Халықаралық бірліктер жүйесі
Өлшемнің халықаралық жүйесіндегі (СИ интернационалдық жүйе) ұзындықтың негізгі бірлігі метр (Париж арқылы өтетін Жер меридианы ұзындығының қырық миллионнан бір бөлігі) болып табылады.
СИ жүйесіндегі метр вакуумда жазық электромагниттік толқынның секундтың -гі үлесіндегі өтетін қашықтығы ретінде анықталады.
Францияның ұлттық архивіне сақтауға өткізілген метрдің эталоны ұштарына штрихтар түсірілген, платинадан жасалған сыз-ғыш іспетті. Массаның негізгі бірлігі килограмм және ол температурадағы судың массасы ретінде анықталған.
Бұл 1889 жылы платина иридийден құйылған цилиндрдің массасы. Бұл эталон өлшем мен салмақтың халықаралық бюро-сында, Севра (Франция) қаласында сақталған.
Үшінші негізгі бірлік уақыт бірлігі, ол секунд деп 1960 жылға дейін секунд тәуліктің бөлігі ретінде, яғни секунд Жердің өз осінен айнала қозғалуы бойынша анықталған болатын. Бұл анықтамаға сәйкес тәулікте 86400с, 1440 мин. немесе 24 сағат болады. 1960 жылы өлшем мен салмақтың бас конференциясы Жердің орбита бойынша Күнді айнала қозғалуына негізделген уақыт бірлігіне көшу жайында шешім қабылданды. Секунд жыл-дың бөлігі ретінде анықталады. 1967 жылы секунд былай анықталады: «Секунд цезий 133 атомының негізгі күйінен екі өте жұқа деңгейлері арасындағы өтуге сәйкес келетін шағылу-дың периодына тең».
Жалпы, ғылым мен техниканың дамуы уақыт бірлігін анық-тауда өзгерістердің жиі енуіне себепкер болды.
Аудан. Аудан бірлігі - шаршы метр ( ), шаршы километр ( ), шаршы дециметр ( ), шаршы сантиметр ( ), шаршы миллиметр (мм2).
Көлем, сыйымдылық. Көлем бірлігі — текше метр ( ), текше дециметр ( ), текше сантиметр ( ), текше миллиметр ( ), литр (л), гектолитр (гл), миллилитр (мл).
СИ жүйесінде литр текше дециметрдің ерекше атауы ретінде қарастырылады, яғни 1 л = 1 .
Жылдамдық. Жылдамдық бірлігі - метр/секунд (м/с), километр/сағат (км/сағ.), сантиметр/секунд (см/с).
Біздің елімізде қолданылатын шама бірліктерін, олардың белгіленуі, атауы, қолдану ережесін мемлекеттік стандарт белгі-лейді.
Масса бірлігі ретінде, тонна (т); уақыт бірлігі ретінде минут (мин.), сағат (сағ.), тәулік (тәул.), апта, ай, жыл, ғасыр; Аудан – гектар (га); температура - Цельсий (°C) градусы.
Масса өлшем бірлігі - центнер жене аудан өлшем бірлігі әр мемлекеттік стандарт шешімі бойынша қолданудан алынды.
Шаманы өлшеу бірлігі деп айтуға болмайды, шама бірлігі деп айту керек. Мысалы: «Метр- ұзындық бірлігі»., «Грамм-масса бірлігі., «Сағат - уақыт бірлігі».
Достарыңызбен бөлісу: |