150
Адам жəне мəдениет мəселесін тереңдете түсетін тағы бір мəселе –
адамның көпмағыналығына, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты.
Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық,
ментальдық жəне идеалдыққа жатады. Сонда мəдениет осылардың қайсысымен
көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мəдениетті тек
материалдық жəне рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға
алсақ, онда мəдениет өзінің ішкі мағынасында ментальді екеніне көзіміз жетеді.
Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние – бұл мəдениеттің сыртқы көрінісі ғана,
оның мəні руханилықты адам əрекетінің нəтижесінде заттандыруда жатыр.
Мəдениеттің ішкі мəні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік
санасында, парасаттық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж.П. Сартр көсемсөзін қайталасақ, «Адам əлемге еркін жіберілген, ол
еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мəдениеттің құпиясы – адамдағы
«менділік». Одан сыртқа ерекше бір нұр, азаттық, жауапкершілік, адамгершілік
сəулесі нұр шашып тұр. Мəдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі.
Мəдениет дегеніміз менің өмірім, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің
шығармашылығым»
2
.
Тұлға жəне мəдениет
Т
Ұ
Л
Ғ
А
Мəдени əлеуметтік тұтастық
Мəдениет объектісі
Мəдениет субъектісі
Қоғамдық субъект (қоғам жəне тұлға мəдениеті)
Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық тіршілік əдісіне негізделеді.
Осыдан келіп адамның мəдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы көпті
молайта түсіп, азды аялай білу адам мəдениетінің даму деңгейін көрсетеді.
Мəдениет субъектісі бола отырып, адам əрдайым өз белсенділігін
көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мəдениет
табиғатының көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік
бүгінгі бір күндік мақсаттан туатын болса, табиғатқа нұқсан келтіреді,
экологиялық апаттар туғызады. Себебі, тарихи процесте табиғат пен мəдениет
бірлікте болып табылады.
Табиғат пен мəдениеттің арақатынасы – адамның табиғатқа қатысы,
табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру əдісі.
2
Сартр Ж.П. Экзистенциолизм – это гуманизм // Сумерки богов. - М., 1989. - 326 б.
151
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Кең философиялық мағынада мəдениет нені білдіреді?
2. Мəдениет классификациясы қалай аталады ?
3. Өркениет мəнін анықтаудағы алуан түрлі бағыттар ?
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Қазақстан Республикасының Президенті –
Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. –
2012. – 15 желтоқсан.
2. Ғабитов Т. Мəдениеттану. - Алматы, 2005.
3. Тойматаев Д.Б. Мəдениеттану негіздері. Дəрістер курсы. – Қостанай,
2005.
152
10 ТАҚЫРЫП. НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
МƏСЕЛЕЛЕРІ
Дəріс мақсаты: қазіргі заманғы ғылым методологиясы. Интернеттің
философиялық мағынасы. Əлемнің саяси бейнесі. Философиялық білім
жүйесіндегі құқық философиясы. Информациялық қоғам тұжырымдамасы
туралы түсінік беру.
Қазіргі заманғы ғылым методологиясы
Эмпириялық ғылымдар саласында ағылшын философы Ф. Бэкон
зерттеудің аса маңызды əдісі ретінде индукцияны ұсынды. Аристотель зерттеп
тұжырымдаған дедукциялық əдіс, оның пікірінше, табиғатты зерттеу үшін
мүлдем жарамсыз болды. Сондықтан, ол Аристотельдің «Органонына», яғни
дедукциялық ойлау құралына қарсы «Жаңа органон», яғни индукциялық əдістің
қарапайым əдіс-тəсілдері мен ережелерінің жиынтығын жасап берді. XIX ғ.
ағылшын философы Дж.С. Милль индукциялық ойлау əдісін одан əрі дамытып,
құбылыстардың себепті байланысын ашып көрсетудің индукциялық бес əдісін
тұжырымдады. Бірақ Ф. Бэкон дедукция мен математиканың ғылыми
зерттеудегі, мысалы, бақылаулар мен эксперименттердің нəтижелерін
қорытындылаудағы рөлін мойындамады. Сөйтіп, ол өзінің индукциялық
логикасын ғылымда жаңа ақиқат білімдер ашудың бірден-бір сенімді əдісі деп
санады, бірақ бұл дұрыс емес еді. Ғылыми əдістер туралы ілімнің негізін
салушылар өздерінің əдіс туралы көзқарастарында адамдар күнделікті ойлау
практикасында да жəне ғылыми ойлауда да қолданатын логикалық
пайымдаулардың негізгі түрлеріне сүйенді. Қазіргі заманғы ғылым
методологиясы танымның толып жатқан басқа да əдіс-тəсілдерін қолданады;
бұл əдіс-тəсілдерге тəн жалпы ерекшелік - ақиқат білімді мақсатқа сай жүйелі
де ұйымдасқан түрде іздеу. Əдіс-тəсілдерді жүйелі түрде қолданғанда ғана
ақиқатқа жетуге немесе жақындауға болады. Сондықтан, əдіс дегеніміз кең
мағынада алғанда дəйекті түрде қолданылатын белгілі бір жүйелі əрекет болып
табылады. Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайындағы қоғам мен мемлекеттің
алдында тұрған басымды өзекті мəселелерге əр адам мен жеке тұлғаның заман
талаптар негізінде жалпыадамзаттық жəне ұлттық құндылықтарды, адамзат
перзенті қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктері арқылы санасына
қалыптастыра отырып, өз ретінде қоғам қажеттіліктерін халық игілігіне
айналдыруда
шығармашылық
пен
салауаттылық, адамгершілік
пен
парасаттылық қасиеттерін де назар аудара отырып атқаруды басты мақсат етіп
отыр. Бұл жөнінде ресми құжаттар мен мемлекеттік іс-шаралардың қолға
алынуы соның айғағы болмақ.
Қоғам дамуының үлкен бір саласы жəне ажырамас бөлігі болып
табылатын педагогика ғылымы көне дəуірден бүгінгі заманға дейін өзінің
қажеттілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес. Қоғам дамуының
прогрессивтік сипаты, қоғам мүшелерінің өмір заңдылығына мойынсыну
Достарыңызбен бөлісу: |