http://www.enu.kz
ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДЕН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ДӘСТҮРЛІ ШЕКТЕУЛЕРДІҢ
МӘНІ
Кунанбаева А.Ж.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
http://www.enu.kz
Кең жазық ӛлкенің ежелгі тұрғындары, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ӛздеріне
тән ерекше мінез-құлық ережелерін ұстанып келген. Дәстүрлеріне сәйкес шектеулері
арқылы ӛскелең ұрпаққа ӛмірлік құндылықтардың мәнін түсіндіруге тырысқан. Ӛмір
ережелерін ұстана отырып, ұрпақтарын тәрбиелеген, ұлдары мен қыздарын ӛсірген.
Халқымыз қыз бала мен ер бала тәрбиесінің ӛзіндік ерекшеліктеріне аса мән
берген. Қыз баланы «болашақ ана», «қонақ», «жатжұрттық» деп ӛте аялап, мәпелеп
ӛсірген, бетінен қақпаған, зекіп, дауыс кӛтермеген. Оларды мейірімділікке,
ілтипаттылыққа, ақ жарқындылыққа баулыған, үлкенді сыйлауға, жасы үлкен адамның,
әсіресе ер адамның алдын кесіп ӛтпеуге, сӛйлеп тұрғанда сӛзін бӛлмеуге, үлкендерге тізе
бүгіп сәлем беріп, ӛтірік айтпауға, біреудің сыртынан ғайбат сӛз сӛйлемеуге, әлсізге
зорлық-зомбылық кӛрсетпеуге, жетім-жесірге, жапа шеккендерге кӛмектесуге
тәрбиелеген.
Қазақтың тыйым рәсімдері ӛте кӛп. Олар жас ұрпақты аруақты сыйлауға,
табиғатты қорғауға, әдепті болуға қарапайымдылық пен мәдениеттілікке баулиды.
Үлкенді сыйлап, қадір тұту мен ілтипатты қарым-қатынас жасауды тыйымдар арқылы
үйретуді қазақ отбасында берік ұстаған. Қазақта тәрбиелеу үшін талап ету, талап
кою рәсімдері ӛмірлік, тұрмыстық ереже болып қалыптаскан. Мысалы: қыз балаға ізетті
болу, мейманды күте білу, қабақ шытпай жүру, әдеп сақтау, үлкеннің жолын кеспеу, ӛсек
айтпау, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу т.б. талаптар койылады. Сол сиякты ер баланың
жаратылысына сәйкес кӛптеген талаптар қойылып, оның іскер, инабатты, мәдениетті
азамат болып ӛсуіне қамқорлық жасалады. Ал осы сияқты талаптардың жынысқа
байланысты ӛзіндік айырмашылықтары бар. Осыған орай ер мен әйел арасындағы
жыныстық және гендерлік ерекшеліктер кӛптеген жылдар бойы зерттеушілерді
қызықтырып келеді.
Психологиялық зерттеулер нәтижесінде екі жынысты бір-бірінен ерекшелейтін екі
негізгі қабілеттер ашылды. Олар: әйел адамдарда вербальды қабілеттер ер адамдарға
қарағанда тӛмен деңгейде, бірақ олардың математикалық және кеңістіктік қабілеттері ер
адамдардан жоғары. Ал, ер адамдарда керісінше, яғни оларда вербальды қабілеттері
әйелдерге қарағанда жоғары деңгейде, ал математикалық және кеңістіктік қабілеттері
тӛмен. Яғни, кейбір ер адамдар кӛпшілік әйелдерге қарағанда жоғары вербальды
қабілеттерге ие болса, кейбір әйелдер кӛпшілік ер адамдарға қарағанда жоғары
математикалық және кеңістіктік қабілеттерге ие болады. Бұл ерекшелік балалық шақтан
байқала бастайды және мұны интеллектуалдық тесттерді жүргізу арқылы оңай анықтауға
болады. Соңғы ғылыми зерттеулер анатомиялық және функционалды ерекшеліктердің
туындауы ер мен әйелдердің бас миының құрылымына байланысты деген болжамдарды
дәлелдеуде. Осыған байланысты бірқатар ғалымдар зерттеулер жүргізіп, ер мен әйелдер
бірдей жағдайға тап болғанда бас миының әртүрлі бӛліктерін іске қосатындықтарын
анықтаған /1/.
Ли Эллистің нейроандрогенетикалық ерекшеліктер теориясына сәйкес, мінез-
құлықтағы гендерлік айырмашылықтар андрогеннің ми орталығына тигізетін әсеріне
байланысты. Әр адамда ердің де, әйелдің де гормондары бар, бірақ біреуі доминантты
болады. Гормондардың миға әсер етуінің екі түрлі кезеңі бар: біріншісі эмбрионның
үшінші айында әсер ететін «ұйымдасқан» кезең, екіншісі жыныстық пісіп жетілудің
кезіндегі «белсендендірілген» кезең /2/.
http://www.enu.kz
Психологиялық
ерекшеліктер
адамға
табиғаттан
беріледі.
Калифорния
университетінде студенттерге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде зерттеушілер
жыныстарға тән мінез-құлықтар табиғаттан беріледі деген қорытындыға келді. Ерте кездің
ӛзінде ер адамдар аң аулаумен, жауларымен соғысумен айналысса, әйелдер үйін
жылытып, балаларын ӛсірген. А. Гезеллдің еңбектеріне сүйенсек, ер балаларда ірі
моторика да, ал қыз балаларда ұсақ моторика дамыған. Қыз балалардың ұл балаларға
қарағанда сӛздік қоры кӛп, бірақ интеллект ұл балаларда жоғары. Қабылдау мен зейін қыз
балаларда жоғары болғанымен, олар кеңістіктік қатынасты бағалауда жиі қателеседі. Ал,
американдық зерттеушілер И.Атватер мен К.Г.Даффидің зерттеулерінде жыныстардың
ӛзін-ӛзі бағалау дәрежесі қарастырылған. Нәтиже бойынша, әйелдердің ӛзін-ӛзі бағалауы
әлеуметтік қарым-қатынасқа байланысты болса, ер адамдарда ол жұмыстағы сәттілікке
тәуелді /3/.
Демек, жыныс – бұл ешқашан ұмытылмайтын адамның атрибуты. Адам танысқан
адамының түр келбетін, киімін есіне түсіре алмауы мүмкін, бірақ ол оның қай жыныс
ӛкілі екендігін ӛте жақсы біледі. Психологтардың анықтауынша, гендерлік бірдейлік
баланың туғанынан басталады.
Тұлғаның қалыптасу теориясына сәйкес, бала әлеуметтік ортадағы нормалар мен
құндылықтарды меңгереді, мәдениетті қалыптастырады, бір сӛзбен айтқанда
әлеуметтенеді. Тұлғаның әлеуметтенуі үздіксіз жүретін процесс, ол баланың ӛмірінің
соңына дейін жалғасады. Тұлғада ӛзі ӛмір сүріп отырған қоғамның гендерлік мәдени
жүйесін меңгеруі арқылы гендерлік әлеуметтену жүреді. Гендерлік әлеуметтенудің
мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы және мәдени ерекшеліктер,
индивидтердің ӛмір сүру салты бойынша анықталынады. Балада ӛзінің жынысының
константтылығын түсіну 5-7 жаста басталса, тұлғаның дүниетанымы қалыптасатын 17-25
жас әлеуметтенудің жауапты кезеңі болып табылады. Психологтар баланың жыныстық-
рӛлдік мінез-құлық кӛрсетіп, әлеуметтенуінің бірқатар механизмдерін бӛліп кӛрсетеді.
Бірінші, әке-шешеге еліктеу механизмі, яғни баланың ойын барысында ата-анасының
рӛлдеріне енуі. Екіншісі, жыныстық-рӛлдік бірдейлік механизмі, яғни баланың ӛзін
белгілі-бір жыныстың ӛкілі ретінде сезінуі. Балаға сонымен қатар, ата-анасының қатынасы
да тікелей әсерін тигізеді. Мұнда бала мен ата-ана арасында тура немесе жанама байланыс
болуы мүмкін. Ата-ана баласын жынысына негіздей отырып, яғни ӛздерінің ер адам
қандай болуы немесе қыз бала қандай болу керек деген кӛзқарастарына негіздей отырып
тәрбиелейді. Психологтардың кӛрсетуінше бала тәрбиесіне әкесінің белсенді түрде
араласуы мынадай жағдайларда балаға жақсы әсер етеді:
• Әке тәрбиесін кӛрген балада бӛгде адамдарға деген қорқыныш болмайды және
олар қарым-қатынас барысында барынша ашық болады;
• Әкесінің берген тәрбиесінің арқасында бала ашық, әділ, мойнындағы парыз бен
міндеттерді жоғары деңгейде сезінетін, басқарушылыққа қабілетті болып қалыптасады;
• Егер, отбасында ана тәрбиесімен қатар әке тәрбиесі белсенді және доминантты
болса, онда балалар ӛздерінің қаупсіздігін терең сезінеді, соның нәтижесінде ӛз-ӛздеріне
деген сенімділіктері нығайып, қайратты болып ӛседі;
• Егер, әкесі балаға тәрбие берумен айналыспаса, онда балада логикалық анализ,
математикалық және техникалық қабілеттердің қалыптасуы бәсеңдейді;
• Баладағы ер адамға тән болған ер мінезділіктің қалыптасуы да тікелей әкесінің
тигізетін әсеріне тәуелді;
• Баланың сексуалдылығы және әйелдерге деген қатынасы да әкесімен болған
қарым-қатынас нәтижесінде бекиді;
• Қыз балалардың ӛзіне деген сенімділігі әке тәрбиесі нәтижесінде туады;
• Қыз балалардың ӛзге отанға барғанда тұрақты отбасын құруы, ӛзінің отбасында
кӛрген үлгі ӛнегесіне тәуелді болып табылады. Үйлесімді отбасылық қатынасты кӛрген
бала ӛзге шаңырақта да үйлесімді отбасын құруға тырысады /1/.
http://www.enu.kz
Бала тұлғалық және гендерлік қалыптасу барысында пассивті обьект ретінде
қарастырылмайды. Гендерлік бірдейліктің қалыптасуына ӛмірлік тәжірибе, мінез-
құлықтарға талдау жасау, қарым-қатынас, іс-әрекеттер тікелей әсерін тигізеді. Дегенмен,
қоғамда қабылданып қалған ұстанымдар ер мен әйелдің рӛлін, олардың некелік
қатынастарын және кәсіптік іс-әрекеттері мен әлеуметтік қатынастарын анықтап береді.
Күтілулер мен шынайы ӛмірдегі жағдайлардың сай келмеуі жыныстар арасындағы
конфликтіге және отбасының ажырасуына алып келуі мүмкін.
Әлеуметтік рӛлдерді бӛлудегі қалыптасқан таптаурындыққа байланысты нақты
ӛмірде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері ерлерге қарағанда азырақ болады /4/.
Біздің қоғамдағы, алдыңғы қатардағы мамандықтардың кӛп бӛлігін ерлер
иемденген, әкімшілікте және ірі ұйымдардағы жоғары посттарда әйелдер аз. Карьера
жасауға талпынған әйелдер ӛздерінің жолында «әйнек тӛбеге» жиі кездеседі. Әлеуметтік
зерттеу мәліметтеріне сәйкес бұл құбылыс әйелдердің лидерге қажет қасиеттерді
иемденбегендігінен немесе ерлерге қарағанда адамдық капиталы аз болғандығынан
ұшырамайды.
Әйел адамдар - нашар лидерлер деп болжайтын кӛпшілікпен қабылданған
таптаурын бар, міне солар «әйнек тӛбе» құбылысын жасаушылар. Әйелдер ерлерге
қарағанда қызметтегі баспалдақ бойынша жылдам кӛтерілуге алып келетін мүмкіндікке аз
ие болады. Мұнда әйелдерге әдетте олардың карьера жасауына кӛмектесетін жәрдемшінің
жоқтығының мәні бар. Үйге және отбасына байланысты міндеттер әйелдерге қызмет
бойынша кӛтерілуіне кедергі жасайды, ӛйткені олардың мерзімнен тыс жұмыс жасауға
және сапарға барып келуге мүмкіндіктері бола бермейді. Бірақ жұмыс беруші әйелдерге
жұмыста жоғары орынды иеленуге үй және отбасылық міндеттері кедергі келтіреді деп
алдынала сенімді болады.
Жұмыс істемейтін үй шаруашылығымен айналысатын әйел ӛзінің психологиялық
қажеттілігінің кӛпшілігін қанағаттардыра алмайды, сонымен қатар үй шаруашылығымен
айналысатын әйелдің күйеуіне деген қаржылық тәуелділігі оның әсерін тӛмендетеді.
Жұмыс істейтін әйелдер жұмыс істейтін ерлеріне қарағанда әлдеқайда кӛп шаруа
бітіретіндіктен, олардың демалуға деген уақыттары бола бермейді. Екі жүкті, яғни
отбасындағы және жұмыс орындағы міндеттерді бірдей арқалап алғанына қарамастан,
жұмыс істейтін әйелдер осы жағдайда кӛп ұтады.
Кӛптеген адамдар әйелдер мен еркектердің теңсіздігін кӛрсетпеу үшін «ӛмір
сондай» деген тұжырымды қолданады /1/.
Әйелдер рӛліне қойылатын дәстүрлі шектеулерді оқып білгеннен соң, қоғамда
әйелдер ер адамдарға қарағанда тӛменгі статусқа ие болатындығы және үй жұмыстары
мен ұйымдағы жұмыстарын қатар алып жүргендіктен қызметінде кӛтерілу оларға
қиындықтар тудыратындығы жӛнінде кӛзқарас қалыптасуы мүмкін. Дегенмен, ер
адамдар рӛліне қойылатын дәстүрлі арнайы шектеулер де бар. Ерлердің қоғамдағы
әлеуметтік рӛлдері олардың мінез-құлқына тікелей әсер етеді. Осы жыныстағы адамдар
ылғи да нормативті және ақпараттық қысымда болады. Ақпараттық қысым дегеніміз, ер
адамдар әлеуметтік ортадағы «ерлік» жайындағы әлеуметтік ақпараттарды естіп, соған
сәйкес келетін гендерлік мінез-құлықтарды кӛрсеткісі келеді. Ал, нормативтік қысым
дегеніміз, қоғам оларды кез-келген рӛлдік нормадан шыққан мінез-құлықтар үшін
жазалайды. Дж.Плектің пікірінше, ер адамның мінез-құлқы «ерлік» жайындағы
кӛріністерге негізделеді. Ер адам қандай болуы қажет деген сұраққа жауап беретін
кӛзқарастар жиынтығын Дж.Плек пен оның әріптестері «ерлік идеологиясы» деп атайды.
К.Томпсон мен Дж.Плек ер адамдар рӛліне қатысты әлеуметтік нормаларды қарастырды.
Олардың ойынша, әлеуметтік нормалар дегеніміз, ер адамдардың іс-әрекеттеріне мен
сезімдеріне қойылатын арнайы шектеулер болып табылады. Ер адамдардың рӛлдерін
зерттей отырып, К.Томпсон мен Дж.Плек олардың рӛлдік нормаларына кіретін негізгі үш
факторды атап кӛрсетті. Олар: табыстылық/статус нормасы, қаттылық нормасы және
антиәйелдік нормасы.
http://www.enu.kz
Табыстылық/статус нормасы дегеніміз, ерлердің статусы олардың күнделікті
жалақысы және жұмыстағы сәттіліктері арқылы ӛлшенеді деген стереотипке сәйкес
келеді. Ер адамдар кездесу барысында әйелдерге ӛздерінің қаржылық жағдайларын
кӛрсете алулары қажет, олай болмағанда олар екінші сорттағы адамға айналып, қайта
дәлелдеу мүмкіндігінен айрылып қалады.
Ер адамдарға қатысты қаттылық нормасын үш түрлі формада қарастыруға болады:
физикалық, ақылдылық және эмоционалдылық.
Физикалық қаттылық нормасы деп отырғанымыз ер адамнан бірінші кезекте
күтілетін физикалық күш пен ерлік, жоғары биологиялық белсенділік. Уақыт ӛте келе
физикалық қаттылық нормасы ер адамдарды күштеуге де алып келуі мүмкін. Ерлігі сын
сағатта тұрғанда олар ӛздерінің ерге тән қасиеттерін кӛрсету үшін агрессия кӛрсетуге
барады.
Ақылдылық қаттылық нормасы ер адам білімді, ақылды және құзіретті болуы
қажет деген стереотипке сай келеді. Аталған норма тұлғааралық қатынастарда мәселелер
тудыруы мүмкін. Мысалы: ер адам ӛзінің білмейтіндігін мойындауға қиналуы мүмкін
немесе ӛзінің оған қарағанда кӛбірек білетіндігін дәлелдегісі келуі мүмкін.
Эмоционалдық қаттылық нормасы деп отырғанымыз, ер адамдар сезімдерге аз
бӛленіп, ӛздерінің эмоционалдық қиындықтарын қоршаған ортаның кӛмегінсіз-ақ
шешулері тиіс деген стереотипке сай келетін нормалар.
Ал, антиәйелдік норма бұл ер адамдар әйелдерге тән болған үй жұмыстары мен мінез-
құлық модельдерін кӛрсетпеуге тиіс деген стереотип болып табылады. Осы нормаға
сәйкес кейбір ерлерде фемифобия кездесуі мүмкін, яғни олар әйелдік қасиеттерді кӛрсетіп
қоядан және гомосексуалистік белгілерді байқатып қоюдан қорқады /3/.
Ұзақ жылдар бойы ғалымдар «ерлік» жайындағы дәстүрлі кӛзқарастарға сәйкес
келетін ер адамдарды дені сау деп есептеп келген. Ал, соңғы зерттеулерде гендерлік
рӛлдің кейбір аспектілері дисфункционалды және қарама-қайшы болғандықтан ер адамдар
мазасыздыққа кӛбірек ұшырауы мүмкіндігі жӛнінде кӛптеген пікірлер айтылып жүргенін
ескеруіміз керек.
Әдебиет
1. Берн Ш. Гендерная психология. «Прайм-Еврознак», 2007 .
2. Кондрашихина О.А. Дифференциальная психология. Центр учебной литературы, 2009.
3. Атватер И., Даффи К. Психология для жизни. Юнити, 2003.
4. Қазақстан республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік
стратегиясы. Астана. 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |