5
1 ТАҚЫРЫП.
ФИЛОСОФИЯ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
- ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ САЛАСЫ
Дəріс мақсаты: Ғылымның анықтамасын жəне ғылымның əлеуметтік-
мəдени құбылыс ретінде əр түрлі анықтамаларын беру. Ғылымның пəнін жəне
нақты ғылымдардың пəндерін көрсету. Ғылымның қызметтері: мəдени-
көзқарастық, əлеуметтік, өндіріс күш ретінде көрсету. Ғылымды зерделеуде əр
жақтың эволюциясына шолу. Ғылымның қазіргі тұжырымдамаларының
жіктелуі: неопозитивизм, ғылыми
зерттеудің
логикасы, ғылымның
онтологиясы, ғылымның постпозитивистік бейнесін ашу. Ғылым тарихы мен
философиясы пəнінің мəртебесі мен мəселелерін қарастыру. Ғылым тарихы мен
философиясының пəн ретінде дамуының бағасын беру. Ғылым философиясы,
ғылым тарихының жəне ғылым методологиясы байланысының өзгешелігін
көрсету. Ғылым методологиясын ғылыми пəн ретінде көрсету. Методология
əдіс туралы ілім ретінде қазіргі кезде қандай мəселелерді көтеретінін анықтау.
Ғылыми əдістер типологиясын ашу. Эмпириялық жəне теориялық танымның
əдістерін көрсету.
Ғылым философиясының пəні мен негізгі мəселелері
Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан əрі өсіп-өркендеуінде, тарихи
сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі.
Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне
жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниесін танып, игерудің,
данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.
Ғылым дегеніміз не? Ғылым мен білім деген түсініктерін синоним ретінде
қарастыруға болады ма?
Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа,
ұзаққа созылатыны жəне де оның адамның жаңа əрі тың білімді игерумен
байланысты екені алғашқыдан мəлім.
Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы
əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті
бейнелеуі.
Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған
қарапайым білім жəне ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға
дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе
ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның
қалай өтіп жатқанын пайымдайды.
Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай
сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен
басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген
сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім
оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана