142
мирасқорлықты теріске шығарып қана қойған жоқ, сонымен бірге мəдениеттегі
таптықты түсінуді бұрмалады, мəдени-тарихи процестердің заңдылығын
мойындамады.
Ұлттық мəдениетті ұлттарды, халықтарды тарихынан бөліп алып қарауға
болмайды. Ұлттық мəдениет ұлттық, халықтық дəстүрлерден дем алады, сол
дəстүрлердің даму дəрежесінің көрсеткіші болады. Халық тарихынан тысқары,
оның өмір салтынан оқшау ұлттық мəдениеттің болуы мүмкін емес. Бірақ қай
ұлт, қай халық болсын, басқа ұлттар мен ұлыстар мəдениетінің ықпалына
ұшырамай тұра алмайды. Сондықтан, əрбір ұлттық мəдениетте жалпы
адамзаттық, интернационалдық мəдениет элементтері үнемі кездеседі.
Мəдениеттегі интернационалдық пен ұлттар диалектикасы халықтар бірлігін,
олардың өзара түсінуін, өзара мəдени қарым-қатынасын, бірін-бірі сыйлауын
білдіреді.
Сонымен бірге, əрбір ұлттық мəдениет өз дамуында түрлі дəрежеде болуы
ықтимал. Бірақ ұлттық мəдениеттің бірі озық, ал екіншісі дамымаған деп,
барлық мəдениетті бір ретке салып бағалау дұрыс болмайды. Бұл мəселе өте
күрделі. Оны түсіну үшін К. Маркстің «Əрбір ұлт басқалардан үйрене алады
жəне үйренуге тиіс те», - деген методологиялық тұжырымын басшылыққа алған
жөн. Өркениеттіліктің жаңа сатысына көтерілген мəдениет иесі оған
жетпегендерге ақыл айтушы болып қана қоймай, үйренуші болуға да міндетті.
Адамнан тыс мəдениет те, өркениеттілік те болмақ емес. Демек
мəдениеттен жұрдай адам болмайды. Адам мəдениеті – тəрбиеленетін нəрсе.
Осыған орай мынадай бір жайды айта кеткен жөн. Қазір елімізде хат
танымайтын адам жоқтың қасы. Көпшілік онжылдық, ең болмағанда 7-8
кластық білім алып, қоғамдық өмірге қосылады. Жоғары жəне арнаулы орта
білім алушылар саны да жеткілікті жəне жыл сайын көбейе түсуде. Сонда осы
білім алу мен мəдениеттің арақатынасы қандай деген сұрақ тууы ықтимал.
Білімі бардың бəрі бірдей мəдениетті бола бермейді, керісінше, білімі төмен
адамдардың бəрін мəдениетсіз деу қиянат. Мəдениет адамның сана-сезімінің
қалыптасуына қарай көрініс табады. Жекелеген адамдарға байланысты
мəдениеттілік ерекше мазмұн алады. Жоғары білім алған адамдар арасынан
мəдениеті төмен адамдарды əлі де кездестіруге болады. Білімі болғанымен,
мəдени негізі болмаған адамнан мəдениеттілік күту қиын. Ондай адам
басқалармен сөйлессе де, əдебиет, өнер жайлы əңгімеге қатыса алмайды,
олардың өзіндік пікірі де болмайды.
Соңғы уақытта «бұқаралық мəдениет» деген ұғым жиі айтылып жүр.
Батыстық мəдениет теорияларында ол кең тараған ағымдар қатарына жатады.
Біздің ресми əдебиетте бұқаралық мəдениет тырнақшаға алынып, қажетсіз де
мазмұнсыз мағынадағы мəдениет түрі негізінде көрсетіледі. Шындық бұлайша
үстіртін қараудың өріссіз екенін көрсетіп отыр. Мəдениетті «жабайылатып»,
қарапайым сана қабылдауына жақындату тұрғысынан ондай мəдениет расында
да буржуазиялық қоғам дағдарысының көшірмесі болып табылады. Ал бұқара
деген көлемді, мазмұнды ұғымды өз мəнісіне қарай пайдаланса, заманымыз
мəдениет жетістіктерін қалың көпшілікке паш етіп отырғанын ескерсек,
бұқаралық мəдениет деген ұғымды өзгеше түсіндіруге болады. Бұл арада
143
мəдениеттің идеологиялық процестермен тығыз байланысып жатқанын ескеру
қажет.
Қайсы бір ұлттық мəдениетті алсақ та, ондағы салт-дəстүрлер жүйесіне
бірден назарымыз ауады. «Салт-дəстүр, - дейді белгілі философ И. Гердер, - тіл
мен мəдениет бастауларының анасы»
1
. Мəдениет өзінің кең мағынасында бір
ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тəсілі болғандықтан, осы
жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дəстүрлер жүйесі мəдениет
өзегін құрастырады. Əсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мəдениет
ырымдар мен сəуегейлікке, наным-сенімдерге, дəстүрлі түсініктерге иек артқан.
Қоғам жəне мəдениет
Мəдениет əлеуметтік жəне саяси институт ретінде
Қ
О
Ғ
А
М
Мəдениет субъектісі
Мəдениет - əлеуметтік біріктіруші
Нақты қоғамдастықтар жəне олардың мəдениеті
М
Ə
Д
Е
Н
И
Е
Т
Мəдениеттің əлеуметтік рөлі
Сонымен, қоғам - ұйымдасқан мемлекеттік қоғам болса, қоғамның
ұйымдастырушысы мемлекет болады. Бірақ қалай, не арқылы мемлекет
субмəдениеттерді бір бүтінге біріктіреді? Күш арқылы ма? Тарихтың көрсетуі
бойынша күшпен құрылған мемлекет алысқа бармайды. Сондықтан, əр түрлі
субмəдениеттерді біріктіретін басқа бір элемент болуға тиіс қой. Ол элемент -
мəдениет.
Мəдениет мемлекеттік тіл, идеология, білім жүйесі арқылы əлеуметтік
интегратор (біріктіруші) рөлін атқарады. Кез келген мемлекетте бүкіл қоғамға
бір мемлекеттік тіл болады. Қазақстандағы осы негіз мысал бола алады жəне
мемлекеттік тілден басқа мемлекетаралық қатынас тілі бар. Əрбір мемлекетте
өзінің иделогиясы болады, ол идеологияны үкімет барынша қолдайды жəне
кеңейтеді. Əрине сол мемлекеттің заңын орындайтын, азаматтарын
тəрбиелейтін білім жүйесі болады. Бірақ мұның бəрі – мəдениеттің элементтері.
Сонымен, мəдениет арқылы қоғамның интеграциясы (бірігуі) өтеді,
əлеуметтік мəдениет қаланады, топтық, жалпыадамзаттық, өзіндік сана-сезімі
қалыптасады деген сөз.
Ал, мəдениеттің өзі жанұя, мектеп жəне сол сияқты тағы басқа əлеуметтік
1
Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. - М., 1997. - 252 б.
Достарыңызбен бөлісу: |