146
үйден 10-15 шаңыраққа дейін түтін көтерді, ауылдастар бірге көшіп, бірге
қонды. Дəстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған ұрпақтардан тұрады (аздаған
кірме қоңсыларды қоспағанда). Ауыл ішінде некелік қатынастарға тыйым
салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты
сақталатын типіне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман
мен Мамыр (аралары үш-бес аталық) осы дəстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына
кесілген. Əрине, қазіргі заман тұрғысынан «кузендік» (немере туыстық)
некелер жиі кездесетін отырықшы мəдениет менталитеті бойынша мұны
қатыгездік деп бағалауға болады. Алайда, көшпелілік өмір салтында қатал
экзогамияның жанды жақтары да жеткілікті. Осындай неке аралары мыңдаған
шақырым руларды бір-біріне туысқан етті. «Құда – мыңжылдық» деген ұғым
осыдан пайда болған. Қазақ тіліндегі диалектілердің жоқтығы да жеті аталық
үрдістің негізінде туған. Осының нəтижесінде этностық тұтастану нығайып,
бүкіл ұлттың адамдары бір-біріне бір əулет сияқты өзара қандас туысқан болып
шығады («Қарға тамырлы қазақ»). Экзогамиялық некенің адамның генетикалық
сұрыпталуында оңды фактор екендігі ғылымда белгілі.
Жеті
аталық
əлеуметтік
тип
генеалогиялық
дүниетанымды
қалыптастыруға себебін тигізді. Арғы негізгі ілкі атадан (первопредок)
басталатын
туысқандық
қатынастар
тармақтары
бүкіл
халықтың
тұтастануының көрінісі болды. Бұл генеалогиялық «ағаш» тек қазақ халқының
туыстығы емес, сонымен бірге, бауырлас түрік халықтарын да қамтыды («алты
алаш»). Туысқандық қатынастарды білдіретін кестелер де көп жарияланған.
Көшпелілердің
мəдениетіндегі
əлеуметтік-генетикалық
ұжымдар,
рушылдықтың қазіргі кездегі маңызы, трайбализм, патриархалдық үлкен
отбасы жəне т.б. жөнінде əртүрлі көзқарастар бар.
Қазақстан Егеменді ел болғаннан кейін бұрын тыйым салынған мəселе –
рулық қатынастардың құндылық əлемі тарихшылар мен əлеуметтанушылар
тұрғысынан жан-жақты зерттеулердің басты объектісіне айналады. Бұл – заңды
процесс. Жоғарыда айтылып кеткендей, жеті ата үрдісі қазақ мəдениетіндегі
шежірешілдік дəстүрмен тікелей байланысты. Қазіргі кезде ертедегі түрік-
моңғол халықтарынан бастап, жеке тайпалар мен рулардың, субэтностық
топтардың (төрелердің, қожалардың, төленгіттің жəне т.б.) шежірелері
жарияланған. Бұл бастаманың, əрине, тəрбиелік жəне руханилық маңызы зор.
«Жеті атасын білмейтін ұл – жетесіз» дейді халық мəтелі. Бұл жерде
А. Тарақтының мына бір пікірін келтірейік: «Тарих дегеннің өзі тек қана
өткеннен тұратынын ескерсек, онда қазақ халқының тарихын тану үшін, қазақ
халқының бір анадан туғандай этникалық тұтастығын білу үшін ру шежіресін
терең зерттеп білмей тұрып, белгілі бір ой түйіндеу мүмкін емес. Бұл орайда
шежіре пəні қазақ тарихының бас оқулығы ретінде Республикадағы оқу
орындардың бəрінде оқытылуы шарт. Түптеп келгенде, мұның өзі мемлекеттік
саясаттың құрамдас бөлігі болуы керек. Себебі, тарихын білмеген адамның
рухы солғын, патриоттық сезімі төмен, идеалы күйкі болады. Сөз жоқ, мұндай
тобырдан құрылған мемлекеттің ғұмыры ұзаққа бармайды».
Алайда, Гераклит айтқандай, күн де өз шамасынан асып кете алмайды.
Жеті ата үрдісін қалпына келтіру, əрине, рулық-тайпалық жікшілдік пен
147
трайбализмге əкелмейді. Бірақ Л. Гумилевтің сөзін қайталасақ, рулық тартыс
көшпелі түрік халықтарының тарихи қарғысы болған [2]. Олардың тарихи
дамуындағы жемісті кезеңдері рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңіп, елдің
бірлестікке жете алған уақыттарымен байланысты (VІ-VІІ ғасырлардағы түрік
қағанаттары, Алтын Орда мемлекеті, Ақсақ Темір империясы, Осман
түріктерінің мемлекеті, Қазақ хандығы жəне т.б.).
Кейін елдік тұтастық принципінің əлсіреуі жікшілдікке əкеліп,
ХІХ ғасырдың аяғында бір ғана тəуелсіз түрік мемлекетінің (оның өзінің де
жағдайы төмен еді) тарихи аренада қалуына əсер етті.
«Рушылдықты, - деп жазады Ғ. Есімов, - этнос психологиясы, ұлт
психологиясы арқылы ғылыми талдау - ғылым міндеті. Руды айтқан кезде
рушылдық бой көрсетпей қалуы мүмкін емес. Рушылдық - рудың көлеңкесі. Ал
көлеңкесіз еш құбылыс болмақ емес. Қазақ азаматтарының борышы – көлеңкені
сая етпей, жарыққа қарай топтастыру».
Генотиптік жікшілдіктің əсіреленген түрі – трайболизм. Оны «біздің
елімізде болған жоқ» жəне «болуы мүмкін емес» деп жариялай салу оңай.
Трайболизм тек Африкада ғана кездеспейді. Оның негізінде тайпалық
антагонизм жатыр. Рушылдық, жікшілдік, жерлестік - өркениетке жете алмай
жүрген халықтардың үлесі. Олар мəдениеттің «ішкі құпиясы», оның
сұхбаттасушылық табиғатына жат көріністерге жатады. «Қазақ халқына,- деп
жазады К. Бейсенов,- рушылдық та, жүзге бөлетін жікшілдік те мұрат емес. Ол
індетті қоздыруға мүдделі болғандар – «бөліп ал да, билей бер» қағидасын
басшылыққа алған Ресей отарлаушылары, Кеңестік дəуірдің тоталитарлық
жүйесі, партиялық боғдыхандар жəне олардың шашбауын көтеріп, жеке
басының қамы үшін, мансап үшін ұлт намысын, ел бірлігін аяққа таптауға даяр,
көзі ашық сауатты бола тұра, көкірегі көр болған арамыздан шыққан саяси
жезөкшелер. Отарлық саясат құлдық сезімнің уын санаға ғасырлар бойы
мысқалдап енгізді, ендігі мəселе аталмыш рухани кеселден батпандап арылу,
оған нəр беретін əлеуметтік, саяси, тұрмыстық, т.б. жағдаяттардың һəмасын түп
тамырымен жұлып тастау. Бұлардың қатарына «трайболизмді» ту қылып ұстап,
мансапқорлық, дүниеқоңыздықтың құлына айналған қандастарымыздың да
жататыны ақиқат нəрсе».
Аталған автордың пікірі Қазақстан Президентінің топшылауымен де
үндес келген: «Қоғамдық өмірдің демократиялануын, аймақтардың белгілі бір
дербестігін жергілікті төбе топтар ресурстарға жеке-дара бақылау жасау
тұтқалары ретінде пайдалана бастады. Рулық тамыр-таныстың, туыстық жəне
аумақтық бөлінудің əр түрлі нысандары өкімет құрылымдарында, қаржы жəне
коммерция салаларында өркен жая бастады. Жалпы алғанда, қазіргі ру-
тайпалық идеология – бұл ішкі ұлттық ыдырау мен бағдардан айырылудың өте
қауіпті түрі».
Соңғы кезде жарық көрген кейбір басылымдарда да жікшілдіктің елесі
анық байқалып тұр. Бұл, біріншіден, қазақтың этномəдениетінің гомогендігі
мен оның басты тайпаларының автохтондығы принципіне күмəн келтіру.
Сонда ғажап бір жағдай туып отыр. Қазақстан жерінде арийлік тайпалар
тұрған-ақ болсын. Олар маңайындағы «варварларға» аккультурация жасасын-ақ
Достарыңызбен бөлісу: |