Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет122/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   361
file20200121044531 (1)

 
Кіріспе.
Түркітанудағы ең күрделі мәселелердің қатарына қазақ тілі тарихы да жатады. Себебі 
қазақ тарихымен өзектес, сабақтас болып келетін ұлттық тіл тарихының бұралаң жолы осыны 
айғақтайды. Қазақ әдеби тілінің қай кезеңнен басталуы туралы ғалымдар арасында көп пікір 
болғанда, оны Абайдан бастаймыз деп ғалымдар айтқанда, от тілді,орақ ауызды Бауыржан 
Момышұлы: «ондай болса, ХІХ ғасырға дейін атаңның басына өмір сүрдің бе» деген екен. Ендеше 
тарих көрсеткендей, ұлтымыз – өзі мекендеген Еуропа мен Азия (Еуразия) аралығындағы көне 
халықтардың бірі. Халық болып ХV-ХVІ ғасырларда қалыптасса да, оған дейін этноним ретінде 
әлдеқайда арыда өмір сүргенін, «қазақ» этнонимін алып жүргені бізге ерте замандардан мәлім болған. 
Бұл туралы ХІ ғасырда өмір сүрген ұлы шайыр Фирдоусидің «Шахнамесінде» «қазақ» сөзі этнос 
мағынасында қолданылғандығын білеміз. Осыған қарап, қазақ тарихының терең қатпары бар екенін, 
онымен қоса тілінің де сан қилы тарихы бар екенін көруге болады.
Негізгі бөлім.
ХХ ғасырдың басында қазақ тілі тарихына ең алғаш рет ғылыми түрде талдау 
жасап, ізденіс жүргізген Қ.Жұбанов деп айта аламыз. Ол «Дүниедегі халықтардың барлығы да 
құранды, «таза» ел жоқ. Білімпаздар қазақты ХV-ХVІ ғасырларды құралған деседі. Ел құранды 
болғандықтан, тіл де құранды болмақ: 
шаруа, сән, ән, әңгіме, баға, найза 
деген сөздердің барлығы да 
парсынікі. Тілдің қалай өсіп, дамитындығын білу керек. Тілдің тарихын білу деген сөз – оның өніп-
өскен жолын білу деген. Демек, тіліміздің сонау ұзақ жолда қандай өзгерістерге ұшырағанын, оған 
неге ұшырағанын білу керек. Бұрынғы білу – жай әшейін емес, тілді меңгерудің бір амалы. Біз тілді 
меңгеріп болғанымыз жоқ, толық меңгерсек қана оны дұрыс бағытта өзгерте аламыз», – деген еді
[1, 120 б.]. Енді осы «толық меңгеруді» біз қалай өткізіп жатырмыз? Осы уақытқа дейін жұбановша 
айтсақ, тілді біліп қана жүрдік, толық меңгеру кеше ғана ХХ ғасырдың соңында Б.Сағындықұлының 
зерттеулерімен тығыз байланысты болды. Б.Сағындықұлы тілдің есте жоқ ескі замандардан бері келе 
жатқан түп негізін саралауға бет алып, оның шешімін де тапқандығы соңғы жылдары шыққан 
еңбектерінен байқап жүрміз [2, 93 б.]. 
ХІ ғасырдан бастап ХҮ ғасырларға дейін туыстас тілдердің бәріне ортақ, әртүрлі ру, тайпалардың 
бәріне түсінікті ортақ тіл болғаны анық. Ғылымда «орта азиялық әдеби тіл», «орта азиялық түркі тілі» 
терминдері бар. Мұндай аясы тар терминдердің орнына Ә.Құрышжанов пен Ә.Ибатов «орта түркілік 
жазба әдеби тіл» терминін ұсынады. «Орта түркі әдеби тілі» өз заманында тек қана Орта Азия емес, 
қазіргі Қазақстан жерінің барлық түкпірі мен солтүстік аймақтағы түркі халықтарының түгел, Европа 
жеріндегі «Дешт-и Қыпшақ» пен қырым халықтары, тіпті сонау жер ортасы – Мысыр мен Шамды 
жайлаған мәмлүк қыпшақтарына тән жазба ескерткіштердің бәрін қамтитын, солардың бәріне ортақ 
әдеби тіл болған [3, 101 б.]. Осы орта түркі әдеби тілінің қазіргі қазақ тілімен сабақтастықтын, 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
98
жалғастығын іздестіргенде екі дәуір тіліндегі деректерді салыстыра отырып жүгінеріміз, ең 
біріншіден, дыбыстық өзгерістер.
Көне түркі жазбалары табылған уақыттан бері, яғни ХІІІ ғасырдан бері зерттеліп, қарастырылып 
келе жатыр. Бұл кезең ескерткіштерінің зерттелуі тіл парадигмаларының барлық деңгейлері 
тұрғысынан зерделенсе де, зерттеуші үшін мәңгілік азық болары анық. Себебі көне кезеңді тарих, тіл, 
мәдениет, өркениет тұрғысынан зерттеулердің барлығында нақты айтылған пікірлерді екінші, үшінші 
зерттеушелір теріске шығарып, енді бірі құптап, ғылым дамуы философиялық тұрғыдан дамып 
жатады. Бұл – заңды құбылыс. Себебі ол заманға барып келген адам болмаған соң, мұндай 
пікірталастардың болуы заңды. Алғашқы зерттеушілердің барлығы да батыс ғалымдары болған-
дықтан, еуропацентристік бағытта зерттелді. Соңғы бір ғасырға жетер-жетпес уақытта ғана түркі 
жұрты өз мұраларын түркі бағытында, түркі әлемі аясында зерделене бастады. Бұл туралы қазіргі 
ғалымдар былай жазады: «ХҮІІ ғасырдың соңғы кезеңі мен ХХ ғасырдың соңына дейін әлем ғалым-
дарының назарын аударып, негізінен, еуропацентристік бағытта қарастырылып келген көне түркі 
жазба мұраларын зерттеу мәселесі ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап жаңаша бағыт-бағдар 
алып, жазба жәдігерлерді мұра иесі – көне түркілердің, олардың ұрпақтары қазіргі түркілердің дүние-
танымы негізінде, яғни «түркі әлемі» аясында, барлап-зерделеуге талпыныстар жасалуда» [4, 12 б.].
Тілдің әр саласының дамуында заңдылықтар болады. Ол заңдылықтардың бәрін тудыратын – 
әрине, адам, адамзаттың тілі.
Бірінші заңдылық – дыбыс сәйкестіктері. Дыбыс сәйкестіктері барлық тілдерде бар, десек те түркі 
тілдерінде молырақ. Себебі көне түркі жазба ескерткіштерінің өзінде біздің дауысты дыбыстардың 
барлығы 4 негізгі дауысты дыбыстың айналасына топтанған. Мәселен осы 4 дауыстының бірнеше 
фонетикалық варианттары дыбыс сәйкестіктерін тудырып, жаңа сөздің тууына алып келеді. Тіпті кей 
жағдайларда, әрине, сөз тудырмайтын жағдайлар да кездеседі. Осыдан кейін түркі тілдері өзінің даму 
жағдайында этностың базалық сөздік қорын молайтып, дамуына алып келеді.
Біз танитын, танымайтын, көретін, сезетін, білетін, қабылдайтын, есте сақтайтын заттар мен 
құбылыстарды танып-білуде, оларға атау беруде тілдің сыртқы қабығы мен мазмұны астасып, дамып, 
қызмет атқарады. Біз таныған заттар мен құбылыстар біздің санамызда мазмұн мен сол арқылы пайда 
болған ұғымды дыбыстар тіркесімі арқылы сыртқа сөз етіп шығарады. Осы кезеңде адам өзі таныған 
затты дәл солай бұрынғы санада бар белгіні іске қосып, дәл солай атауы мүмкін немесе бұрынна бар 
атауды өзгертіп, белгілі бір заңдылықпен тыңнан жаңа атау беруі мүмкін. Осы себептен де, тілімізде 
тіл дауыстыларының даму заңдылықтары туындайды. Тілдің даму заңдылықтарынң екі түрлі түрін 
атап өтуге болады. Ішкі лингвистикалық факторлар; сыртқы лингвистикалық факторлар. Осы 
факторлар тілді ғасырлар бойы өзгертіп, тарихи-типологиялық жағынан құбылтып отырған. Біз 
болашақта зерттеуімізде ішкі факторлар: грамматикалық алмасу, позициялық алмасулар, тарихи 
алмасулар, фонетикалық алмасулардың тіл дыбыстарының тарихи-типологиялық жіктелісін 
тудыратынын көрсеткіміз келеді. 
Дыбыстар сәйкестігі арқылы байқалатын алмасуар фонетикалық алмасулар деп аталады.
Бір тіл ішінде немесе туыстас тілдер арасында, өлі тілдер мен тірі тілдер аралығында да 
дыбыстардың вариантталып, тарихи өзгерістерге ұшырау құбылысын дыбыстар сәйкестігі дейміз. 
Тіл бойындағы тарихи өзгерістерді тарихи фонетикалық құбылыстар бойынан зерттеуде тарихи-
салыстырмалы әдіске жүгінеміз. Қазақ тілінің күрделі даму тарихында, дыбыстық өзгерістердің 
нәтижесінде тіл бойында көрінетін альтернация құбылысының екі саласын принципті түрде 
ажыратып алған дұрыс. Дыбыс алмасулары – бір тілдің ішкі деңгейінде ғана болып, белгілі бір 
фонетикалық заңдылықтарға (сингармонизм, ассимиляция, диссимиляция) байланысты болатын 
құбылыс деген пікір бар. Біздің түсінігімізде дыбыстар алмасулары қазіргі тұрғыдан қарағанда «бір 
тілдің ішкі деңгейі» бола алмағанмен, бір кездері «бір тіл» ретінде өмір сүрген. Мәселен, осы «бір 
тілдердің» ішіне түркі тілдерін де жатқызуға болады. Себебі кешегі ХІХ ғасырдың өзінде В.В. Радлов 
үлкен сөздік жазғанда оның атын «Опыт словаря тюркских наречии» деп атаған [5, 56 б.]. Демек, ХІХ 
ғасырға дейін түркі тілдері ғалымдар пікірінше, жеке-жеке тіл емес, бір тіл ретінде қабылданып, өмір 
сүрген. Демек, дыбыс қазір біз дыбыс сәйкестігі деп жүрген алмасулардың өзі де сол кезеңде алмасу 
болып, дыбыстардың жіктелуіне алып келіп, типологиялық өзгеріс жасау мүмкіндігіне ие болған. Ал 
қазіргі тіл білімінде дыбыстар сәйкестігіне берілген мынадай анықтама «Бір тіл ішінде де, туыстас 
тілдер арасында да, өлі тілдер мен тірі тілдер аралығында да дыбыстардың ешқандай фонетикалық 
ықпалсыз тарихи өзгерістерге ұшырау құбылысы – дыбыстар сәйкестігі
» 
болуының өзі дыбыс 
алмасулардан келіп туындап, жаңа сөз жасауға қатысады. Демек фонетикалық ықпалмен (дұрысырақ 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау