139
орнатылған. Сондықтан, мұны адамның тағылықтан өркениеттілікке көшуі
дейді. Бірақ, бұл даму шегі емес. Қоғам одан əрі дами береді. Бұл өркениеттен
екінші өркениет жоғары бола бермек: шикі етті жұлып жегеннен гөрі, оны
кесіп, пісіріп жеген артық. Сонда өркениеттілік деген не? Біздіңше, егер
мəдениет дамудың көбінесе объективті жағын көрсетсе, былайша айтқанда,
менің ақыл-ойыммен, қолыммен жасалған, бірақ меннен тыс тұрған не
материалдық, не рухани құбылыс болса, өркениеттілік сол объектінің маған
тиімділігі, игілігі. Мəселен, қарапайым арба да, қазіргі жеңіл машина да, өнер-
білім де мəдениет жетістіктері, ал енді сол арбаны да, машинаны да, өнер-
білімді де пайдалану – маған жасалған жеңілдік, игілік. Мəселен, жұмыс істеу,
сөйлей білу, жүріп-тұрудың да мəдениеті бар. Ал енді сол мəдениетті игеру
өркениеттілікке жатады. Олай болса, өркениеттілік мəдени табыстардың адам
игілігіне жаратылуы. Бір кезде қала адамы ауыл адамына қарағанда мəдениетті
болды. Соған қарап өркениеттілік қалада деп түсіндік. Солай да болды. Енді
бүгін ол ұғым нақтыланды, ауыл мəдениетінің де қоғамға пайдалы, бағалы
жақтарын көрсетіп отыр.
Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да мақсатқа
қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет
еткізу жатады. Мəселен, АҚШ – озық дамыған капиталистік ел. Ол елде
езілгендер де, езушілер де бар, заңдылық та, заңсыздықтар да бар, басқа елдерге
жəрдем көрсету де бар, сондай-ақ бостандыққа ұмтылған елдердің теңдігін
аяққа басу да бар. Сонда бұл қандай ел? Неміс фашистері КСРО-ға
опасыздықпен соғыс ашқанда, олардың техникасы да, соғыс жүргізу əдісі де,
соғыс күші де біздің бұрынғы еліміздегіден жоғары болды. Бірақ, сонымен
бірге олар адамды қырудың түрлі əдістерін, құралдарын жасап қолданды, бала,
кемпір-шал, əйелдерді топтап атты, тірідей өртеп, жерге көмді, өлтіру пештерін
жасады, мұражайларды қиратты. Олардың елін өркениетті деуге бола ма? Жоқ,
болмайды! Сонда өркениеттілік неге байланысты? Ол ең алдымен прогреске,
заңдылыққа, ізгілікке, əділеттілікке байланысты. Біздің демократиялық,
құқылық, ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.
Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда латын сөзі
«азаматтық» дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп,
өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету
мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша,
азаматтық қоғамы, қалалық мəдениеті, заңға негізделген басқару тəртібі бар
Рим империясының даму дəрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей
топтастыруға болады:
1. Мəдениет пен өркениет бір, олар синонимдер (И. Гердер, Э. Тайлор).
2. Өркениет - мəдениеттің ақыры, оның кəрілік шағы, руханилық
антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
3. Өркениет - мəдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның
парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мəдени саты
(Л. Морган).
140
5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тəн мəдениеттің оқшау түрі
(А. Тойнби, Н.Я. Данилевский жəне т.б.).
6. Өркениет – мəдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық
жағы.
Өркениеттің қазіргі мəндері
Ө
Р
К
Е
Н
И
Е
Т
Адамның тұлғалық деңгейі ретінде
(өркениеттілік)
Планетарлы құбылыс ретінде
(адамзаттық өркениет)
Нақты қоғам формасы ретінде
(өркениеттер, мəдениеттер)
Қоғам дамуының деңгейі ретінде
(өркениет)
Бұдан көретініміз, мəдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты
ұғымдар екен. Өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың
пайда болуы, жазбаша мəдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі,
азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мəдениет жəне қоғам
Мəдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы
өзіне сай келетін мəдени деңгейімен сипатталады, мəдениет қоғам жағдайына
тəуелді. Бірақ бұлар бір-бірімен диалектикалық байланысты. Себебі, қоғам мен
мəдениеттің арақатынасында қайшылықтар да жиі кездесіп отырады.
Кейде мəдениетті қоғамның белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс
ретінде сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар. Егер біз қоғам
мен мəдениетті барабар деп санасақ, онда мəдениеттің мазмұнын шектен
шығарып жіберер едік. Дəлірек айтқанда, мəдениет - қоғамның қасиеті, оның
өмір сүру əрекетінің ауқымды да көлемді міндеті. Осы тұрғыдан алғанда, ол
қоғаммен диалектикалық байланыста болады. Мəдениеттің өзі адамға ғана тəн
қоғамдық қатынастар тəсілі.
Қоғам мен мəдениет бірлігін, қоғам дамуын басқару үшін мəдениет
қажеттілігі объективті екенін көреміз.
Мəдениет қоғамдағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды.
Олай болса, мəдениет дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланысты екен.
Қоғамдық қатынастар – адам дамуының өлшемі, олай болса, оның
мəдениетінің де өлшемі екенін мойындау қажет. Ғылыми əдебиетте «мəдениет
дегеніміз – қоғам» деген пікір кездеседі. Бұл пікірге мəдениеттің əрекет иелері
141
– адамдардың барлық қоғамдық қатынастары мен байланыстарының жиынтығы
екені негіз етіп алынады. Айтылып отырған көзқарастың ұтымды жақтары көп
болғанмен, онымен толық келісуге болмайды. Мəдениет, əрине, қоғам
дамуының көрсеткіші.
Дүниежүзілік мəдениеттің дамуы - мəдениеттің бір сатыдан екінші сатыға
көтерілуі, ол қоғамдық-экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын
процесс, яғни мəдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тəуелді болады.
Сондықтан, ғылым қоғам мен мəдениетті бір-біріне қарсы қоймай,
олардың тарихи ажырамас тығыз бірлігін ашып көрсетеді. Бұл бірлік адам
дамуы қоғам дамуымен деңгейлес болғанда толық мүмкіндік алады. Адам
дамуы – оның қызметінің əмбебаптық сипат алуы. Өндіріс, айырбас, тұтыну
қоғам өмірінде неғұрлым кең орын алған сайын, адам болмысы да жан-жақты
сипат алады, ал ол мəдениеттің гүлденуіне жағдай туғызады.
Капиталистік қоғам тұсында мəдениеттің жаңа сатыға көтерілуі сөзсіз,
заңды процесс. Бірақ «заттық» мазмұн алған мəдениет адам өмірін тарылтады,
мəдениет адамнан тыс мəнге ие болады. Жасалуы қоғамдық негіз болғанмен,
өмір сүру тəсілі жағынан мұндай мəдениет əлеуметтік қатынастардан тысқары
тұрады, əлеуметтік шектелу шеңберінен шыға алмайды. Мəдениеттің шынайы
мазмұны қоғамды демократияландыру, адам бостандығын қорғау процесімен
байланысты. Адам өз мəнін тек осындай қоғам жағдайында түсіне бастайды.
Қоғамдағы əр халықтың тілінде, психологиясында, тұрмысында, өмір
салтында, адамгершілік ережелерінде түрлі-түрлі ерекшеліктер болады. Оларды
мəдениеттен бөліп алу мүмкін емес, олай істеу шындықты бұрмалау болып
табылады. Ұлт тілдерінің дамуы ұлттық мəдениеттердің жетілуіне, олардың
интернационалдық арнаға құйылуына мүмкіндік туғызады. Ұлттық жəне
интернационалдық мəдениет диалектикалық бірлік құрайды. Диалектика əрбір
мəдениетке, сонымен қатар, нақты бір ұлттық мəдениеттерде міндеттері жалпы
адамзаттық элементтер болатынын мойындайды. Бұл бірліктің қайсысын болса
да жеке дəріптеушілік сана мен мінез-құлықтың бұзылуына əкеп соғады,
ұлтшылдық сезімге немесе жалған интернационализмге май құяды. Қырғыз
əдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» атты
романында жағымсыз кейіпкерлердің бірі Сəбитжанды суреттей келіп, былай
деп атап көрсетеді: «Ол кімді болса да, нені болса да сатып жібереді».
Ондайлар «Манас» əуежайының атауын ұлтшылдықтың көрінісі деуге дейін
барады, ұлттық мектептер мен балабақшалардың қажеттігін жоққа шығарып,
сол арқылы ұлттық мəдениеттің тамырына балта шаппақшы болады. Олар
ештеңеден, тіпті, ақыр соңында ешқандай оғаштығы жоқ экзотикадан да өзіндік
ерекшелік қалдырмақ емес. Сондықтан да ұлтшылдыққа қарсы күресте
интернационализм жалауын жамылған адамдардан арылуымыз керек деп
ойлаймыз.
Жалпы адамзаттық мəдениет ұлттық мəдениеттерден құрылады. Бірақ ол
сол мəдениеттердің жай жиынтығы емес. Ұлттық мəдениетсіз жалпы
адамзаттық, интернационалдық мəдениеттің де болуы мүмкін емес. Сондықтан,
Кеңес үкіметі жылдарында пайда болған мəдениеттегі ұлттық нигилизм
идеяларын біз қолдай алмаймыз. Ол мəдениет дамуындағы сабақтастықты,
Достарыңызбен бөлісу: |