43
шарты деп санаған; Леонардо спонтандық эксперименттерге бағытталған;
«Ғылым - қолбасшы болса, практика - сарбаз»
- деген сөзі - ғылымды
тəжірибемен, экспериментпен шектеуге болмайды, ол тəжірибенің нəтижелерін
жалпылауға бағытталады. Механиканы ол теориялық ғылым сияқты емес,
практикалық өнер деп санаған, машина мен құрылыстарды құрастыруға
көмекші. Сөйтіп, В. Соколовтың, Леонардо экспериментті математикамен
біріктіріп, қазіргі табиғаттанудың бастамасын дайындады, деген пікіріне
қосылуға болады; келесіде ол классикалық ғылымның шығуына ықпал етті.
4-і болжауды ең дəстүрлі деп санайды. Бұл болжау бойынша Жаңа заман
ғылымының бастамасы - жалпы еуропалық тұрғыда (ХVІ-ХVІІ ғғ. басы),
Коперниктің көзқарасы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық
механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі.
Польша
астрономы
Николай
Коперник (1473-1543) Краков
университетінде оқыған (1491-1496). Содан кейін Италияға астрономия,
медицина, философия мен құқық салаларында білім алуға барған; сол жерде
грек тілімен бірге ежелгі авторлардың космогониялық идеяларын меңгерген.
Өзінің «Əлемнің жаңа механизмі» (1505-1507) атты шығармасында
математикалық түрде Аристотель-Птолемейдің теориясының жалғандығын
дəлелдейді. Оның өмірінің ең жоғарғы нəтижесі мен мақсаты - «Аспан
деңелерінің қозғалысы туралы» шығарма, өлгеннен кейін шықты. Сол
шығармасында Коперник гелиоцентрлік жүйе туралы теориясын ұсынды;
осыдан бастап телеологиялық-организмиялық дүниеге көзқарасқа қайшы
детерменистік-механистикалық дүниеге көзқарас бастамасын алды. Жер басқа
планеталар сияқты «қарапайым» екен.
Қорыта айтқанда, осы позиция бойынша, ғылым жас, оның жасы 400
астам жыл. А. Уайтхедтің «Ғылым жəне қазіргі заман» шығармасы бойынша,
ХVІ ғ. батыс христиандықтың құлдырауына жəне қазіргі ғылымның шығуына
куə болды. Ғылымның дамуы адам санасына жаңа түстер енгізді, ойлау
əдістердің жаңа түрлерін жаратты. Ол біздің санамыздың метафизикалық
негіздері мен образдық мазмұнын өзгертті. Грек ойшылдары математикаға
қызыққан. Олар негізгі ережелерді, дедуктивтік əдіске сүйеніп теоремаларды
шығарды. Олардың ойлары жалпылауға тырысқан. Олар анық жəне батылды
идеяларға, одан шығатын қатал тұжырымдарға сұраныс берген. Бұл
жетілгендіктің белгісі, бұл гениалдылық, идеалды түрде жасаған дайындық
жұмыс. Бірақ, осыны əлі таза түрде ғылым деп санауға болмайды».
Аристотель мен схоластикалық дəстүрде ғылымның ережелерін екі
(диадикалық схема) элементтен тұратын схема бойынша көрсеткен: нақтылық
пен объективтік дүние; сол туралы ғалымдармен жасалған дүниенің ғылыми
бейнесі. Ақиқатты реалды өмірдің заттары мен интеллекттің келісімі;
индукцияны кейбір кезде лингвистикалық бақылау материалды құрастыратын
əдіс деп санаған; ғылымның жеңісін нақты аналитикалық сөйлемдердің шығуы
байланыстырады; содан соң ғылым триптикалық схема негізімен түсінілген:
бақылау объектісі, жаратушы ғалым, дүниенің бейнесін шығаратын таңбалар.
Логикалық позитивистер осы екінші мен үшінші элементтердің өзара қатысына
назар аударған. Оның нəтижесі ғылымның семантикалық сапасы деп аталған.