Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
106
қатынастарды жинақтаудың нәтижесі ретінде қалыптасады [7, 384]. Философияда стереотип ретінде
«әлеуметтік нысан туралы, көбіне, эмоционалды боямасы басым және жоғары тұрақтылыққа ие
сызбалы, стандартталған бейнені немесе түсінікті» ұғынады [8, 134]. Әлеуметтік стереотиптің атал-
мыш анықтамаларының ұқсастығы оның қандай да бір тұрақты және жеңілдетілген түсінікті білді-
ретіндігінен көрінеді. Зерттеушілер мәселені қарастыру барысында осындай түсініктерді қалыптас-
тыра отырып, әртүрлі пікір білдіреді. Алғашқысында аталмыш түсініктер индивидтің жеке тәжіри-
бесінен туындамайтын болса, екіншісінде олар жеке тәжірибенің, қоғамда қабылданған қарым-қаты-
настардың (кейде бұрыс та болуы мүмкін) нәтижесі болып табылады. Әлеуметтік стереотиптердің
философиялық анықтамасында олардың пайда болуы туралы мәселе қарастырылмайды, тек
эмоционалды боямасы көрсетіледі. Біздің пікірімізше, көрсетілген анықтамаларды толықтай дұрыс
деп қабылдауға болмайды. Әлеуметтік стереотипті тұрақты түсінік ретінде анықтай отырып, адамның
қандай да бір құбылысқа қатысты әлеуметтік шарттардың және әлеуметтік топтың алдыңғы
тәжірибесінің әсерімен қалыптасқан, осы топтың барлық мүшелері бірдей қабылдаған, тұлғаның
әлеуметтенуі барысында меңгерілген қалыпты қарым-қатынасын білдіретіндігін қосамыз.
Таным үдерісінде әлеуметтік стереотиптердің рөлі – екі жақты. Олар адамға қоршаған ортаны тез
бағалауға мүмкіндік бере отырып, жағымды рөл атқаруы мүмкін, осылайша, өзгерген шындыққа
жауап беру уақытын қысқартады және таным үдерісінің қарқынын арттырады. Стереотиптерді
қолдану жағдайды сипаттау үдерісін жеңілдетеді және таным бағытындағы ойлау үдерісін азайтады
[9, 164]. Адам жаңа құбылыстардың көбін дайын стереотиптер призмасы арқылы қабылдайды. Ол
шындықтың ерекше құбылыстарын белгілі, қарапайым құбылыстармен байланыстыруға және осы
негізде қоршаған ортадан жаңа мүмкіндіктер мен қарым-қатынастар табуға тырысады. Өзге сөзбен
айтсақ, бұрыннан бар және белгілі әлеуметтік топ қабылдаған стереотиптік түсініктерге негізделгенде
ғана кез келген жаңа идея түсінікті және дәлелді бола түседі [10, 9]. Осылайша, мысалы,
прагмалингвистикада қарапайым түсініктерді белгілеу үшін қолданылатын сөйлеу стереотиптерін
(сөйлеу бейнесі, прагмалингвистикалық аспект, сөйлеу әрекеті) меңгеру арқылы күрделі
құбылыстарды (сөйлеу әрекетінің маркері, тұлғалық қасиеттердің атрибуциясы, сөйлеу стратегиясы,
мәннің нәзік нюанстары) түсіне алдық, енді прагмалингвистикалық аспектіде мәтіндерді зерттеп
көруге тырысамыз. Санада сезілмейтін стереотиптер сана қызметінің қажетті базасы болып
табылады. Сыртқы ортамен әрекеттестік бойынша стереотиптік дағдылар қалыптасқан сайын сана
өзінің шығармашылық құру және танымдық қызметінде еркінірек бола түседі [11, 43]. Дегенмен,
әлеуметтік стереотиптер таным үдерісінде жағымсыз рөлді де атқаруы мүмкін. Бұл шектеулі ақпарат
жағдайында жүзеге асады, әлеуметтік стереотиптер адамның санасында қоршаған орта туралы қате
түсінік (білім) қалыптастырады, тіптен, мейлінше сызбаланған бейнелер алғашқы, сызбалы,
индивидтің санасында оңай қалыптасатын түсінік бере отырып біліммен қамтыған жағдайда да
әлеуметтік стереотиптердің жағымсыз рөлі жүзеге асады. Жанамалыққа, ескілікке, догматтылыққа
әкелетін өзінің жеңілдетілгендігіне байланысты әлеуметтік стереотиптер білімге деген жолды
бөгейді. Бұл – орташа адамның санасын жаулайтын «жаза секілді». Ол жеке тәжірибенің
шектелгендігімен және жетілмегендігімен сипатталады. Жаппай әлеуметтік стереотиптерге көзсіз
бағыну таным үдерісіне, жаңа, дамыған стереотиптерді анықтауға кедергі келтіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Нурекешова Г.Р., Джумагулова М.Ш., Ташенова Ж.А. Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы
стереотиптер // Молодой ученый. Приложение «Казахстан». – 2015. – №19. – Б.36-41.
2
Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студ. высш. учеб. завдений. – М.: Издательский
центр «Академия», 2001. – 208 с.
3
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М.: Советская энциклопедия, 1968. – 608 с.
4
Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология: учебник для вузов. – М.: Издат. центр «Академия», 2000.
– 512 с.
5
Арутюнян С.М. Нация и ее психологический склад. – Краснодар: Изд-во Краснодар. гос. пед. ун-та, 1966.
– 271 с.
6
Сейдалиева Г.О. Стереотипность в СМИ // «Русский язык в славянской межкультурной коммуникации:
история и современность» международная научная конференция. – М., 2016. – С.359-368.
7
Карпенко Л.А. Под общ. ред.: Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Краткий психологический словарь. –
М., 1985. – 384 с.
8
Ядов В.А. Социология в России. – М.: Издательство Института социологии РАН, 1998. – 696 с.
9
Клаус Г. Сила слова, гносеологический и прагматический анализ языка. – М.: Прогресс, 1967. – 216 с.
10
Бойко А.Н. Гендерные аспекты психического здоровья // Вопросы психологии. – 2005. – №1. – С.110-115.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
107
11
Кенжеканова К., Момынова Б. Мәтін және дискурс еpекшелiктеpi // Абай ат. ҚазҰПУ-дің Хабаршысы.
«Филология ғылымдары сериясы» №1(51), 2015. – Б.40-45.
Г.О. Сейдалиева
1
1
Казахский национальный педагогический университет им. Абая,
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |