Орындаған:Ақжігіт Аружан
Тобы:20-05
1.Аксиология және адамгершілік.
Аксиология ( грек , axios - құнды , logos - ілім )- құндылықтардың табиғаты , философиялық тұрғыдан зерттеу саласын айтамыз.Аксиология екі түрлі құндылықты зерттейді этика және эстетика . Этика: жақсылық, ізгілік, туралы . Эстетика: сұлулық ,гармаон туралы.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", "ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
2.Эстетика ілімдерінің тарихи типтері.
Эстетика (грек. aisthetikos - сезіну , сезімдік )- адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып - түсіну заңдылықтары туралы , әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.Эстетиканың жеке философиялық пән ретінде негізін қалаған Александр Готлиб Баумгартен еді . Ол эстетика сөзін 1735 жылы жарияланған поэзия туралы қысқаша трактатында ойлап тапқан болатын .Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын - Мысырда Вавилонда Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған.
3.Құндылықтар теориясының негіздері.Құндылық ұғымы.
Құндылықтар дегенде адам өмірінің бағытын анықтайтын , оған құрмет тұтатын , керек болса , бас иетінің бәрін жатқызуға болады.
Құндылық теориялары :натуралистік психологизм (ДЖ. Дьюн,А. Мейнонг,Р.Перри), трансцендентализм (В.Видельбанд, Г.Риккет), персоналистік онтологизм(М.Шелер), құндылықтардың социологиялық қағидасы (М.Вебер).Құндылық дүниедегі заттардың адам өмірі мен қызметі үшін қаншалықты маңызы бар екендігін көрсетеді . Құндылық заттардың маңыздылығын мәнділігін анықтауда айрықша орын алмақ.
4.Адамгершілік ережелері және құқық ережелері.
Құндылық ұғымы адамгершілік ұғымымен бірге қарастырылады. Адамгершілік мәселесін философияда мораль қарастырады. Мораль (лат. moralis-әдет-ғұрып) – адамдардың өзара және қоғаммен қатынастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын қоғамдық сананың формасы. Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасты. Қоғам әрқашан өз мүшесіне белгілі талаптар қояды. Ол талаптар әрқашан мораль нормаларынан көрінеді.
5.Негізгі этикалық категориялар(парыз,игілік,мән және қажеттілік,ар-ұят,еркіндік).
Этика грек дағды әдет ғұрып адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.Зерттеу обьектісі мораль. Өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.Моральдік құндылықтар адамның ішкі руханиятының ажырамас бөлігі.Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады : теориялық этика ,нормативті этика, эмпириялық этика. Теориялық этика - этиканың негізгі ұғымдарын ,оның зерттеу пәнін ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика - негізгі этикалық категорияларды парыз, игілік ,мән және қажеттілік,ар-ұят, еркіндік қарастырады .Эмпириялық этика- белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
Парыз- әлеуметтік статус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.
Игілік - ырыздықты , рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым .
Мән- дүниедегі обьектілер мен процестердің қажетті жақтарын , танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Қажеттіліктер- жеке адамның ,әлеуметтік топтың , қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық.
Ар-ұят- қоршаған ортаның адамның құқықтарын мойындауы , оның еркіндігін ,әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі , құрметтеуі .
Еркіндік - адамның немесе жеке ұлттың , халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.
6.Адамгершіліктің алтын қағидасы(Конфуций) және бұлжымас императивті (И.Кант)
Адамгершіліктің алтын қағидасы Конфуций және бұлжымас императиві И .Кант . Конфуций (б.з.б 551-479 жж)- Қытай халқының ғұламасы .Адамгершілік ілімі (жэнь).
И. Кант неміс философы Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы ( Өзіндегі де , басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес , сол мақсатын өзі деп таны) .Адам өз тағдырының қожайыны өзі ретінде саралайды . (Адамды әрқашанда мақсат - мұрат тұт, оған ешқашанда құрал ретінде қарама) .Адам үшін ең басты құндылық тіршілік екендігін сараптайды .
Құндылықтар дегенде адам өмірінің бағытын анықтайтын , оған құрмет тұтатын , керек болса , бас иетінің бәрін жатқызуға болады.
Құндылық теориялары :натуралистік психологизм (ДЖ. Дьюн,А. Мейнонг,Р.Перри), трансцендентализм (В.Видельбанд, Г.Риккет), персоналистік онтологизм(М.Шелер), құндылықтардың социологиялық қағидасы (М.Вебер).Құндылық дүниедегі заттардың адам өмірі мен қызметі үшін қаншалықты маңызы бар екендігін көрсетеді . Құндылық заттардың маңыздылығын мәнділігін анықтауда айрықша орын алмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |