Гүл күлтелері арқылы топқа бөлу. Оқушылар генетиктер, биологтар, экологтар және медиктер сөздерін айтып топқа бөлінеді. Бағалау бетшесін топ басшыларға тарату.
|
Оқушылар генетиктер, биологтар, экологтар және медиктер топтарына бірігеді. Топ басшысын сайлау. Топ басшылары топ оқушыларының бағаларын бағалау бетшесіне белгілеуі керек
|
|
Топқа бөлінген кезде алған гүл күлтелеріне сұрақтар жазылады
1.Генетика қандай ғылым?
2.Генетиканың негізін қалаған ғалым
3.Моногибридті будандастыру дегеніміз не?
4.Басым түс қалай аталады?
5.Басылыңқы түс қалай аталады?
6.Мендельдің бірінші заңы
7.Мендельдің екінші заңы
8.Мендельдің үшінші заңы
9.Генотип дегеніміз не?
10.Фенотип дегеніміз не?
11.Гомозиготалы дара
12. Гетерезиготалылық дегеніміз
13.Р-мен белгіленеді
14. Аталық пен аналық белгісі
15. Ұрпақтар белгісі
16.Дигибридті будандастыру дегеніміз не?
17.Тіркес гендер дегеніміз
18.Адамның хромасома саны
19. Жыныстың белгіленуі
20.ДНҚ дегеніміз
21.Реакция мөлшері дегеніміз
|
Әр бір оқушы алған гүл күлтесіндегі сұрақтарға жауап береді
|
2 тапсырма:
III-тур. "Отбасын зерттеу" ойыны.
Әр топқа тұқым қуалайтын ауруларға байланысты есептер беріледі. Оқушылар есептердің жауабын тақтаға жауып көрсетеді.
1- есеп:
Шешесі сау (ХХ) гомозиготалы, әкесі (ХУ)гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Некенің үлгісін жазамыз:
Р=ХХ х ХУ
Г=ХХ ХУ
Ғ=ХХ ХУ
Жауабы: Барлық балалары сау, қыздары гемофилия гені бойынша гетерозигота болғандықтан ауруды тасушы болып есептеледі.
2- есеп:
Әкесі дальтоник, (ХУ) қалыпты көретін қыз қалыпты көретін жігітке тұрмысқа шыққан, жігіттің де әкесі- дальтоник. Осы некеден туатын баланың көзінің көруі қандай болады? Некенің үлгісін жазамыз.
Р=Х Х Х У
Г=Х Х х Х У
Ғ=Х Х; Х У; Х Х; Х У;
Жауабы: Екі ұлдың біреуі – дальтоник, бір қыз- ауру генді тасығыш.
3- есеп.
Әкесі (Х У) сау, шешесі (Х Х ) гемофимия гені бойынша гетерозиготалы болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Р=Х Х Х У
Г=Х Х х Х У
Ғ=Х Х; Х У; Х Х; Х У;
Жауабы: Бұл отбасында екі қыз және екі ұл бар, ұлдарының жартысы гемофимиямен ауырса, жартысы сау, гемофимияны анықтайтын геннің ажырауы 1:1 қатынасында немесе 50:50 % Қыздарының біреуі сау екіншісі ауру тасығыш болып есептеледі.
4 есеп:
Адамда есту қабілеті төмен ауруы – рецессивті белгі болып тұқым қуалайды.Егер ата-анасы гетерозиготалы болса, отбасында ауру және сау балалардың туу ықтималдығы қанша пайыз?
Р=Аа х Аа
Ғ= АА; Аа; Аа; аа
Ж: 25% (аа) ауру бала тууы мүмкін.
|
Топтар өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.
1 есеп: Жауабы:Барлық балалары сау, қыздары гемофимия гені бойынша гетерозигота болғандықтан ауруды тасушы болып есептеледі.
2 есеп:Жауабы: Екі ұлдың біреуі – дальтоник, бір қыз- ауру генді тасығыш.
3 есеп: Жауабы: Бұл отбасында екі қыз және екі ұл бар, ұлдарының жартысы гемофимиямен ауырса, жартысы сау, гемофимияны анықтайтын геннің ажырауы 1:1 қатынасында немесе 50:50 % Қыздарының біреуі сау екіншісі ауру тасығыш болып есептеледі.
4 есеп: Жауап : 25% (аа) ауру бала тууы мүмкін.
|