Сабақ жоспары
Мамандық : 0518000 «Есеп және аудит»
Пән аты: «Экономикалық талдау және қаржы есебін талдау» пәнінен оқу тәжірибесі
Өткізілетін күні : 01. 03. 2016ж
Оқу тобы: ЕА-31
Сабақтың тақырыбы: «Өндірістің техникалық-ұйымдастырушылық деңгейін талдау. Еңбек өнімділігін, материал қажетсінуін, қор қайтарымын талдау, өнім, жұмыс, қызмет көлемі мен құрылымын талдау, өнім шығындарын және өзіндік құнын талдау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға өндірістің техникалық-ұйымдастырушылық деңгейін талдау бойынша алған білімін байқау, білім сапасын арттыру, ой-өрісін кеңейту. Алған білімін жинақтау.
Дамытушылық мақсаты : Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс
жасау, ой-өрісін дамыту, білім , іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру, қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты : Оқушыларды жауапкершілікке баулуға, төлемдерді өз уақытында
төлеуге үйрете отырып, елжандылыққа баулу, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа баулу;
Сабақтың типі : қайталау сабақ
Сабақтың түрі : тәжірибе сабақ
Сабақтың өту әдісі : сұрақ-жауап және өздігінше жұмысты орындап топпен жұмыс жасау, әр түрлі ойын, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі : слайд, тірек – сызба, есептеу машинкалары, компьютер, есептер жинағы, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ұйым экономикасы, қаржы, экономикалық ақпаратты автоматты өңдеу, басқару есебі;
Сабақтың барысы :
Топты ұйымдастыру : Оқушылармен амандасып, сабақ өтетін орынның
дайындығын, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, Оқушыларды екі топқа бөлу .(2-3 мин)
Студенттерді тәжірибелік сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Өндірістің техникалық-ұйымдастырушылық деңгейін талдау. Еңбек өнімділігін, материал қажетсінуін, қор қайтарымын талдау, өнім, жұмыс, қызмет көлемі мен құрылымын талдау, өнім шығындарын және өзіндік құнын талдау»
ІІ Студенттерді тәжірибелік сабаққа дайындығын төмендегідей сұрақтар қою арқылы тексеру. (5-10 мин)
Сұрақтар:
1. Еңбек өнімділігі (ЕӨ) -?
2. Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) қалай түсінеміз?
3. Өнімнің өзіндік құны (Өқ)
4.Қор қайтарымдылығы (Ққай) - ?
5.Қор сиымдылығы (Қс) -?
IIІ. Екі топ оқушыларынан, үй тапсырмасын слайдтар арқылы көрсетіп, түсіндіреді. (15-20 мин)
ІV«Кім жылдам?» әр ұяшықтағы сұрақтарға, нақты дәл жауап болуы тиіс, тапсырмалары орындалады. Әр сұраққа ойлану үшін 15 секунд уақыт беріледі. (10 мин)
Индукция -?
Кері факторлық талдау логикалық кері (индукция) тәсілімен себепті, нәтиежелі байланыс зерттеуін іске асырады.
Дедукция -?
Тура факторды талдау кезінде зерттеу тура (дедуктивті) тәсілмен жүргізіледі.
Ақпараттардың ресми түріне - ?
ҚР заңдары;
ҚР Президентінің Жарлықтары;
ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары.
Экономикалық талдау түрлері - ?
Салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функциялары бойынша, аймақ бойынша, статистикалық мәліметтерді іріктеу бойынша.
Талдаудың негізгі принциптері - ?
Мемлекеттік принципі;
Ғылыми принципі;
Объективті принципі;
Жүйелік принципі;
Кешенді принципі;
Жеделдік принципі;
Пәрмендік принципі
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің элементтері - ?
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементі:
аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;
оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.
Еңбек ресурстарын талдауда қолданылатын әдістер - ?
алғашқы мәліметтерді өңдеу;
салыстыру және топтастыру;
эксперттік баға беру;
баланстық әдіс;
индекстік баға әдісі.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау әдістері - ?
кезеңде талдау объектілері мақсаты мен мәселесі анықталады аналитикалық жұмыс жоспары анықталады.
2-кезеңде талдау объектісі сипатауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.
3-кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады нақты тексеріледі, салыстырмалы түрде келтіріледі).
4-кезеңде шаруашылықтың нақты нәтиежелерін есепті жылдың жоспарындағы көрсеткіштер мен өткен жылдың нақты берілгендерімен басқару ұйымдардың жетістіктері мен саланы түгелдей салыстырады.
5-кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және олардың нәтижеге әсері анықталады.
6-кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және резервтерді анықтайды.
7-кезеңде анықталған қолданылмаған резервтердің және түрлі факторлар әрекетінің есебі мен шаруашылық нәтиежелерін бағалау жүзеге асырады.
Экономикалық талдаудың негізгі міндеттері -?
бизнес жоспарлар мен нормативтік ғылыми-экономикалық дәйектелуін (процесс) жетілдіру;
бизнес жоспарлардың атқарылуын жан-жақты зерттеу, нормативтерді орындау (есепті мәліметтерді орындау).
еңбек материалдық және қаржылық ресурстардың пайдаланылуның экономикалық тиімділігін анықтау (жеке және жинау бойынша).
коммерциялық және талаптардың орындалуын бақылау (толық және аяқталмаған форма бойынша).
ішкі резервтерді өлшеу және анықтау (өндірістік процесстердің барлық кезеңдері бойынша).
басқару шешімдерін оптимальды тексеру.
Факторлық талдаудың міндеттері -?
зерттеу нәтиежелі көрсеткішті анықтайтын факторлық іріктеу;
жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жіктеу және жүйелеу;
факторлар мен нәтиежелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау;
әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысын нәтиежелі көрсеткіші көленмі бойынша бағалау;
нәтиежелі және факторлық көрсеткіштер арасында өзара байланыстарын модельдеу;
фактордың модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану);
Өнімді шығару мен өткізудегі талдаудың негізгі міндеттері - ?
көлемнің негізгі көрсеткіштері бойынша, өнімнің құрамы мен сапасы дамуын бағалау;
бизнес жоспарлардың, жоспарлау көрсеткіштерінің, олардың қарбаластығы мен нақтылығының теңгерімі мен оңтайлылығын тексеру;
өндіріс көлемі мен өнімді өткізу мөлшері өзгеруіне факторлар ықпалының дәрежесін анықтау;
өнімді шығару мен өткізудің ішкі шаруашылық резервтерінің көбеюін айқындау;
өнімнің өсу, ассортименті мен сапасының жақсарту екпінін көтеру үшін ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану бойынша іс-шаралар жасау болып табылады.
Кешенді шаруашылық қызметті талдауда орындаудың кезеңдері - ?
Көлденең немесе уақытша талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.
Тікелей немесе құрылымдық талдау – әрбір есеп позициясының жалпы нәтиежеге тигізетін әсерін айқындай отырып қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.
Коэффициенттік талдау – коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Олардың біреуін бірлік ретінде көрсетеміз. Қаржылық коэфф-ді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
Факторлық талдау – бұл жекелеген себептердің қорытынды көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау.
V «Ойланайық, кім тапқыр?» тапсырмалары орындалады.
екі топ оқушыларына есептер беріледі. (Екі топқа 3-есептен)Әр есепке 5,10, 20 баллдан жинау қажет. (15-20 мин)
І топ оқушыларына
Есеп №1
Кәсіпорынның жыл бойғы салыстырмалы бағада шығарған өнімнің көлемі (ЖӨ)182254,5 мың теңгені құрды, ал орта жылдық сол мезгілдегі негізгі өндіріс қорының құны (НӨҚ) – 172256,5 мың.теңге. Қор қайтарымы мен қорсиымдылығын есептеу керек.
Шешуі:
Ққай = ЖӨ/НӨҚ*100 Ққай = 182254,5 /172256,5 *100=106 теңге
Қс = НӨҚ/ЖӨ*100 Қс= 172256,5 /182254,5 *100= 95 теңге
Есеп №2
Кесте мәліметтері негізінде айналым құралдарының айналымдылығына талдау жасаңдар
Кесте – берілген мәліметтер
Көрсеткіштер
|
Өткен жыл
|
Есептік жыл
|
Өзгеруі (+,-)
|
Өнім өткізуден түскен табыс, теңге
|
48 000
|
53 000
|
|
Талдау кезеңдегі күндер саны, күн
|
360
|
360
|
|
Айналым қаражатының орташа қалдығы, теңге
|
3122
|
3208
|
|
Бір айналымның ұзақтығы, күн
|
|
|
|
Айналым қаражатының айналымдылығы, айналым
|
|
|
|
Айналымдағы қаражаттың жүктеу коэффициенті, тиын
|
|
|
|
Екі фактордың әсерін анықтаңдар:
1) өнім өткізуден түскен табыстың өзгеруін
2) айналым қаражатының жылдамдылығының өзгеруіне айналым қаражатының орташа қалдығын.
Шешуі:
Көрсеткіштер
|
Өткен жыл
|
Есептік жыл
|
Өзгеруі (+,-)
|
Өнім өткізуден түскен табыс, теңге
|
48 000
|
53 000
|
5000
|
Талдау кезеңдегі күндер саны, күн
|
360
|
360
|
-
|
Айналым қаражатының орташа қалдығы, теңге
|
3122
|
3208
|
86
|
Бір айналымның ұзақтығы, күн
|
23,42
|
21,79
|
-1,63
|
Айналым қаражатының айналымдылығы, айналым
|
15,37
|
16,52
|
1,15
|
Айналымдағы қаражаттың жүктеу коэффициенті, тиын
|
0,065
|
0,06
|
-0,005
|
Айналым қаражатының айналымдылығы = Өнім өткізуден түскен табыс/ Айналым қаражатының орташа қалдығы
Ақ=Өт/Ақ орт
Ақ (өткен жыл) = 48000/3122 = 15,37 айналым;
Ақ (есептік жыл) = 53000/3208 = 16,52 айналым
Бір айналымның ұзақтығы= Талдау кезеңдегі күндер саны, күн/ айналым қаражатының айналымдылығы
Аұ(өткен жыл) = 360/15,37 = 23,42 күндер;
Аұ (есептік жыл) = 360/16,52 = 21,79 (күндер)
3)Айналымдағы қаражаттың жүктеу коэффициенті = Айналым қаражатының орташа
қалдығы/ Өнім өткізуден түскен табыс
Ақ коэф (өткен жыл) = 3122/48000 = 0,065;
Ақ коэф (есептік жыл ) = 3208/53000 = 0,06
Есеп №3
Пайдалылық көрсеткіштеріне талдау жасау . Қор рентабельділігінің есеп айырысу рентабельділігінің өзгеруіне әсерін , факторлардың өзгерісі арқылы есептеп шығару .
№
|
Көрсеткіштер
|
Болжам
|
Нақты
|
1
|
Баланстық пайда
|
6240
|
6530
|
2
|
Айналым қорлардың орташа калдығы
|
4810
|
5370
|
3
|
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
|
10100
|
20030
|
4
|
Сатудан түскен түсім
|
21850
|
21200
|
Есептеулер бойынша қорытындылар жасау .
Шешуі:
1.Негізгі құралдары мен айналым қорларының пайдалылық және рентабельділік көрсеткіштерінің есептелуі :
№
|
Көрсеткіштер
|
Есептеу формуласы
|
Болжам
|
Нақты
|
Ауытқу(+,-)
|
1
|
Баланстық пайда (БП),мың теңге
|
х
|
6240
|
6530
|
+290
|
2
|
Айналым қорларының орташа қалдығы (АҚ),мың теңге
|
х
|
4810
|
5370
|
+560
|
3
|
Негізгі құралдардың орта жылдық құны (НҚ),мың теңге
|
х
|
10100
|
20030
|
+9930
|
4
|
Сатудан түскен түсім (ТТ),мың теңге
|
х
|
21850
|
21200
|
-650
|
5
|
Тауарлардың өткізілу рентабельділігінің коэффициенті (Кр)
|
стр.1
стр.4
|
0,28558
|
0,30801
|
0,022
|
6
|
Негізгі құралдардың қор қайтарымдылығы (ҚҚ)
|
стр.4
стр.3
|
2,163
|
1,058
|
-1,105
|
7
|
Негізгі құралдардың қор сыйымдылығы (Қс)
|
стр.3
стр.4
|
0,462
|
0,944
|
0,482
|
8
|
Айналым қорларының пайдалану коэффициенті (КАЙН)
|
стр.2
стр.4
|
0,220
|
0,253
|
0,033
|
9
|
Қор рентабельділігі (ҚР),%
|
стр.1 *100%
стр.3
|
61,782
|
32,601
|
-29,181
|
10
|
Есепті рентабельдік (ЕР),%
|
стр.5
стр.7+стр.8 *100%
|
41,873
|
25,731
|
-16,142
|
2.Қор рентабельділігінің өзгеруіне факторлардың әсер етуі:
Қор рентабельділігінің өзгеруіне екі фактор әсер етеді: баланстық пайда (БП)және негізгі құралдардың орта жылдық құны (НҚ)
*100%
а)қор рентабельділігінің базистік мәні:
б) баланстық пайданың (БП) әсерінен қор рентабельділігінің өзгеруі:
яғни,қор рентабельділігінің өзгеруіне баланстық пайданың әсері :
КРБП-КРо=64.653-61.782% =2.871%
в)негізгі құралдардың орта жылдық құнының (НҚ)әсерінен қор рентабельділігінің өзгеруі:
яғни қор рентабельділігінің өзгеруіне негізгі құралдардың орта жылдық құнының (НҚ)әсері:
КРНК-КРБП =32.60 – 64.653%= -32.053%
Сонымен,қор рентабельділігінің аз ғана (яғни 0,001%) төмендеуі мына себептерге байланысты болып отыр: негізгі құралдардың орта жылдық құнының (НҚ) 32.053 % теріс әсері және баланстық пайданың 2.871% оң ықпалы нәтижесінен туындап отыр.
3.Есептік рентабелділіктің өзгеруіне факторлардың әсерін мына формула арқылы есептелінеді :
Достарыңызбен бөлісу: |