі мен орналасуын өзгертуге жұмсалатын уақыт.

Өндірістік тапсырманы орындауға жұмысшының қатынасуы бойынша негізгі уақыт қол жұмысы уақыты және машиналы-қол жұмысы уақыты болып ажыратылады.

Еңбек затының өзгерісі машинаның әсерімен (томатты түрде) іске асырылса және жұмыс атқарушы машинаның жұмысын қадағалап немесе бақылап тұрса онда еңбек затының өзгеру уақыты машиналық уақыт деп аталады. Бұл кездегі жұмыс атқарушы жұмсаған уақытты белсенді қадағалау уақыты деп атайды.

Негізгі жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін іс-қимылдарға жұмсалатын атқарушының уақыты көмекші уақыт деп аталады.

Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты – жұмысшының жұмыс орнын өнімділігі жоғары жұмысты қамтамасыз ететін күйде ұстауға жұмсайтын уақыты. Бұл уақыт техникалық қызмет көрсету және ұйымдастыру қызметін көрсету уақыттарына бөлінеді.

Техникалық қызмет көрсету уақыты – бұл белгілі бір жұмысты орындау үшін қондырғыға күтім жасау және аспапты үнемі жұмыс күйінде ұстау (станокты реттеп отыру, тозған аспапты ауыстыру, жұмыс процесінде жоңқаны жинап отыру және т.б.) уақыты.

Ұйымдастыру қызметін көрсету уақыты – бұл орындаушының жұмыс орнын жұмыс күйінде ұстауға жұмсайтын уақыты.

Үзілістер уақыты – бұл жұмысшының жұмысқа қатынаспайтын уақыты. Ол регламенттелген және регламенттелмеген уақыттар болып бөлінеді.


2

2 Тақырып: Негізгі жұмысшылардың еңбегңн мөлшерлеу

Дәріс жоспары:

1 Металлкесу станоктарында еңбек мөлшерлеуі

2 Көпстанокты жабдықтаудағы еңбек мөлшерлеуі

3 Иілгіш өңдіріс жүйесіндегі еңбек мөлшерлеуі

4 Дайындамалық пен слесарлі-құрастырмалы жұмыстарды мөлшерлеуі
Металкескіш станоктардағы еңбекті нормалау

Станоктық жұмыстар әрқилы болғанымен бірқатар жалпы көрсеткіштері болады, біртүрлі топтарға классификациялауға мүмкіндік беретін және басқа мақсаттарға сай. Еңбекті техникалық нормалау мақсатына ең маңызды көрсеткіштер болып табылатындар: өндіріс ұйымының типі, қайталау периодтылығы және өндірістік процестің ұзақтығы; өнімді дайындауда жабдықтар белсенділігінің дәрежесі өндірістік процестің мазмұны мен сипаты. Әрбір осындай группа үшін еңбек шығынының нормасын жетілдіру үшін біртұтас әдістеме қолданады. Еңбекті техникалық нормалау оның құрамдас бөліктеріне өндірістік процестің есептеулеріне және элементтеріне міндеттемелер талаптар етеді, осы арқылы өндірістік процестің рационалды режимін орнатуға, еңбекті дұрыс ұйымдастыру және осының негізінде еңбектің шығын нормасын прогрессивті, техникалық негізделген түрде жетілдіруге мүмкіндік береді. Өндірістік операция - нормалаудың тікелей объективті болып табылады. Өндірістік операцияға уақыт нормасы келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы керек: технологиялық процесс жұмысқа қатысушы техникалық құрал – жабдықтардың, құрылғылардың аспаптардың механизмдердің толық және рационалды түрде қолданылуын қарастырады: өндіру режимін алдыңғы тәжірибелерден орнатады; еңбектің негізгі процесі – жұмыстың қолдық әдістері – рационалды түрде өндірістің алдыңғыларының тәжірибесі негізінде құрылады;өндіру жұмысының жұмыс күнін толық іске қосылуы қарастырады; жұмыс орны рационалды ұйымдасқан, қажетті тарамен стеллажалармен, шкафтармен қамтамасыз етілген;жұмыс орнында тазалықты қамтамасыз етілуі қажеттігін дұрыс жарықтандыру, винтиляция және басқа талаптармен еңбектің жоғары сенімділігін қабілеттендіретін, дайындық және подсобные функциялары басқа жұмысшылармен экономикалық мақсатқа сай есеппен орындалады, өйткені негізгі жұмысшы өзінің бар назары мен уақытын негізгі тапсырманы орындауға бөлуі қажет; жұмыс қажетті білімі мен әдісі бар жұмысшымен орындалады; ауыр, үлкен күшті, талап ететін жұмыстарды орындау механикаландырылған, бөлуге керек немесе кей жағдайға уақытша механизацияға дейін көмекші жұмысшылардың көмегімен іске асуы қажет. Оперативті уақытты оның құрамдас бөліктері – негізгі және көмекші уақыт бойынша орнатады. Машиналық жұмыстарда негізгі және көмекші уақыт әрқайсысы жеке – жеке нормаланады, ал қолмен жұмыс істегенде оперативті уақыттың екі құрамдас бөліктері де көп жағдайларда бірге нормаланады. Негізгі уақыт кезінде не қолмен, не машиналы – қолмен, не машиналы, не аппаратуралық олперация элементтері орындалады операцияның қосымша элементтерінің құрамын жобалау техникалық процесстің картасы негізінде жүргізіледі немесе жұмыс орнында операцияны бақылап оқу жолымен жүреді, жұмыс орнына қызмет көрсету бойынша жұмыс элементтерінің жалғасуымен құрамы өндірістің түрі мен ұйымдасуына жабдықтың типіне және орындалатын жұмыс сипатына тәуелді. Демалысқа уақытты жобалаған кезде жұмысшының жұмыс қабілеті екенін ескеру керек. Өңдеу режимінің жалпы машина жасау нормативтерін пайдалана отырып, аспапты өңдеу тәртібін, технологиялық мүмкіншілік берілісті анықтауды, кесу жылдамдығы мен айналу жиілігін, тексеру есебін жүргізуді оқып білу қажет. Аспап таңдау жұмыс түріне, жабдыққа, өңделетін металға және өңдеу жағдайына байланысты алынады. Аспап өз өлшеміне, сондай−ақ метал маркасына байланысты қабылданады. Станок жұмыстарында кесу тереңдігі t берілген әдіпке h және жабдықтың техникалық сипаттамасына байланысты анықталады. Техникалық мүмкіншілік беріліс s таңдау жұмыс түріне тәуелділікпен жүреді. Токарлық, бұрғылау және фрезерлік жұмыстар үшін алдын−ала өңдеуге максималды күшті қолданудан барып, станоктың берілісі мүмкіншілік механизмінен алынады. Тазалап өңдеу кезінде және ажарлауда беріліс қажетті бет кедір−бұдырлығына сай тәуелділікпен анықталады сонымен қатар өңделетін беттің жоғары сапасын қамту. Кесу жылдамдығы v және айналу жиілігі n таңдап алынған аспапқа қабылданған беріліске кесу тереңдігіне және өнделетін беттің кедір−бұдырлығына сай тәуелділікпен анықталады.Негізгі уақыт жұмыс түріне байланысты формулалар арқылы анықталады.Негізгі уақытты әр жүріске жеке−жеке есептейді. Осы жүрістердегі уақыт өлшемінің қосындысы операцияға негізгі уақытты құрайды. Жүріске негізгі уақыт, мин:


5

3 Тақырып: Өңдірісте қызмет көрсету бойынша жұмысшылардың еңбек мөлшерлеуі

Дәріс жоспары:

1 Өңдірісте қызмет көрсетумен, жөндеумен айналасатын жұмысшщылардың еңбегін мөлшерлеу

2 Жұмыс орындарын құралдармен қамтамасыз етіп, жабдықтаумен айналасатын жұмысшылар еңбегін мөлшерлеу
Қызмет етуші жұмысшылар еңбегін нормалаудың ерекшеліктері

Қызмет етуші жұмысшылар негізгі өндірісті қамтамасыз етумен айналысады және кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерінде бірқатар көмекші функцияларды қоса орындайды. Негізгі цехтардың қызметімен бөлімшелерінде; өнім өндірудегі қосымша қызметтер мен бөлімшелерде және қосымша цехтар қызметінде; кәсіпорынды толық қамтамасыз етудің қосымша қызметтерінде еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және қызметшілердің санын дұрыс анықтау болашақта еңбек өнімділігін арттыруда үлкен орын алады. Бұл сұрақтың маңыздылығына мына факт нұсқайды: машина жасаушы кәсіпорындарда жұмысшылардың жартысына жуығы қосымша жұмыстармен айналысатыны. Бұл категориядағы жұмысшылардың бөлігінің еңбегін нормалау жалпы машинажасаудағы уақыт, сандық нормативтерімен және қызмет көрсету нормаларымен техникалық және экономикалық негіздерге сай іске асады. Жеке қосымша жұмыстар да негізгі жұмыстар сияқты нормаланады. Жұмыстың басқа түрлері үшін қызмет корсету нормалары басқаша орындалады және ол қызмет ететін бір жұмысшыға шақ келетін жабдық бөлігінің қамтамасыз ету санымен, жиналатын өндіріс ауданының санымен, тасылатын жүк көлемімен және т.с.с. көрсетіледі. Қызмет етуші жұмысшылардың негізгі категориядағы еңбегін нормалау уақыт нормасымен қызмет көрсету нормасымен және қызмет көрсету уақытымен немесе типтік нормалармен орындалады. Уақыт нормасы бірыңғай опреациялар немесе жұмыстар орындайтын қызмет етуші жұмысшылар еңбегін нормалау үшін арналған. Уақыт нормасы бойынша қатысушылар санын  есептеу негізгі өндірістегідей саналады. Жұмыс көлемінің еңбек сыйымдылығын  жұмысшы уақытының эффектілі фондына есептелетін периодқа  бөлінеді.



Жалпы машинажасау нормативтерінің қызмет көрсету тип нормаларына сай қызмет етуші жұмысшылардың негізгі цехтар мен қосымша өндірістегілердің қызмет көрсету нормасын мына формуламен анықтайды:



К коэффиценті мынаған тең



Қызмет етушілер нормасын қатысушы жұмысшылар санымен есептеген кезде келесі тәуелділікпен анықтайды:



Қызмет корсетудің уақыт нормасымен есептеген кезде



Қызмет көрсету зонасын кеңейткен кезде және орындалатын тапсырмаларын ауысым тапсырмаларына қарсы арттырған кезде, қызмет көрсету нормасы  түрінде нормативтер бойынша орнатылған, бригаданың қызметші жұмысшылардың қатысушылар санын келесі тәуелділікпен анықтайды; қызмет етуші нормасы есебімен



Еңбек сыйымдылық есебі бойынша



Қызметші жұмысшылардың тізімдік санын келесі формуламен анықтайды:




жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау