«Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру» «Бағдарламалау тілдері»



жүктеу 195,23 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі195,23 Kb.
#2981


1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

«Бағдарламалау тілдері» ПӘНІНЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ


Кіріспе
«Бағдарламалау тілі» пәні өзара байланысты және өзара тәуелді болып табылатын бірнеше тарауларды қамтиды. «Бағдарламалау тілі» курсын студенттердің оқып-білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.

Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.

Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.

Курстық жұмыс орындай отырып, студенттер арнайы пәндерді оқып-білу барысында баяндамалар, рефераттар мен өзге де дербес жұмыс формаларын дайындау тәжірибесін иеленеді.

Осылайша, оқу процесіндегі курстық жұмыстың мәні мен ролі келесілерден тұрады.

Дербес еңбек ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.



Пән бойынша алған білімін тереңдету, жүйелеу және жалпылау.

Бағдарламалау тілдері түрлері туралы материалдарын жинау және талдау, оларды теориялық алғышарттар тұрғысынан жалпылау.

Алынған білімді кәсіби іс-әрекет саласымен үйлестіре білу ептілігі.

Кешенді тексеру.

Аталмыш әдістемелік ұсыныста курстық жұмысты жазу бойынша ұсыныстар беріледі. Аталмыш нұсқаманы басшылыққа алу студенттерге курс бағдарламасын меңгеруге, сондай-ақ бағдарламалау тілдері мәселелері бойынша түрлі мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:

  1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту

  2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау

  3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар

  4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері

  5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

  6. Курстық жұмысты рецензиялау.

  7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.


1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту

Курстық жұмыстың тақырыбы ПЦК отырысында жаңартылып, бекітіледі.

Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі таңдайды.

Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент төменгі критерияларға сүйенуі керек:

Біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырыбы өзекті болып табылатын курстық жұмысты орындау;

Екіншіден, таңдалған тақырыптың түрлі қайнар көздерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының қайнар көздерінде сипатталу толықтығы;

Үшіншіден, өзінің зерттеу шекараларын нақты анықтау;



Төртіншіден, ізбасарлық.

Сонымен қатар, курстық жұмыс материалдары дипломдық жұмысты жазу барысында жақсы теориялық негіз болып табылады;

Бесіншіден, мәселенің өңделу дәрежесі.

Курстық жұмыс тақырыбын бекіту үшін студент өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмірі мен атауы көрсетіледі.

Бір топтың екі немесе бірнеше студенттеріне бір тақырыптағы курстық жұмысты орындауына рұқсат етілмейді.
2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау

Курстық жұмыстың сәтті жазылуына зерттелетін тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп қарастыру ықпал етеді.

Ақпарат көздерін талқылауға студент курстық жұмыс тақырыбын таңдап, бекіткеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық жұмыс үшін таңдалған сәйкес зерттеу заттарының қазіргі таңдағы жағдайын талдауы тиіс.

Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес студентке, ең алдымен, ұсынылған негізгі әдебиетті талдау қажет, ал содан кейін қосымша әдебиетті студент дербес түрде іріктеп қарастырады.

Мәселелердің тереңнен талқылануы үшін қосымша отандық және шетелдік қайнар көздерді, сондай-ақ нұсқамалар сияқты ведостволық нормативтік құжаттарды пайдалануы қажет.

Қайнар көздерге сілтеме жасау барысында оларды шынайы қолдану қажет, оларды талдап, нормативтік құжаттардың ережелері және авторлардың пікірлерімен негізді түрде келісіп немесе келіспеу қажет.

Қайнар көздерді мақсатты түрде іріктеу (таңдау) үшін оқытушыдан кеңес алып, содан кейін ғана әдебиеттің ізденісін бастау керек.

Кітапханалық каталогтармен да танысу керек: алфавиттік, жүйелік, пәндік, сондай-ақ түрлі библиографиялық анықтама басылымдары. Сонымен қатар, журналдар мен газеттердегі мақалаларды да қарастырған жөн.

Жалпы ережелер мен талаптарды ескере отырып, әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын бірден дұрыс құру да маңызды. Тақырып бойынша таңдалған әдебиетті алфавит әріптері бойынша бөліктерге бөле отырып, осы үшін арнайы басталған дәптерге жазған жөн. Монография, журналды және газеттік мақалалар бойынша библиографияны құруды ағымдық жылы басып шығарылған еңбектерден бастап, біртіндеп ғана алдыңғы жылдары шығарылған әдебиеттерге көшу керек. Осындай тәртіп.
3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар

Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:


  1. Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша елестетіп көру.

  2. Әдебиетті, баспасөз басылымдарды толық талқылау.

  1. Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау.

  1. Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.

  2. Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді, бағдарлама алгоритмі қолданумен жазу.

  3. Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу.

  4. Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.

  1. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.


Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- бет парағы;

- жұмыс жоспары

- кіріспе;

- негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);

- тәжірибелік бөлім;



- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі.

Бет парағы

Бет парақ жұмыстың алғашқы парағы болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.

Бет парақта келесі мәліметтер келтіріледі:


  • Колледж атауы;

  • Курстық жұмыс тақырыбы;

  • Студенттің аты-жөні, тегі, тобының аты;

  • Жетекшінің тегі мен инициалдары.

Бет парақты курстық жұмыс парақтарының жалпы нөмірленуіне енгізеді. Бет парақта парақ нөмірі қойылмайды.

Жоспар

Жоспар – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты талдап, бастыларын таңдағанының маңызды көрсеткіші. Жақсы ойластырылып, құрылған жоспардан көбінесе жұмыстың құрылымы, мазмұны, бөлімдерінің логикалық байланысы тәуелді болады. Жоспар сапасы жұмыс мазмұны мен оның бағалануына айтарлықтай ықпал етеді.

Студент жұмыс жоспарын ғылыми жетекшімен алдын ала келісу қажет.

Курстық жұмыстың жоспары Кіріспені, барлық тараулардың, параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, Қорытындыны, Қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды.

Кіріспе

Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс:



  1. Таңдалған тақырыптың өзектілігі;

  2. Информатика ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);

  3. Жұмысты жазу барысында шешілетін мақсаттар мен мәселелер;

  4. Курстық жұмыстың пәні мен объектісі;

  5. Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық жұмыстың құрылымы).

Жұмыста мәселеден туындайтын зерттеу мақсаттары мен міндеттері нақты анықталуы тиіс. Зерттеу мақсаты қандай да бір мәселені шешуден тұрады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін нақты мәселелер қойылады.

Тәртіп бойынша, объект – бұл белгілі жұмыста зерттелетін мәселе. Зерттеу пәні – бұл объектінің белгілі аспектілерінің неғұрлым нақты сипаттамасы. Зерттеу пәні объектке қарағанда неғұрлым тар түсінік болып табылады. Пән объектінің бөлігі, элементі болып табылады. Кіріспе көлемі 1,5-2 парақты құрайды.



Негізгі бөлім

Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің теориялық негіздері сипатталып, нақты материал жалпыланып, талданып, материалдар мен графикалық мәліметтер келтірілетін курстық жұмыс тақырыбын сипаттайтын 3-4 сұраққа бөлінуі (параграфтар) тиіс. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ өзінің көзқарасын да баяндауға тырысу қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен логикасы орын алуы тиіс.

Негізгі бөлім материалын баяндау логикасы мынадай боуы мүмкін:

Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық негіздері қарастырылады, анықтамалар келтіріліп, негізгі түсініктерге талдау жасалады, зерттелетін құбылысты дамытудың негізгі қарқындары қарастырылады. Қолданылатын әдебиет көздері мен келтірілетін авторлар көзқарастарына сілтеме жасау керек. Студент мәселені бағалау мен оның мүмкін болатын шешімдерінде өзінің бағдарын көрсетуі керек.

Екінші бөлімде бағдарламалау тілінің құрылымы, олардың жазылу сипаттамасы келтіріліп, орындалу алгоритміне талдау жасалуы тиіс.

Үшінші бөлімде тәжірибелік бөлімі қарастырылады. Бағдарламаға талдау жасалып, қарастырылып отырған мәселені шешу, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бір жарым интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты.

Қорытынды

Қорытындыда зерттеу барысында жасалып, енгізілген теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жалпыланады. Олар өңдеулер мазмұны, маңыздылығы, негізгілігі мен тиімділігі туралы толық көрініс беретіндей нақты да қысқа болуы тиіс.

Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Аталмыш тізім курстық жұмыстың соңында «Қорытынды» тарауынан кейін келтіріледі.

Аталмыш тізімге курстық жұмысты жазу барысында студентпен шын мәнісінде қолданылған қайнар көздер енгізілуі керек.

Ақпарат көздері тізімде курстық жұмысты жазу барысындағы ілеспелілікпен келтірілуі тиіс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді.

Қосымшалар

Қосымшаларда негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жұмысты орындаумен байланысты материалдар, қосымша материалдар, көлемді кестелер, суреттер мен графиктер қамтылады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді.

Курстық жұмыста қабылданған шешімдер, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін курстық жұмыстың авторы, яғни студент жауапты.
4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
Жалпы талаптар

Курстық жұмыс мәтінінің парақтары мен жұмыстағы суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс.

Курстық жұмыс, бір жарым интервал арқылы А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір бетіне компьютерді және принтерді пайдалана отырып, баспа тәсілімен орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі, кегль 14, Times New Roman. Әртүрлі гарнитуралардағы шрифтерді қолдана отырып, белгілі бір талаптарға, формулаларға назар аудару үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы – 15 мм, жоғары жағы 20 мм, сол жағы – 30 мм және төменгі жағы – 20 мм.

Әрбір тарауды жаңа беттен бастау көзделеді. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бетіне басуға болады.

Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы арақашықтық бір интервал құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы арақашықтық 1 интервал құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы арақашықтық 1 интервал құрауы қажет

Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көрінуі сақталуы қажет. Курстық жұмыста сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер бұлыңғыр болмай, анық болуы қажет.

Парақтардағы мәтіндердің бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (график) іздеріне жол берілмейді. Курстық жұмыстың мәтінінде сканирленген графиктерді, сызбаларды, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.



Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған курстық жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.

Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.

Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.

Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоюсыз, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.

Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.



Курстық жұмыстың парақтарын нөмерлеу

Курстық жұмыстың парақтарын, курстық жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

Бірінші (титулдық) бет, мазмұны, бірінші (титулдық) беттегі Кіріспе беттер жалпы нөмерлеуге кіреді. Бірінші (титулдық) беттегі, Мазмұндағы беттердің нөмері қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.

Жекелеген парақтарда орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарады).



Тарауларды, параграфтарды және тармақтарды нөмерлеу

Курстық жұмыстың тараулары, шегініс жасап абзацпен жазылған және нүктесіз араб цифрларымен белгіленген, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмері, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде санау келтірілуі мүмкін.

Әрбір санаудың алдынан дефис қою немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде санаулардың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.

Санауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.

Иллюстрации

Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.

Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.

Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.

А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.

Қосымшалардағы иллюстрацияларды қоспағандағы иллюстрацияларды, жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы және түсініктеме деректері (суреттердің астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.

Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.

Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 2-суретке сәйкес...» деп жазу көзделеді.

Кестелер

Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек

Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.

Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.

Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді.

Бағаналары көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс.

Бағаналарының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда – кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі.

Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық белгілердің орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифр немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптарын бір санмен бас әріптермен жазу, бағаналардың тақырыпшаларын – кіші әріптермен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.

Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Бағаналардың тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағаналар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы, кестенің қалған бөлігінен сызықтармен бөлініп тұруы тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша 6-да келтірілген.

Ескерту

«Ескерту» сөзін астын сызбай абзацтан үлкен әріптермен басу керек.

Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.

Ескерту, мәтіндік, графикалық материалдан немесе кестеден кейін (осы ескерту соған жататын) орналастырылады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін тире қойылады және ескерту үлкен әріптермен басылады. Бір ескерту нөмерленбейді. Бірнеше ескертулер, нүкте қоюсыз қатарынан араб цифрларымен нөмерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстінде орналастырылады.


Формулалар мен теңдеулер

Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.

Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.

Курстық жұмысындағы формулаларды бүкіл курстық жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:


А=а:б, (1)
Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы – ... формулада (1).

Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір цифр алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб цифрларының бөлек нөмерлерімен нөмерленуі тиіс, мысалы формула (А.1).

Курстық жұмыста математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.

Пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі

Дерек көздері туралы мәліметті курстық жұмысының мәтініндегі дерек көздеріне сілтемелер жасаудың пайда болу тәртібімен орналастыру, нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмерлеу және шегініс жасап абзацтан басу керек.

Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сүйену көзделеді.

Стандарттарға және техникалық шарттарға сүйену кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер жасау квадрат жақшаларда келтіріледі. Мысалы, [2,б.17].

Газеттерден ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].



Қосымша

Қосымша аталған курстық жұмыстың жалғасы ретінде одан кейінгі оның парақтарында рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша курстық жұмыс мәтінінде оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырылады.

Әрбір қосымшаны жоғарыда, беттің ортасынан «Қосымша» сөзін көрсете отырып жаңа жолдан бастау көзделеді және ол диплом жұмысы жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А-Қосымша).

Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.

Қосымшаның, курстық жұмыстың қалған бөлігімен ортақ, беттерінің жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай белгіленген нөмерлері болуы тиіс.


5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен курстық жұмыстың көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 25-40-бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы азат жолдан шегініс 1,5 см құрауы тиіс.

Студент курстық жұмыстың бірінші (титулдық) бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді.

Курстық жұмыс соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі.



Тексерілген жұмыс қорғауға жіберіледі.
6. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.

Курстық жұмыс талаптарға сәйкес келген жағдайда ғаан қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау циклдің арнайы пәндер 2-3 оқытушыларынан құрылған комиссия алдында өтеді. Қорғауға топ студенттері қатыса алады.

Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайындалуы тиіс: баяндама тезистерін дайындау, көрнекі материалдарды дайындау (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б.); жеке парақта курстық жұмыста баяндалған және белгілі теориялық, тәжірибелік маңыздылыққа ие жекелеген ережелерді сипаттау. Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын аргументтеуден тұрады. Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады.

Қойылған сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс.



Курстық жұмысты жетекші мен цикл комиссиясы бағалайды.

Курстық жұмысты бағалау критериялары болып табылады:

1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;

2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;

3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;

4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін таңдаудың негізділігі;

5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;

6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы;



7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;

8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;

9. Рәсімделу сапасы;



10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал);

11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың толықтығы.



Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс оқу бөлімінде сақталады
жүктеу 195,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау