Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет66/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92

144
институттар арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріле береді.
Мəдениеттің  субъектілері   тұлға, топ, адамзат. Қоғамдық  субъект  деп
қоғамдық  мəдениеттің  жеке  адамның  тұлғалық  мəдениеттің  бір-біріне  сіңуін
айтады.
Қауымдық  тұтастық  жеке  тұлғалардың  келісімге  келіп, өз  құқықтарын
ұжымдық бірлікке беруінен (қоғамдық келісім ілімі) тумайды. Қоғам неғұрлым
қарапайым  болған  сайын, оның  жеке  тұлғалары  да  бір-біріне  ұқсастанады.
Керісінше, əлеуметтік  жіктелу  төмен  деңгейде  болғанда, адамдың  қауымдасу
бітімдерінің  арасында, тіпті, бір  құрлықта  үлкен  алшақтық  байқалады. Яғни,
мəдени өрлеудің нəтижесінде бір-бірімен тығыз қатынастарда болатын этностар
жақындасуда  болғанымен, оларды  құрастыратын  тұлғаларда  автономдық,
жекелік белгілер айқындала түседі. Мысалы, қазіргі Еуропаның халықтары түрі
жағынан  бір-біріне  ұқсас  болса, Азияда  үлкен  алшақтық  бар. Ұжымдасудың
типологиялық негізін еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі құрастырады.
Жеке  тұлғаның  дербестілік  қалыптаспаған, қауымдық  тұтастық  басым
əлеуметтік бірлестігін сегментарлық қоғам деп атайды («у  ішсең – руыңмен»).
Сегментарлық  қоғамның  негізін  рулық-тайпалық  қауымдастық  құрастырған.
Дəстүрлі  отандық  əдебиетте  адамзат  дамуының  осы  кезеңіне  əскери
демократияға  ұқсас  болды  деп  Энгельс  берген  анықтама  қолданылғанымен,
кейінгі  уақытта  патриархат  таптық  құрылысқа  көшу  кезеңі – көршілік
қауымдастыққа  өту  кезеңі  деген  жиі  қолданылады. Жерге  қауымдық  меншік
үстемдік  еткен  кезде  рушылдық  қоғам  тарихи  қажеттілік  еді. Қоғамдық
бірлестік  екі  мақсатта  болуы  мүмкін: адамдар  арасындағы  ынтымақтастықты
арттыру  жəне  конфликт  пен  күш  көрсетуге  негізделген  ұжымды  сақтау.
Біріншісінің  айқын  белгілері: демократия, азаматтық  қоғам, мүдделер  бірлігі,
адамның  құдіретін  көтеру. Екіншісінің  ең  көрнекті  түріне  тап  күресіне
негізделген социалистік қоғам жатады.
Қауымдық  меншікті  жеке  меншік  қалай  алмастыратын  болса, рулық
қоғамды өркениет солай алмастырады. Жеке меншік дегеніміз ұрлау да, қанау
да (Прудон мен Маркс) емес. Онсыз жеке тұлғаның дербестілігі, жеке еріктілігі
қалыптаса алмайды. Бұл, əрине, жалпы тарихи заңдылық.
Əлі  күнге  дейін  мəдениет, сана, рух, əлеуметтік  тұтастық  қоршаған
ортаға, қауымдық  болмыстың  тіршілік  тынысына  байланысты  дамып  отырды
деген пікірлер кездеседі. Бұлай болған  жағдайда мəдени тұлға енжар, сылбыр,
көнбіс, тарихи  қуыршаққа  айналып  кетеді. Біз  бұл  жерде  мəдени  тұлға  деп
тарихи-мəдени  процестің  субъектісі  жəне  оның  ұжымдасу  бітімдерін  алып
отырмыз. Генетикалық-туыстық  бірлік  арқылы  да, қарым-қатынастық
байланыстардың  негізінде  де, жалпы  типологиялық  ұқсастықтардың
нəтижесінде  де  пайда  болған  ұйымдасушылық  типтері  əрбір  этномəдениеттің
өзіндік  болмысының  төлтума  белгілеріне  жатады. Оларды  айқындау  үшін
формациялық  тəсілдің  беретіні  аз. Бұрынғыдағы «көшпелі  феодализм»
(академик 
Б.Я. Владимирцев) немесе «патриархалдық 
феодализм»
(П. Румянцев) ұғымдарының  қазақ  мəдениетінің  əлеуметтік  типтеріне  онша
жанаспайтындығы туралы соңғы кезде жеткілікті айтылды.
Егер  шаруашылық-мəдени  тип  адамдардың  қоршаған  табиғи  ортаны


145
меңгеруінің  тəсілі  болса, онда  əлеуметтік-генетикалық  типтер  жеке  тұлғаның
басқа  əлеуметтік  жүйелермен  тұрақты  жəне  үйлесімді  қарым-қатынаста
болуының  құралы  іспеттес. Бұл  туралы  А. Тарақты  өз  ойын  былай  жеткізеді:
«Ұлы  дала, қуаң  табиғат, көшпелі  өмір  салт  маңдайға  жазылған  соң, сол
жазмышқа көндігудің бірден-бір кепілі – адамдар бірін-бірі жатсынбай, біріне-
бірі  арқа  сүйеп  қана  өмір  сүруі  қажет. Бұл  қажеттілікті  терең  сезінген
көшпелілер «адамның  күні – адаммен» деген  принципті  тіршіліктеріне  тірек
еткен. Сондықтан  да, əрбір  көшпелі  қазақ  туыстық-қандастық  жүйені  тарата
білуі  өмір сүрудің нормасы, моралдық-этикалық  критерий  деп  білген. Мұндай
дəстүрдің бұлжымай сақталуына жеті аталық үрдіс ұйытқы болып отырған. Бұл
орайда, жеті  аталық  үрдіске  ұлттық  этнобиологиялық  жəне  этномəдени
тұтастығын  қамтамасыз  ететін  ғажайып  тетік (механизм) ретінде  ден  қоюға
тура келеді».
Сонымен, көшпелі  ШМТ-тің  қазақстандық  мəдени  ареалында  қауымдық
тұтастанудың ерекше бір типі жеті аталық үрдіс қалыптасқан. Мұндай қоғамды
қалай атауға болады жəне əлемде оның қандай тектес баламалары бар?
Туыстық  негізде  қалыптасқан  рулық-тайпалық  адамдардың  əлеуметтік
бірлестіктері бүкіл адамзаттың басынан өткізген ұжымдасу типіне жатады. Бұл
туралы  этнографиялық  əдебиетте  жеткілікті  жазылған. Сондықтан, бұл
мəселенің кейбір жақтарына ғана тоқталып өтейік.
Қауымдық  тұтастық  жеке  тұлғалардың  келісімге  келіп, өз  құқықтарын
ұжымдық бірлікке беруінен (қоғамдық келісім ілімі) тумайды. Қоғам неғұрлым
қарапайым  болған  сайын, оның  жеке  тұлғалары  да  бір-біріне  ұқсастанады.
Керісінше, əлеуметтік  жіктелу  төмен  деңгейде  болғанда, адамдық  қауымдасу
бітімдерінің  арасында, тіпті, бір  құрлықта  үлкен  алшақтық  байқалады. Яғни,
мəдени өрлеудің нəтижесінде бір-бірімен тығыз қатынастарда болатын этностар
жақындасуда  болғанымен, оларды  құрастыратын  тұлғаларда  автономдық,
жекелік белгілер айқындала түседі. Мысалы, қазіргі Еуропаның халықтары түрі
жағынан  бір-біріне  ұқсас  болса, Азияда  үлкен  алшақтық  бар. Ұжымдасудың
типологиялық негізін еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі құрастырады.
Əр заңдылықтан шегініс бар сияқты, жоғарыда аталған процестің кейбір
ШМТ-те  ұзаққа  созылып, сақталған  жерлері  де  бар. Мұның  айқын  көрінісін
көшпелілік  шаруашылық-мəдени  типінен  байқауға  болады. Əлі  күнге  дейін
көшпелі  немесе  бұл  типтен  жақында  ауысқан  халықтарда  рулық  құрылым
сақталып  отыр (араб  бедуиндері, берберлер, курдтар, пуштундар, түрік  тілді
бұрынғы  көшпелі  халықтар). Себебі  тектік-əлеуметтік  тип  көшпелі
шаруашылықтың  талаптарына  сəйкес  жəне  рулық  қоғамдық  қатынастардың
тарихи тұрақтылығы мен беріктігі заң жүйесі деңгейінде болды (əдет-ғұрыптық
құқық).
Генетикалық-тектік  негізде  құрылған  көшпелілердің  рулық  қоғамын,
оның  таксономикалық  басты  белгісі – ауылсыз, түсіндіруге  болмайды. Ауыл
деп көшпелі түрік этностарының ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан тектік-
əлеуметтік  типке  негізделген  қоғамдық  ұйымын  айтады. Этникалық,
экономикалық  жəне  рухани  бірліктің  көрінісі  ауыл  болды. Қазақ  халқында
«Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мəтел бар. Əдетте, ауылда 5-6


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау