Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
99
айтсақ, заңдылықпен) пайда болатын дыбыс алмасулары дыбыстар сәйкестігін қалыптастыруға негіз
болады. Жоғарыда көрсетілгендей, дыбыстар сәйкестігінің
фонетикалық ықпалсыз
өмір сүруі мүмкін
емес деген ойдамыз. Мәселен, дыбыс алмасуларының өзі бір мүшенің қатысуымен жасалатын
дыбыстар арасында болады. Болат – полат, сұрау – сорау, ақ – әк, рет – рез т.б. Осындағы б/п, ұ/о, а/ә,
т/з алмасуларының өзі белгілі бір фонетикалық заңдылыққа сүйенеді. Ол заңдылық дыбыстардың
алдымен артикуляциясына, сосын барып акустикасына байланысты. Алдымен, артикуляциясына
байланысты дегеніміз – олардың жасалу жолы. Бір жасалу жолымен немесе мүшемен жасалған
дыбыстың екі түрлі дыбыс шығара алуы мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Сол себептен де
дыбыстардың артикуляциясына негізделген тіл арты, тіл алды, мұрын жолды, тіл мен тіс
дауыссыздары, еріндік, езулік деген секілді классификациялардың болуы заңды. Езулік дауыстыларға
а, ә, е және ы, і жатады десек, осы дауыстылардың жасалуы, яғни артикуляциясы бір. Осы себептен
де олар езу арқылы жасалады деген қағида арқылы бүгінге жетіп отыр. Әрине, бұған қоса, өкпеден
шыққан ауа мен ауыз қуысындағы мүшелердің қатысуын жеке-жеке айтпай-ақ қойцсақ та жеткілікті.
Себебі адамзат баласы ауыз арқылы қанша дыбыс шығара алатын болса, ауыз қуысындағы барлық
мүшелерлі қатысуы арқылы жасалатыны анық түсінікті. Демек, дыбыстар классификациясындағы
жоғарыда аталған терминдердің барлығы да бекерден бекер аталып отырған жоқ.
Сондай ақ дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы б/п, б/м, т/д, р/л, с/ш, қ/к секілді дыбыс
алмасулары жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде дыбыстар классификациясын жасауға қатысқан.
Бұған дәлел сол кезеңдегі осы дыбыстардың бірінің орнына бірі жұмсалғандығы. Мәселен, көне түркі
тіліндегі бен/мен (жіктеу есімдігі), бың/мың (сан есім), тағ/дағ немесе таг/даг (тау сөзі), ав/ау, аба/апа,
қыш/қыс, бег/бек, ығур/ығыр. Орхон жазбаларында Ығур елігде иіг қылтым (КТү. 29).
Қ.Сартқожаұлының аудармасында бұл сөйлем «Ығыр болған қағандықты игі еттім» деп аударылған.
Мұндағы дыбыс айырмасы – у/ы. Демек көне түркі тіінде у/ы дыбыстарының алмасулары өте жиі
кездескен. Бұған дәлел ретінде артуқ – артық, йоры – йору, оғуз – оғыз, отыз – отуз, азуқ – азық,
қатун – қатын т.б.
Миан мин ман мән болуы артикуляцияға байланысты емес, бұл дыбыстар жіктелісі басқа.
Алдыңғы дыбыстар жіктелісі фонетикалық заңдылықтарға сүйенсе, бұндағы дыбыстар жіктелісі
ажырау нәтижесінде пайда болған. Демек, барлық дыбыстардың типологиялық классификациясы үш
жолмен жіктелген. Бірінші дыбыс алмасулары арқылы, екінші дыбыс сәйкестіктері арқылы, үшіншісі
ажырау нәтижесінде.
Түркі тілдерінің батыс хұн бұтағының бұлғар тобының дауыстыларының ішіндегі о дыбысының
уо дифтонгы арқылы айтылатыны зерттеулерде айтылып жүр.
о/ө ˃у/ү: бұлғар тіліндегі вут – от, куөк – көк деген мысалдар о және ө дыбыстарының дифтонг
екенінен хабар береді. Демек, кей түркі тілдерінде у, о, ө дауысты дыбыстарының жіктелісі
болғандығын көреміз. Түркі тілдерінде уот, уорұн деген сөздерді айтқанда олардың алдында в (v)
дыбысы айтылғанын да вурун-орын, вун/вон-он деген сөздер дәлел бола алады.
Чуваш тілінде де у мен о дыбыстарының дифтонгілік сипатын байқауға болады. Н.А. Баскаковтың
«Историко-типологическая фонология тюркских языков» атты еңбегінде мынадай мысалдар дәлел
бола алады [6, 182 с.].
Әзірбайжан тілінде:
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
100
Достарыңызбен бөлісу: |